Файл: азастан Республикасыны Денсаулы Сатау министрлігі МК Семей аласыны Д.алматаев атындаы мемлекеттік медицина колледжі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау министрлігі

ҚМҚК «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина

колледжі»

Оқу-өндірістік тәжірибе

күнделігі
Пән«Педиатриядағы медбикелік іс»
Мамандық: 0302000 «Мейірбике ісі»

Біліктілігі: 030233 «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Құрастырған білім алушы: Рамазанова Т.Н.

Топ: 4 мейірбике ісі “С”


2015-2016 оқу жылы.

Түсініктеме жазба.

«Педиатриядағы медбикелік іс» пәнінең оқу-өндірістік тәжірибені білімалушылар IY курс YII семестрінде өтеді.

Оқу-өндірістік тәжірибе емдік-алдын алу мекемелерінде өткізіледі.

ОӨТ кезінде білімалушылар тәжірибе сабағында алған дағдыларды жетілдіріп, бекітеді. Науқас балаларды күту, дәрігерге дейінгі көмекті ұйымдастыру, мейірбикелік жоспарды құруын білу керек.

Оқу-өндірістік тәжірибе кезінде білім алушылар емдік мекеменің негізгі медициналық құжаттарымен, оны толтырумен, бұйрықтармен танысу керек.

Оқу-өндірістік тәжірибе кезінде білім алушылар күнделік, сандық есеп толтырады.

Оқу-өндірістік тәжірибенің мақсаты:

«Педиатриядағы медбикелік іс» пәнінең тәжірибе сабағында алған дағдыларды жетілдіру және бекіту. Теориялық білімдерін жетілдіру, мейірбикелік процестін барлық кезендерін ұйымдастырудағы дағдылар мен білімдерін бекіту, сонымен қатар коммуникативті дағдыларды жетілдіру.

«Педиатриядағы медбикелік іс» пәнінең берілген мерзімі 6 күн – 36 сағат.

Аттестацияны білім алушылар медициналық мекемеде немесе Д.Қалматаев атындағы медицина колледжінің «Балалар аурулары» кабинетінде әдістемелік жетекшіге тапсырады.

Тәжірибе өту кестесі



Бөлімдердің аттары

Күн саны

күн















Күнделіктің мазмұны

  1. Күні

  2. Өткізген тәжірибе дағдылардың көлемі мен мазмұны

  3. Сандық есеп

  4. Тәжірибе жетекшісінің ескертуі мен қолы


Санитарлық- ағарту жұмыстардың құралдары




Орындалған тәжірибелік дағдылар тізімі

Саны











Нәрестелер патологиясы бөлімі - 3күн



  1. Көзді тазалау

  2. Жаңа туған баланы БАБЖ бағдарламасы бойынша күту

  3. Кіндік жарасын өңдеу

  4. Антропометрия жүргізу

  5. Жылытқышты және мұзды мұйықты қолдану

  6. Баланың физикалық дамуын БАБЖ бағдарламасы бойынша бағалау

  7. Қасықпен балаларды тамақтандыру

  8. Шала туған баланы зонд арқылы балаларды тамақтандыру

  9. Дене қызуын өлшеу

  10. Оттегіні беру

  11. Антибиотиктерді ерітіп, еңгізу

  12. 1 жасқа дейінгі қыз жіне ұл балалардың зәрін жинау

  13. Пульсті анықтау

  14. Тыныс алуын санау

  15. Мұрынды, құлақты тазалау

  16. Шат аралығын жуу

  17. Жоғары тыныс жолдарынан шырыштарды сорып алу

  18. Шала туған нәрестелерді БАБЖ бағдарламасы бойынша күту

  19. Нәрестені Апгар шкаласы бойынша бағалау

  20. Стоматиттер кезінде ауыз қуысын тазалау

  21. Бақылау өлшеу жүргізу

  22. Науқас балаларды БАБЖ бағдарламасы бойынша жүргізу

  23. Диареямен науқастанған балаларды БАБЖ бағдарламасы бойынша жүргізу


Жедел көмектер:

