Файл: Полковник Байтрсыновты ісін кімге береміз Тергеуші Саытов жайлы естуі бар ма Не айтасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ахметтің аманаты.

Рөлдерде:

Шәкен Ниязбеков

Диктор

Зулфира Ниязбекова

I сахна


Полковник: Байтұрсыновтың ісін кімге береміз? Тергеуші Саңғытов жайлы естуің бар ма? Не айтасың?

Көмекші: Мықты тергеуші деп жатыр. Осы Саңғытовтың өзгеге ұқсамайтын бір қыры бар дейді. Оқиды, бәрін оқиды, тіміскіленіп, бір әріпті назардан қалдырмай үтір, нүктесіне дейін оқиды. Жақында әлдебір ел арасында беделі бар жазушының ісін мойындатты. Бірнеше жылдар бойы қанша тергеу істерінен жалтарып келе жатқан жазушы дейді.

Соның 6 томдық кітабын толық оқып, өз сөзін өзіне қарсы қойып, қылмысын мойындатқан екен.

Саенко: Байтұрсыновтың күллі қазақ еліне беделі бар тұлға. Бұл істе аса сақ болуымыз керек.

Саңғытов: Кітап, газет материалын оқып отырады, сызады, жазады.

Саңғытовтың ойы керек.

Саңғытов: Алашорда үкіметке қарсы ұйым емес, біздің ондай ойымыз мүлдем ойымыз болмаған емес деп суда жүрген балық ұқсап сытыла бердің ғой, Ал,Үкіметке қарсы ұйым болмаса неге жасырын отырыстар жиі болған, өзіңіздің ізбасарларыңызды Германияға, Жапонияға неге жібересіз? Әлде тыңшы дайындайын дедіңіз бе?

Ахмет: Ахметтің жауап береді.

Сахна. Алашорданы құру туралы шешімді көрсету. Алашордашылардың отырысы. Дастархан басында, Ахмет ән айтады домбырамен, ақындар өлең оқиды. Гүлназ.

Әлихан Бөкейхан:

Саңғытов:

Ахмет:

2 сахна

Саңғытов: Аңқау халықтан арамза жолмен пайда табу болған ғой мақсаттарың.

Ахмет: Біздің халықты сауаттандырып жатқан әрекетеміз үкімет саясатына ешқандай қайшы келмейді. Әр халық білім алуға, сауатты болуға құқылы. Ол ешқандай заңда шектемейді. Әділ Дулатұлы

Саңғытов: Қазақ газетнің әрбір саны жарнамаға самсап тұр.

Қазақ газетінің ашылуы. Бай-бағландардың көрінісін көрсетеді. Кинодан тауып, жазу керек. ( Әлімжан)

Ахмет: Ешкімнен қолдау таппаған соң жарнама жасап газетті дамытудың жолын таптық.

Ахмет Байтурсынов: Осыдан –ақ газет деген қайдай керемет дүние екенін көруге болады. Оны шығармақ болғандағы көздегеніміз қазақ арасына өнер, білім жайылуына басшылық ету. Елді жақсылыққа бастап, жаманшылықтан сақтайтын сөз айту.


1- Бай-бағлан: Сонда бір қойға қанша газет шығады?

Ахмет: Бір қой қазір 5 сом. Жылқыныз 25-30 сом. Сонда бір нөмірініз 50 қой.


1- бай-бағлан: Еее, онда оның қиын түгі жоққой.

Шәкірті гойдим: Бұл бір жұмадағы кететін шығын, айына газеттің 4 нөмірі шығатын болса, 200 қой болады.


1 – бай бағлан : Аааа? Сонда 4-еу шығару керекпе?

3-бай-бағлан: Патша жарлық шығарып, мөр басып, ақша бермесе, газет шығару дегенін оңай жұмыс емес.

Ахмет: Ақсақал, өзі тырмыспаған елге патша жарлық та, пұл да шығармайды. Оны өзіңізде білесіз ғой.


3-бай-бағлан: Біз білме, үкімет араласпас, мына отырған 10 –шақтымыздың 5-10 қойымыз неменеге жетеді?

Ахмет: Ә, дегеннен жұмыла жабылып, елге жеткізсек, осы 10 шақты емес, басқа жердегі бары бар ағайындар қарап отырмас. Оның үстіне газеттің саудасы болады. Үнемі сіздерге қол жаймаспыз.

4- бай-бағлан: Бұл өзі рұқсат берген нәрсеме? Баяғы петицияларын сияқты арты құғын-сүргін болып кетпейме? Осы газетсіз де өмір-сүріп келдік қой. Қазір деген заман құбылып тұр, кішкене тұра тұрсаңдар қайтеді.

Ахмет: Сіз, қоя тұрайық дейсіз. Мен сіздерге мынаны айтайын, Америка деген ел бар ең білімді, өнерлі халық. Газет-журнал бәрінен де көп. Былтырғы санақ бойынша 12435 газет-журналы бар.


