Файл: Педагогикалы істжірибе кезіндегі студентті жмысы жайында орытындысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Педагогикалық іс-тәжірибе кезіндегі студенттің

жұмысы жайында қорытындысы
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.

Н.Ә.Назарбаев

Әрбір елдің болашағы, қазіргі жастардың қолында, яғни білімді жастардың қолында.

Мен Айтасова Гауһар Айбатқызы Атырау қаласы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектептен 28.11.2022ж.-7.01.2023ж. аралығында педагогикалық практикадан өттім. Іс-тәжірибе 6 «В» сыныбына сынып жетекші және математика пәні мұғалімі болдым. Картешова Маржан Нуржигитовна мектептегі іс-тәжірибе жетекшім болып бекітілді. 6 «В» сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.

6 «В» сыныбының оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым.

Картешова Маржан Нуржигитовна мектептегі іс-тәжірибе жетекшім ретінде маған көп көмегі тиді. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен күзеттім.

Математика пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырыстым.

Тәжірибеші-студенттің қолы: ____________

Ашық пікір
Міне, педагогикалық іс-тәжірибе де аяқталды.

Мен, Айтасова Гауһар Айбатқызы 6 «В» сынып оқушыларымен қоштасамын.

Менің ойымша, оқушылармен жұмыс жасау, яғни оларға білім және тәрбие беру, өмірде әркімнің қолынан келе бермейтін батырлық. Мектепте мұғалім болып жұмыс істеу ең қиын әрі қызық мамандықтардың бірі деп ойлаймын.

Маған ұнағаны, мектептегі іс-тәжірибе жетекшім болған Картешова Маржан апайымның оқушыларға сабақ беру методикасы, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра білуі, оқушыларға білім бере отырып тәрбиелеуі.


Қиын болған сәттер, математика пәнінен оқушылардың сұрағына жауап бере алмай қалам ба, сабақты өзім түсініп тұрған болсам да оқушыларға түсіндіре алмай қалам ба деген қорқыныштар болғаны рас. Бірақ өзіме болған сенімділікті жоғалтпауға тырыстым.

Мен өз мүмкіншілігім мен қабілетімді тексере отырып, яғни университетте алған теориялық білімдерімді іс-тәжірибеде жан-жақты пайдалана алдым деп ойлаймын. 6 «В» сыныбында оқушылардың еңбек, қоғамдық, саяси іздену қабілетерін арттыру үшін әр түрлі педагогикалық әдістерді қолдандым.

Математика – ғылымдар патшасы. Математика – қиын әрі қызықты ғылым. Сондықтан да математикалық білімдерімді әлі де болса нығайту керек.

Болашақ ұстаз ретінде мектептерде оқулықтардың жеткілікті болуын және де оқулықтардағы материалдардан басқа да материалдарды пайдалану қажеттілігі туып отыр деп ойлаймын. Қазіргі таңда барлық мектептерде интернет желісіне қосыла алатындай жағдай жасалған. Интернеттен, математикалық газет-журналдардан қызықты есептерді тауып, олардың шығарылу жолдарын оқушыларға оңай әрі түсінікті тілде жеткізу керек. Мектептерде компьютерлер санын көбейтіп, оқушылардың компьютермен жұмыс жасауына жағдай жасау қажет. Мектептерде мультимедиялық кабинеттер санын арттырып, электронды оқулықтарды қолдану қажет.