  1. Гипертермия кезінде көмек көрсету

  2. Құрысып тырысу кезінде көмек көрсету

  3. Асфиксия кезінде көмек көрсету

  4. Құсу кезінде көмек көрсету



Ауруханада - 3күн

  1. Бөлімшенің жұмыстарымен және құжаттарымен танысу

  2. Әр түрлі аурулармен ауырған балаларды күту

  • Тыныс алу жүйесі

  • Асқорыту жүйесі

  • Жүрек қан тамыр жүйесі

  • Бүйрек және зәр шығару жүйесі

  • Қан және қан түзу жүйесі

  • Эндокринді жүйесі

  • Ауру және өмір анамнезін жинау

  • Баланы қарау

  • Пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу

  • Алынған мәліметтерді бағалау

  • Болжам диагноз қою

  • Шағымдарын жинау

  • Лабораториялық зерттеу жоспарын тағайындау

  • Емді жоспарлау

  • Медбикелік істі жоспарлау

  1. Дене қызуын өлшеу, график түрінде жазу

  2. Жүйені құрастыру

  3. Қан қысымын өлшеу

  4. Пульсті санау

  5. Баланы жалпы зәр анализіне дайындау

  6. Зимицкий және Нечипоренко әдістері бойынша зәрді жинау

  7. Қанды биохимиялық зерттеуге алу

  8. Оттегі беру

  9. Пульс және тыныс алуды санау

  10. Оральды регидратацияны жүргізу

  11. Тазарту клизма жүргізу

  12. Асқазанды жуу

  13. Жел шығарғыш түтікшені қою

  14. Энтеробиозға баланың перианальды қатпарларынан қырынды алу

  15. Мұрынға, көзге, құлаққа тамшы тамызу

  16. Антибиотиктерді ерітіп, еңгізу

  17. Инсулин дозасын есептеу

  18. Лихорадка кезінде балалардың жағдайын БАБЖ бағдарламасы бойынша бағалау

  19. Жөтелмен және тыныс алуы қиындалуымен сырқаттанатын балалардың күтіміне аналарын үйрету және кеңес беру (БАБЖ бағдарламасы бойынша)

  20. Анемиямен науқастанған балаларды БАБЖ бағдарламасы бойынша жүргізудегі




Жедел көмектер:

  1. Мұрыннан қан кеткен кезде көмек көрсету

  2. Естен тану кезінде көмек көрсету

  3. Коллапс кезінде көмек көрсету

  4. Стеноздаушы ларингитте жедел көмек көрсету

  5. Құсу кезінде көмек көрсету

  6. Гипергликемиялық, гипогликемиялық комаларда көмек көрсету

  7. Гипертермияда көмек көрсету

  8. Тыныс алу жетіспеушілікте көмек көрсету

  9. Анафилактикалық шок кезінде көмек көрсету





Күні


Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны

Баға

Қолы

Ескерту

28.12.15


7:45-Мен бүгін балалар ауруы пәні бойынша оқу өндірістік тәжірибеден өту үшін ШҚО «Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің» медицина орталығына келідім. Халат,хирургиялық костюм, калпак,бет перде,екінші аяқ киім кидім. Аға мейірбике ГращенкоМарина Александровна бізді қабылдап алып,бөлімдерге бөлді.

8:00-Мен “нерестелер патологиясы ” бөліміне бөліндім.

Мен осы бөлімнің аға мейірбикесі Ахмеджанова Салтанат Қажымұқанқызымен таныстым.Ол кісі осы бөлімшемен таныстырды. Бөлімшемен танысқаннан кейін , аға медбикенің нұсқауы бойынша жұмысымды бастадым.

Сүт беру бөлмесінде жұмыс атқардым Бөлмеге келіп медбикемен және бөлме құрылысымен таныстым.Онда 3 бөлме бар:

1. Қан бөлмесі

2. Ыдыстарды залалсыздандыру бөлмесі

3. Сүт қоспаларын ботқасын дайындау бөлмесі

Одан кейін бөлменің журналдарымен толық танысып шықтым.

- Сигналды журнал

- Балалар тағамын тіркеу журналы

- Тазартуды жүргізу журналы

- Кварц жұмыс істеуін тіркеу журналы

- Кезекшілікті өткізужурналы

- Балалар тағамы журналы

Бөлмелерде:

- Плита

- Ыдыс жуатын орын

- Дымқыл тазалыққа арналған ыдыс

- Шөлмек пен емізікті жууға арналған ыдыс

- Су қайнатуға арналған ыдыс

- Шөлмек пен емізікті жууға арналған ыдыс

- Ыдыстарды кептіруге арналған орын

- Стерильді кептіруге арналған шкаф

8:00-Толық танысып болғаннан кейін жұмысымды күшейтілген тазалық жасаудан бастадым.

