Файл: М. О.уезов атындаы педагогикалы колледжі кмк шыыс азастан облысты білім басармасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 21
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова» Управление образования Восточно-Казахстанской области | Методическая инструкция СМК МИ-7.5-24-3 Оқу-әдістемелік кешенді құрастыру туралы әдістемелік нұсқаулық/ Методическая инструкция по оформлению учебно-методического комплекса | Издание /басылым 1/2017 Стр/бет. из |
| Пән: Матемтиканы оқыту әдістемесі Күні: Топ: Бөлім: Математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқыту Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||
| Сабақ тақырыбы | Жүз көлеміндегі, мың көлеміндегі сандарды оқыту | ||
| Сабақ мақсаттары | 100, 1000 көлеміндегі сандардың нөмірленуі туралы білім, білік, дағдылары қалыптасады. Оқыту әдістемесін үйренеді. | ||
| Бағалау критерийлері | 1. 100, 1000 көлеміндегі сандардың нөмірленуін оқытудың міндеттерін біледі; 2. Қолданылатын көрнекіліктерді біледі, жасай алады; 3. 100, 1000 көлеміндегі сандардың нөмірленуін оқытудың әдістемесін біледі; 4. 1-2 сынып оқулықтарымен жұмыс жасай алады. | ||
| Тілдік мақсаттар | Разряд, бірлік, ондық, жүздік, абак, кеспе цифр | ||
| Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. | ||
| Пәнаралық байланыстар | Педагогика | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Презентацияны қолдану | ||
| Бастапқы білім | Білім алушылар мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламасы ұғымдары | ||
| Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 3 мин 5 мин | І. Амандасу. Кезекші мәліметімен танысу, журналға белгі соғу. ІІ. «Өзіме тілек» әдісі. Түрлі-түсті стикерлерге білім алушы өзіне тілек жазып, ұшақ жасап, басқа білім алушыға ұшыру арқылы сол білім алушыға тілегін тілейді. ІІІ. «1 минут» әдісі. Тапсырма: Әр білім алушыға жеке тақырып беріледі. Сол бойынша бір минут әңгіме құрау керек. Бағалау критерийі:
Айтылым, тыңдалым дағдысы дамиды. «Жұдырық» арқылы бағалау. Сұрақтар:
| Интерактивті тақта, өрнектер жазылған таратпа материалдар | ||
Сабақтың ортасы 20 мин 5 мин 7 мин 40 мин | IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 100 көлеміндегі сандар 1-2 сыныпта оқылады, 1-сыныпта толық ондықтар, жүз, ал 2-сыныпта екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйренеді. Тақырыптың міндеттері:
Қолданылатын көрнекіліктер:
«Жүздік» тақырыбында: оқушылар жаңа санау бірлігі – ондықпен және санау жүйесінің ең маңызды ұғымы – разряд ұғымымен танысады; ауызша және жазбаша нөмірлеудің негізін құрайтын екі таңбалы сандардың жасалу, оқылу, жазылу принциптері, сондай – ақ оларды салыстыру қарастырылады. Бұл тақырыпты оқытудың негізгі нәтижесі ретінде: 100-ге дейін санауды, сандарды оқуды, жазуды және толық ондықтармен санауды үйренуді; разряд, разрядтық сандардың қосындысы: бір таңбалы, екі таңбалы сан; бірлік, ондық терминдерін игеруді атауға болады. Мұнда алдымен 10 көлеміндегі сандарды қайталай отырып, жекелеген бірліктерден ондық құралып, толық ондықтармен санайды, яғни 10 бірлік – ондық. Шыбықтарды он-оннан санай отырып, бума жасалады, яғни он бірлік, бір ондық құрайтынын көрсеткеннен кейін, 11-ден 100-ге дейінгі сандардың ондықтар мен бірліктерден құралатыны көрсетіледі. Мысалы:
Кейінгі сан алдыңғы санға бірді қосқанда немесе алдыңғы сан келесі саннан бірді азайтқанда шығатынын қайталап, көрнекілік арқылы көрсету керек.
10 және 1, 1 ондық 1 бірлік немесе он бір, әрі қарата шыбықтарды қосу арқылы 1 ондық және 2 бірлік, 10 және 2 немесе 12 және т.б. сандарды шығарып алуға болады. Әрі қарата разрядтық кестені пайдаланып, зат-сан цифр арасындағы байланысты ескеріп, сәйкестендіру арқылы 100-ге дейінгі сандарды құрылуы, оқылуы, жазылуы көрсетіледі. 1000 көлеміндегі сандар Тақырыпты оқыту міндеттері:
Қолданылатын көрнекіліктер: кластар кестесі, кеспе цифрлар, есепшот, санды талдау сызбасы және т.б. Ойын «Мен қандай сан ойладым?» Шарты: шеңбер бойымен біріңе бірі төмендегідей сұрақтар қойыңдар. 5 ондық 8 бірлік; 4 жүздік 2 ондық, 6 бірлік т.б. Математикалық диктант
Жұптық жұмыс. Оқулықтан 100, 1000 көлеміндегі сандардың нөмірленуіне берілген оқу мақсатын тауып, ҚМЖ жазу. | Интерактивті тақта, презентация, кесте «Математика» пәнінің оқу бағдарламасы, оқу жоспары, Математика оқулығы, ҚМЖ үлгісі | ||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия. «Қол белгісі» Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс. Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды. | |