3-бай-бағлан: Ойпырмай-ааа осының бәріне қой шақ келеме?

Ахмет: Ал Францияда 8940, Германда 8000, Русияда 2058, мына тұрған татардың өзінде 10 шақты газет бар. Бізде біреу де жоқ.

Шәкірті гойдим: Бүгін өнер-білімнен малымызды аясақ, ертең өрге тырмысқан өзге жұрттың алдында, ұрпағымыздың обалына қаламыз.

Ахмет:Осы отырған әр-қайсымыз, мың қойға бәленбай процент салық беріп отырсыздар.

1 – бай бағлан: Соның көбісі заңсыз.

Ахмет: Россияның мужиктары төлемейт тә оны. Газет осының бәріне, халықтың көзін ашу үшін керек.

Аттың дауысы.


4- бай-бағлан: үүй мынау менің атым ғой, тебісіп жатыр ма өзі?

3-бай-бағлан: Менікі сияқты.

3-4 Бай-бағлан киіз-үйден шығып кетеді.

Шәкірті гойдим: Тобааа, бергісі келмеген адамға, тебіскен атта сылтау болады екен ғой.

1 – бай бағлан: Еее, барсын, барсын. Ахмет айналайн. Ертең ел-аралап қолында малы бар адамдармен жолығып, жөнін айтамыз.

Ахмет: Рахмет!

3 сахна

3 сахна

Саңғытов:


Аңқау халықтан арамза жолмен пайда табу болған ғой мақсаттарың?



Ахмет: Біздің халықты сауаттандырып жатқан әрекетеміз үкімет саясатына ешқандай қайшы келмейді. Әр халық білім алуға, сауатты болуға құқылы. Ол ешқандай заңда шектемейді.

Саңғытов: Үкімет сендердің бүлікшіл екендеріңнен хабардар емес..оны әшкерелейтін біз! Яғни, мен! Менің қолымнан ысылып, сыр жасырып кету мүмкін емес! Есіңде болсын, киргиз!

Ахмет: Соқыр тауықтың ауызына түскен тарыдай халыққа әрең жетіп жатқан, ертеңі бір құдайға аян газеттен табыс табасың деуіңіз, саңлақ Саңгытовтың абыройына сын болар..

Саңғытов: Қазақ газетінің әрбір саны жарнамаға самсап тұр.

Ахмет: Жарнама деген..жарлының жансақтауы, адамның ар сақтауы емес пе? Шекесі қызып, оңай табыс табатын адам мен болсам.. Партия ақыны, бұл-бұлы болып, сарнап, мақтау мадақтау айтып..шалқып жүрер едім.. газеттің бір басында бар қазақтың жапырақ үміті жасырынып, жыламсырап тұрған жоқ па?

Саңғытов: Доғар!Жетер, ақылдысымақ ақын! (деп шығып кетеді)

Ахмет пен Бадрисафа арасындағы диалог. Гүлназ

4 сахна


Ахметтің 50 жылдық мерейтойы туралы сұрайды. Неге сізді бәір мақтап қолпаштап кетті. Неге Дмитрий өзі сені ұлт көсемі деп айтты?

50 жылдық мерейтой. Дмитрий мен зиялы қауым өкілі.

Дмитрийдің сөзін жазып алу керек.


Дмитрий Павлович: Сейфуллин жолдас, менің атым профессор Олевков. Маған сөз бере аласыздар ма?

Сейфуллин: Әрине, сізді білеміз ғой, Дмитрий Павлович. Қазір осыдан кейін сізге сөз берейік.

Сейфуллин: Мына кісі әлемге танымал ғалым, лингвист. Ахаң туралы сөз сөйлеуге өз тілегімен ортаға шығып тұр. Бұл кісінің сөйлегені бәрімізге үлкен мәртебе. Өтінем.

Дмитрий Павлович: Жолдастар, сіздерге бір ғана нәрсе айтайын. Мен қазақ халқына әрі қызығам, әрі қызғанам. Сіздерде А.Байтұрсынов дейтін ғаламат ғалым бар. Оны басқалардан ерекшелеп тұратын не екенін білесіздер ме? Ол өзекті, елге тап қазір қажет нәрсемен айналысады. Ол ғылымды ғылым үшін деп жасамайды, шығармаларын әдебиет үшін деп тудырмайды. Оның қазір елге ең керек деп айналысқан шаруасы өздігінен ғылымға, әдебиетке айналады. Сондай қажеттіліктерді өтесем деп жүріп Ахмет Байтұрсынов, сіздерге айтқанда Ахаң, керемет әліппе реформасын жасады. Мен лингвист ғалым ретінде екі қолымды көтеріп айта алам, бұл жазу түркі жұртына, күллі түркі жұртына ортақ қазынаға айналады.