10:30-Сосын асханаға барып,дәрігердің тағайындауы бойынша ауру тарихына енгізілген тағамдарды алып келдім.Балалар тағамы журналын қарап,тізім бойынша таратып шықтым.

1. Оразбек Айша 10.12.2015

Ds: Жедел респираторлы вирустық инфекция


Nutrilon қоспасы 100мл

Шөлмек арқылы тамақтандырдым






Күні


Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны

Баға

Қолы

Ескерту




2.Касанбаева Малика 29.11.2015ж

Ds: Орта дәрежелі жедел респираторлы вирустық инфекция

Nutrilon қоспасы 30мл

Қасықпен тамақтандырдым.

Мақсаты: шала туған баланы тамақтандыру.

Көрсеткіштер: сору рефлексі жоқ балалар.

Әзірле: Таза шәй қасық, резенке баллон, дәкелер, резенке қолғап, бет перде, ана сүті бар ыдыс, 40-60°C су құйылған лоток, қауіпсіз жоюға арналған контейнер, дезерітінді мен ыдыс, шүберек.

Іс -әрекет алгоритмі:

1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім.

2. Бет перде кидім.

3. Лотоктағы 60-70°C суға қойып 36-37°C дейін ана сүтін жылыттым.

4. Жөргектеу үстелін дезерітіндімен өндедім, жөргекті салдым.

5. Бас жағын жоғарлатын баланы қырынан жөргектеу үстеліне жатқыздым. Кеудесіне дәкені салдым.

6. Қолымды жылы сумен сабындап жуып, кептірдім, резенке қолғап кидім.

7. Мұрын қуысын тексердім.

8. Кәрі жілік буының сыртына бір неше тамшы тамызып, сүттін жылулығын тексердім.

9. Шәй қасықтың 2/3 бөлігіне сүтті құй, ауызға қасықты апардым. Жоғарыдан төменге бағытында, төмекті ерінге қасықты тигіздім. (бала ауызын ашады). Ауызға қасықты еңгіздім, тілге қасықты тигізіңіз және тілге сүтті құйыңыз.

10. Қасықты жоғарғы ерініне қысып шығарып алдым.

11. Ауызға сүті бар келесі қасықты апардым. Алдыңғы үлесті жұтқанына көз жеткіздім, тілге сүтті құй.

12. Тамақтану аяқтағанда, баланың аузы бос болғанына көз жеткіздім.

13. Баланың ауызын дәкемен сүрт.

14. Кеудесінде жатқан дәкені ал.

15. Бас жағын жоғарлатып баланы оң жақ қырынан жатқыздым.

16. Дәкені қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті дезерітінді бар ыдысқа, ал қасықты ,ыдысты қайнатуға арналған ыдысқа сал.

17. Резенке қолғапты шештім, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым.Қолымды жудым, құрғаттым.





Күні


Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны

Баға

Қолы

Ескерту




3.Кулактин Эмиль 19.12.2015ж

Ds:Гипоксия-ишемиялық энцефалопатия 1 дәреже

Nutrilon қоспасы 100мл

Зонд арқылы тамақтандырдым.

Мақсаты: шала туған баланы тамақтандыру.

Көрсеткіштері: жұту, сору, ему рефлекстері жоқ.

Әзірле: залалсыздандырылған полиэтилен асқазан зонды, 20,0 мл шприц, жылытылған ана сүті бар ыдыс, дәкелер, резенке баллон, пинцет, резенке қолғап, бет перде, 40-60°C су құйылған лоток, лейкопластырь, қауіпсіз жоюға арналған контейнер, дезерітінді мен ыдыс ,шүберек.

Іс -әрекет алгоритмі:

1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім.

2. Бет пердені кидім.

3. Лотоктағы 60-70°C суға қойып 36-37°C дейін ана сүтін жылыттым.

4. Жөргектеу үстелін дезерітіндімен өндедім.

5. Бас жағын жоғарлатып баланы қырынан жөргектеу үстеліне жатқыздым.

6. Қолымды жылы сумен сабындап жуып, кептірдім, резенке қолғап кидім.

7. Мұрын қуысын тексердім, тазарту жүргіздім.

8. Залалсыздандырылған пинцетпен ораушыдан асқазан зондың алдым.

9. Зондпен семсер тәріздес өсік пен кеңсірік аралығын өлшеп, лейкопластырмен белгі салдым. Зондтын канюлясын жаптым.

