Файл: Ms access. Деректер базасын басару жйесінде апаратты деуді автоматтандыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырып: MS Access. Деректер базасын басқару жүйесінде ақпаратты өңдеуді автоматтандыру.
Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
· түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (фамилия сы, аты, білімі, адресі, үй телефоны, т.б.);
· факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімдері;
· студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер, т.б.
Оларды сақтаудың көп тараған әдісі — компьютерде деректер қоры түрінде сақтау.
Деректер қоры (ДҚ)— құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл (деректер қорын , кейде берілгендер қорыдеп те атайды). ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни дискілік файл — деректер қоры, оған енгізілетін кесте - ДҚ құрамында сақталушы объект(объект — қасиеттері, өрістері бар, өзімен түрлі әрекеттер орындауға болатын нәрсе, мысалы, кесте). Деректердің байланысты элементтер тобын жазба(не жазу)деп атайды.
Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар: иерархиялық, реляциялық және тораптық.
ИерархиялықДҚ-ында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы, Norton Commander программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т.б.
Реляциялық ДҚ— кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры (relation — қатыс, байланыс), кестелер арасындағы байланыстар - жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. Деректер қорында жазба үшін кесте жолы түсініледі, кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады. Өрістің негізгі ерекшелігі — бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады, мысалы, саңдық не символдық.
Тораптық ДҚ- объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек – жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты.
Бұл — реляциялық деректер қорының Excel-ден негізгі айырмашылығы (Excel-де бір өріс элементтері түрлі типті бола береді және ол тек бір пайдаланушыға ғана арналған, ал реляциялық ДҚ-мен көптеген адамдар жұмыс істей береді). Мұндай ДҚ-да кестелерді байланыстырып, олардың кейбір өрістері арқылы түрлі жаңа кестелер құруға да болады. Мұндай кестелерді сұраныстардеп атайды (сұраныс жөнінде кітаптың 4-тақырыбын қараңыз).
Реляциялық деректер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBASE, FoxBase, FoxPro, Access,т.б. Оларды Деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ)деп атайды.
Алғашқы кездерде қолданылып жүрген dBASE-тің түрлі нұсқалары, FoxPro,т.б. жүйелер әрі программалау тілдері, әрі ДҚБЖ болатын және олар MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін. Программалаудың кіші бизнестік сияқты шағын мекемелерде көп қиындық туғызатыны белгілі. Осы себепті, соңғы жылдары пайдаланушыдан программалауды қажет ете бермейтін Microsoft office (Windows) құра-мына кірістірілген реляциялық ДҚБЖ-лері, оның ішінде Access атаулы жан-жақты мүмкіндікті ДҚБЖ-нің бірнеше нұсқалары жарық көрді: Access 2.0, Access 7.0, Access 97, Access 2000 (access — кіру, еркін ену). Бұлар жұмыс істеуге жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген күрделі программалар.
Access, Excel, Word сияқты күрделі программалар арқылы дайындалған кестелердің ерекшеліктерінің бірі — олар бірінен екіншісіне жеңіл түрде жіберіле және қабылдана алады.
Acces 97 және Access 2000-мен жұмыс тәсілдері шамалас, тек Access 2000-ге қосымша мүмкіндіктер, мысалы, мәзір жолын дайындау; форма мен есептерге стандартты аспаптар панелі мен мәзір жолын кірістіру; дайындалған объектілер жиынын байланыстырып, бір тұрақтыға біріктіру; Access-ті Интернетте пайдалану және т.б. тәсілдер енгізілген. Кітапта Access 97-ні пайдаланудың негіздері сипатталған, онымен жұмыс бөлек болған кезде ғана Access 2000-мен жұмыс істеу жолдары да қосылған. (Access 2000 мазмұны жөнінде кең түрде танысу үшін [22] және т.с.с. әдебиеттерді қараңыз).
Бос деректер қоймасын құру
MS Access іске қосқанда оңжақтан «приступая к работе» есептер аймағы ашылады да оның төменгі бөлігінде Открыть тақырыбындағы бас деректер қоймасын ашу немесе Создать файл арқылы жаңа деректер қоймасын құру ұсынылады.
Создать файл өрісін таңдау Файл-Создать командася сияқты немесе саймандар панелінен Создать батырмасын басу арқылы «Создание файла» есептер аймағын ашуға алып келеді.
MS Access- те кестелер құрмас бұрын ДБ-сын жасалады. ДБ-сын жасаудың екі түрін қарастырайық. Бос деректер қоймасын құрып алып, оған кестелерді, пішімдерді, есептерді, және басқа да объектілерді қосуға болады. Екінші түрі шебердің, яғни MS Access ұсынған ДБ-сын қолдануға болады. «На моем компьютере» екі рет түртсек төмендегі терезе шығады.
Осы терезеде «Новая база данных» белгісіне барып 2 рет шертсек, немесе экранның оң жағынан «Новая база данных» екі түртіп «Файл новой базы данных» терезесіне көшеміз
Файл аты өрісіне ДБ-на «Информатик» деп ат беріп «Создать» түрту керек.
Яғни біз Информатик деген атпен жаңа ДБ-сын құрдық.
MS Access –те кестелер құрудың үш түрі бар:
1)Кесте шеберімен
2)Конструктор көмегімен
3)берілгендерді енгізу арқылы.
Кесте шебері арқылы құру
ДБ-сы терезесінен Кесте шеберін екі рет шерткен кезде төмендегі диалогты терезе көрінеді. Жасайтын кестемізге үлгіден таңдаймыз, кестенің өрістерін таңдай отыра жаңа таблицаға толтырамыз . Өріс үлгісіндегі аттарын өзімізге керегінше өзгерте аламыз. Мысалы суретте «Отчество»-ның орнына «аты» деген сөз енгізуге әрекет етудеміз. Ол үшін Отчество сөзін жаңа кесте жаққа апардық, сосын «переименовать поле» өрісіне шерттік. Сол кездегі шыққан терезешенің «Имя поля» өрісіне аты деген сөзді енгізіп «ок»-ді түртеміз.Осылайша қалауымызша кестенің бағандарын жасап аламыз да кестені сақтаймыз.
Кестені конструктор көмегімен құру.
Жоғарыда айтылған ДБ-сы терезесінен конструктор режимі деген сөйлемді екі рет шертеміз, төмендегі суреттегідей кесте терезесі шығады.
Өріс аты деген бағанға өз керегімізше кестенің бағандары аттарын жазамыз. «Тип данныз» өзі автоматты толтырылып отырылады. Егер типі сәйкес келмесе сол өрістің типі тұрған жерге барып түртсек қара бұрыш тәрізді белгі пайда болады, сол белгіге шертсек тип түрлері шығады, сәйкесін аламыз. Нәтижесінде төмендегідей кесте структурасы алынады. Осы терезені жауып, ат беріп сақтаймыз.
Бекіту сұрақтары:
-
Деректер қоры деген не? -
Деректер қорын басқару қажет пе? -
Реляциялық байланыс деген не?