Саңғытов:
Ахмет: маған емес қазақ ұлтына берілген баға деп білемін,

Саңғытов ойланып қалады. Мына щалды байқамаса болмайды екен. Ахметтің сөзі ойын бөліп жібереды. Дауысты жазып алу керек.

Саңытов: Мына шалды байқамаса болмайды екен. Іші бауырыма кіріп, сыр суыртпақтап менің өзіме қарсы айла таппақшы. Не де болса ақылды, алғыр, саналы, байсалды екен.. байқа Саңғытов, сан соқтырып кетпесін, көсем киргиз...(күліп)

Ахметтің сөзі ойын бөліп жібереді.

Ахмет: Балам, балам.. мені совет үкіметінің жауы етіп мойындатып шықсын деп сені де қинап жатыр ма? Тәңір таразысы бір күні теңдік әкеледі..

Саңғытов: Боссың, ертең жалғастырамыз! Жылдам-жылдам шық! Әкетіңдер!

Үйіне барып ойланады үстел басында.

Саңғытов: Балам, балам деді ме?!. Мұндай жылы сөзді естімегелі қашан..тасқерең қоғам, тасжүрек адам, түлкі заман.. Досы түгіл өзіне өлім тілеген жауына да жылылық танытып, мейіріммен қарайтын.. анасынан дара туған неткен дархан жан еді.. ех, пейіліміз бен ниетімізден екен ғой барлығы.. қазақ үшін, ұлты үшін өлімнен де қорықпайтын өжет адам.

Жоқ, жоқ, Саңғытов сен оңай берілме.. не болып кетті, өзімді өзім танымай барамын. Мен оны азаптап, шыбын жанын шырқыратып жатсам да, осынша уақытта менің жүрегіме ұлтқа деген махаббаты сіңіргені ме?.

Ахаң, Ахмет, ұлт көсемі..несі бар, әбден лайық...

Үйіне барып ойланады үстел басында. Монолог Әділ Дулатұлы

5 сахна

Саңғытов: Балам, мына қолжазбаны жұрт көзінен таса жерге жасырып, сақтап қой. Бұл ұлт азаматы, қазақ ұлты үшін қызмет еткен тұлғаның қолжазбасы. Ол ақталар күн келеді. Ақталған уақытта қажетті жеріне апарып тапсыр. Бұл менің саған аманатым.

Бейбіт күн туғанда бұл адамды бүкіл елі сағынады, дәріптейді, ұлт ұстазы деп ұлықтайды..тек, тірісінде біз бағасына жетпей, басынып жатырмыз..жалған айыппен жау етеміз. Ұлым, осы мұраны сақтау арқылы ұрпақтар арасындағы даңғыл жолды жалғайсың.. аманат..(баласын құшақтап иіскейді)

Баласы: Басын изеп тұра берсін.

Жарық. Мектеп кабиенеті. Саңғытовтың баласының ұрпағы сабақ беріп тұрады. Әділ Дулатулы.

Саңғытовтың ұлы: иә, балалар осы мұраны сақтау менің өмірімдегі ең үлкен борыш болды. Бейбіт күн өз батырларын жаңғыртып жатыр. Ұлы елдің ұрпағы екенімізді тәуелсіздік талай дәлелдеді. Осындай көсемдері бар елдің ерлері бақилық болғанмен, рухы , мұрасы , ұлтқа деген махаббаты мәңгілік!

Оқушылар:

(Серікбай Оспанов,

ақын, ғалым

АХАҢА АШЫЛУ)


1-оқушы:

Халқым-ау деген қалпыңды,

Жасырып жанға бөледім.

Ахам-ай, ардақты атыңды,

Атамай қалған жоқ едім.

Табындым саған əрқашан,

Оралар-ау деп нұр – күнмен.

Дір еттім атыңды атасам,

Жүрекпен айтып жүрдім мен...

Қалған жүрек шайлығып,

Шығармай жүрді, ел үнін көп.

Қайқаңдайтынбыз қаймығып,

Айта алмай ана тілім деп.

2-оқушы:

Шындықтың көзін оятып,

Қаһар бар қалай батамыз.

Нағылет айтып қоятын,

Əділет іздеп атамыз.

Ұмытқан емес сені бір,

Отырды елің еске алып.

«Ахаңның əні» деп салып,

Жырыңнан таттым балқаймақ.

Жалғады өлмес сеніммен,

Əніңді айтып айғайлап.

Жаныңды ұққан едім мен,

3-оқушы:

Бүкпеймін сырды бүгін мен.

Көгіндей еттім көгалдың,

Үніңмен мұхит біліммен.

іліммен қайта оралдың,

Шекесін шердің қашайтын.

Шындыққа енді жүгінсем,

Халықпен мəңгі жасайтын –

Əліппем, ана тілім сен!

Əліппем, ана тілім сен!

финал