10. Зонд ұшынан 7-8 см қашықтықта зондты жазатын қауырсынды сияқты алдым. Зондты мұрын қуысы арқылы белгіге дейін асқазанға еңгіздім. (зондты енгізген кезде балада жөтел, цианоз байқалса- зонд тыныс жолдарын енгізілді,онда зонды шығарып , балаға ылғалдандырылған оттегін беру қажет)

11. Шприцке керекті мөлшерде жылы ана сүтін жинадым.

12. Зондтын канюлясын ашып, сүті бар шприцті жалғадым.Сүтті жаймен жибердім.

13. Тамақтандырып болғаннан кейін шприцті зондтан шығарып алдым.

14. Зондты лейкопластырмен баланың бетіне жабыстырдым. 24-48 сағатқа дейін зондты қалдыруға болады.

15. Ауыз қуысынаң 2-3 см қашықтықта оң қолдың 1 және 2 саусақтарымен зондты ұстап, дәкемен зондты шығарып алдым.

16. Бас жағын жоғарылатып, оң жақ қырынан баланы жатқыздым.





Күні


Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны

Баға

Қолы

Ескерту




17. Дәкені, шприцті, зондты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті дезерітінді бар ыдысқа салдым.

18. Резеңке қолғапты шештім, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым.Қолымды жуып, құрғаттым.

Апноэ ұстамасын алдын алу мақсатымен шала туған балаға тамақтану алдында және тамақтанудан кейін оттегі беру қажет:

Мақсаты: ұлпадағы гипоксияны азайту, қанды оттегімен қамтамасыз етуді жақсарту.

Әзірле: Бобров аппараты, дистилденген су немесе 70% спирт, залал/ған мұрын катетер, пинцет, шпатель, дәке, қолғап,вазелин майы,дистилденген су, жабысқыш пластырь, лоток, қайшы, дезерітінді , ветошь, қауіпсіз жоюға арналған контейнер.

Іс -әрекет алгоритмі:

1. Анасына әдістің мақсатын түсіңдірдім, рұқсатын алдым.

2. Қолымды мұқияттап жылы сумен сабындап жуып, сүрттім, резенке қолғапты кидім.

3. Жөргектеу үстелін дезерітіндімен өндеп,жөргек салдым.

4. Бас жағын жоғарлатып баланы жөргектеу үстелені жатқыздым.

5. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындадым:

-таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-40°C дистилденген суды құйдым;

-жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамамыз еттім;

-ұзындығы 60 см артық емес резенке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигіздім.

6. Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзімді жеткіздім. Мұрын жолдарын тазаладым.

7. Катетердің тұтастылығын, сақтау мерзімін тексердім. Залалсыздандырылған қайшымен ыдысын ашып, пинцетпен катетерді алып стерильді лотокқа салдым.

8. Катетерді еңгізетін бөлігінің ұзындығын(құлақ сырғалығының мұрын ұшына дейін анықтап, белгіледім(ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен)

9. Катетердің енгізілетін ұшын 3-5 см қашықтықта жазатын қалам ұшындай ұстадым. Катетердің енгізетін бөлігін натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдадым.

10. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгіздім.






Күні


Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны

Баға

Қолы

Ескерту




11. Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қарадым. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзімді жеткіздім.( тілшектен 1 см төмен)

12. Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына жабсырдым.

13. Енгізілген мұрын катетерінің резенке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырдым.

14. Бобров апппаратының ұзын шыны түтігін резенке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегімен немесе оттегі баллонына жалғастырдым. Оттегін беру жылдамдығын, уақыты реттедім, ауқытты белгіледім. Науқастың мұрынның шырышты қабығын қарадым. Науқастың қал-жағдайын бағаладым.

15. Уақыт өткеннен кейін оттегін беруді тоқтаттым.

16. Дәке арқылы катетерді алдым. Мұрын қуысын қарап, тексердім. Қан тамырларды тарылытатын, дезинфекциялық әсері дәрілік ерітіндіні 2-3 тамшы тамыздым.

17. Катетерді, шпательді, пинцетті, қайшыны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салдым.

18. Резенке қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. Қолымды жуып, кептірдім.
4. Бейсенбекова Айару 26.11.2015ж

Ds:ЖРВИ

Nutrilon қоспасы 10мл

Шөлмек арқылы тамақтандырдым
11:30-Қолымды алгоритм бойынша өңдеп медбике нұсқауымен шөлмектерді өңдедім.

1. 2% ас содасын және сабынды ерітінді даярладым.

2. Шөлмектерді қалған тамақтан босатып, ағынды сумен шайдым.

3. Жанағы дайындаған ерітіндіге 30минутқа салдым.

4. Шөлмектерді ершпен тазалап жуып,ағынды сумен шайқап,торға ауызын төмен қаратып қойдым.

5. Шөлмектерді құрғақ ыстық шкафка 1 сағатқа қойдым.

6. 1сағаттан кейін шөлмектерді шкафтан шығарып, арнайы кастрюлге салып бетін жауып қойдым.

12:00-Aналарға кеңес жүргіздім.

Омырау сүтімен тамақтандырудың маңызын түсіндірдім

  1. Толық тамақтандыру

  2. Жеңіл қорытылады

  3. Инфекциялардан сақтайды





Күні


Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны

Баға

Қолы

Ескерту




  1. Баланың дамуына және эмоциональды қатынасты қамтамасыз етеді

  2. Ананың денсаулығына да маңызы зор

Емізу кезінде баланы дұрыс ұстау бұл өте маңызды болып келеді.

4-3-4 принциптері:

  1. Сәбидің басы мен денесін тік, бір жазықтықта ұстаңыз.

  2. Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек ұшы деңгейінде болуы керек

  3. Сәби денесі анасының денесіне түйістірулі болуы керек іші мен анасының іші түйістіресіз

  4. Анасы тек мойны мен иығына ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отыру керек




  1. Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізіңіз

  2. Сәби аузын барынша ашуын күтіңіз

  3. Емшекті тез сәбидің аузына апарыңыз




  1. Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады

  2. Сәбидің аузы барынша ашық

  3. Астыңғы ерні сыртқа шығыңқы болады

  4. Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстінен көрініп тұруы тиіс

Аналарға сүт безін күтімін жүргізу жайлы кеңес бердім.

Сүт безін күтімін жүргізу:

• Алдымен ана сүт бездерін әрқашан таза ұстауы керек.

• Нәрестені емізер алдында омырауды оз сүтімен сүртіп, емізгеннен кейін жылы сумен жуып, зал.мақтамен тазалап құрғату керек.

• Кеудесін жылы ұстап, суық тиюден алдын алу керек екенін түсіндірдім.

•Егер нәресте омырау ембесе сүттің безінде сүттің қалмауын айттым. Ол үшін омырау безін қолмен сауу керек.

Кеңес жүргізіп болғаннан кейін ОЗБ-ға бикстарды материалдарға арналған мешокқа салып апарып өткізіп,стерильді биксті алып мешокқа салып бөлімге әкелдім.Мешокты ашып заттарды орналастырдым.

Осы және басқа да жұмыстарымды аяқтап аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.





Күні


Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны

Баға

Қолы Ескерту





Сандық есеп



Орындалған тәжірибелік дағдылар тізімі

Саны

1

Қорытынды тазалық жасау

1

2

Тамақ тарату

4

3

Шөлмекпен тамақтандыру

2

4

Қасықпен тамақтандыру

1

5

Зонд арқылы тамақтандыру

1

6

Оттегі жастықшасын беру

2

7

Шөлмек өңдеу

4

8

Аналарға консультация жүргізу

9

9

ОЗБ-ға бару

1

10

Қол өңдеу

6

11

Бет перде ауыстыру

3

12

Қолғап ауыстыру

4







38





Іс -әрекет алгоритмі:

1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім.

2. Крандағы суды ашып, 37-38°C етіп реттедім.

3. Қолымды мұқияттап жылы сумен сабындап жуып, сүрттім, резенке қолғап кидім.

4. Алдыма клеенкадан тігілген алжапқышты алдыма тұттым.

5. Жөргектеу үстелін дезерітіндімен өндедім, жөргек салдым.

6. Баланың құндағын ашып, терісін және тері қыртысын көрдім.

7. Баланы төсектен алып, басын сол білегіме тіреп, санын сол қолдың саусақтарыммен қамтыдым.

8. Қыз баланы алдынан артына қарай жудым.

9. Баланы жөргектің үстіне салдым, сорғытып сүртіп, тері қыртыстарына көңіл бөлдім.

10. Қайнатылған өсімдік майына залалсыздандырылған мақта шаригін малып алып, шаптың тері қыртыстарын сүрттім.