Добавлен: 06.05.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
Бимырзаева Қымбат Нарботақызы
Астана қаласындағы еңбек мигранттарының әлеуметтік бейімделу мәселелері
(тақырыбында)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«6B03101 - Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы
Астана, 2023
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
_____________ Байғабылов Н.О.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Астана қаласындағы еңбек мигранттарының әлеуметтік бейімделу мәселелері
«6B03101 - Әлеуметтану» беру бағдарламасы
Орындаған: Бимырзаева Қ.Н.
Ғылыми жетекші: Байғабылов Н.О.
Астана, 2023
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..................................................................................................................5
1.Мигранттарының әлеуметтік бейімделу зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздемесі……………………………………………………….…6
1.1. Миграциялық процестерді зерттеудің ғалымдардың тәжірибелері………8
1.2. Еңбек мигранттар- арнайы әлеуметтік топ .................................................
2. Еңбек мигранттарының әлеуметтік бейімделудің негізгі мәселелері........
2.1. Әлеуметтік бейімделу процесінде еңбек этникалық иммигрантының әлеуметтік портретінің қалыптасуы…………………….
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
Әлеуметтану кафедрасы
«6B03101 - Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы
Бекітемін:
Кафедра меңгерушісі
Н.О.Байғабылов
__________________
«30» қыркүйек 2022 ж.
Дипломдық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА
Студент Бимырзаева Қ.Н., «6B03101 - Әлеуметтану» мамандығы, күндізгі бөлім.
КІРІСПЕ
Халықтың жалпы санына және оның әлеуметтік-экономикалық құрылымына әсер ете отырып, миграция, оның ішінде иммиграция мен эмиграция қоғамның түрін өзгерту факторларының біріне, оның даму перспективаларын бағалаудағы индикаторға айналады. Мысалы, біздің еліміздегі еңбек миграцияның жандануы жұмыссыздықтың сипатына әсер етіп, кейбір жұмысшылардың тапшылығын және артық болуын тудырады. Немесе жұмыс берушілер өз аймақтарының еңбек ресурстарын пайдалану орнына иммигранттардың қызметіне жүгінеді, экономикалық тұрғыдан тиімдірек, себебі жаңа технологияларды дамытудың және оларға мамандар дайындаудың қажеті жоқ. Осы ретте жоғары білікті қызметкерлер шетелге кетеді.
Бұл мәселенің өткірлігі мен күрделілігі айқын. Бірақ миграцияның экономикалық компонентінен басқа, осы процестің әлеуметтік компоненті де маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн. Басқа мемлекеттің шекараларын кесіп өту арқылы мигранттар қабылдаушы қоғамның әлеуметтік құрамын өзгерте алады. Басқа қоғамның және басқа мәдениеттің өкілдері жергілікті халықтың мәдениетіне әсер етеді. Сонымен қатар, қабылдаушы қоғамның әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері мигранттардың мінез-құлқына әсер береді. Жаңа әлеуметтік байланыстарды сәтті құру, жаңа мәдениеттің элементтерін игеру, жаңа жерде өмірді ұйымдастыру және әлеуметтік өзара әрекеттесудің басқа түрлерін құру мигранттар тарапынан жоғары бағаланады. Өз кезегінде, сәтсіз бейімделу қайшылықтардың шиеленісуіне, мигранттардың маргиналдануына, қабылдаушы қоғамның мигранттарды кінәлауына әкеледі.
1.Дипломдық жұмыстың өзектілігі.
Еңбек мигранты БҰҰ конвенциясы түсінігінде ақылы еңбекпен айналысып жүрген, яғни қоныстанған мемлекеттің азаматы саналмайтын тұлға. Осы мигранттардың өмір сүріп жатқан мемлекеттеріндегі әлеуметтік бейімделіп кетуі өте маңызды. Қазақстанның әлеуметтік шынайылығында Астана қаласында аталған мәселе төңірегінде өзіндік ерекшеліктер бар. Еңбек мигранттары қоғамда шиеленістерді тудырмау үшін, өзіндік әлеуметтік рөлдерін дұрыс атқаруы қажет. Әлеуметтік бейімделу барысында әсер етуші әр деңгейдегі сыртқы және ішкі факторлар әлеуметтанулық тұрғыда жіті қаралуы керек деп санаймыз.
Объектісі: Астана қаласындағы еңбек мигранттары.
Пәні: Астана қаласындағы еңбек мигранттарының әлеуметтік бейімделуі.
Мақсаты: Еңбек мигранттың әлеуметтік портретін әзірлеу. Астана қаласындағы еңбек мигранттарының әлеуметтік бейімделуін және қай қызмет салаға көбірек сұраныс бар екенін білу. Олардың бейімделу процесінде туындаған мәселелерін табу, еліміздің экономикаға қосқан үлесін бағалау.
Міндеті:
Миграцияның жалпы теориялық мәселелерін қарастыру.
Еңбек мигранттың әлеуметтанулық портретін әзірлеу.
Миграцияның қарқындылығына әсер ететін маңызды факторлар қарастыру.
Гипотеза:
Адамдарды өз елінен кетуге мәжбүр ететін негізгі себептердің бірі-жалақының төмен деңгейі.
Мигранттардың әлеуметтік бейімделуінің табыстылығы жинақталған әлеуметтік қабілеті мен капиталына тәуелді.
Зерттеу әдісі: Тереңдетілген сұхбат, екіреттік талдау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1. Миграциялық процестерді зерттеудің ғалымдардың тәжірибелері.
Еңбек миграциясы қазіргі қоғамдағы әлі де болса, толығымен зерттеуді және оны реттеудің жолдары мен механизмдерін жетілдіруді қажет ететін маңызды мәселе болып отыр.
Жалпы миграциялық процестерді зерттеуші ғалымдар қатарына батыс әлеуметтану классиктерінің Э.Д.Равенштейннің, С.Кастелсің, О.Старктың, М.Бойдтың, У.Томастың, Ф.Знанецкийдің, Р.Парктің, Э.Берджестің, Р.Маккензидің, В.Зомбарттың еңбектерін атауға болады.
Миграция мәселесінің кейбір әлеуметтік-экономикалық аспектілерін ресей ғалымдары Т.Н.Юдин, Л.Л.Рыбаковский, И.Н. Молодикова, В.Э.Бойков, М.С.Блинова, В.А.Ионцев, Т.В.Климовалар зерттеген.
Отандық ғалымдар қатарынан М.С.Садырова, Е.Ю.Садовская, А.Т.Забирова, М.М.Байкенова, Н.Н.Королькова, Р.Елмырзаева, М.А.Ақшалов және М.Б.Татимовтарды көруге болады.
Миграциялық процесте әртүрлі теориялық концепциялар шеңберінде зерттелуде. Миграциялық процестерді зерттеудің негізін ағылшын ғалымы Э.Равенштейн салды. Ол Ұлыбритания мен Солтүстік Америкадағы миграцияны зерттеу нәтижесінде он бір миграциялық заңды қалыптастырды:
-
Көбіне миграция қысқа арақашықтықта жүзеге асырылады; -
Миграция біртіндеп, қадамнан қадамға жүзеге асырылады; -
Алыс арақашықтықта жүзеге асырылатын миграция негізінен ісі сауда және өндірістік орталықтарға бағытталған ; -
Әрбір миграциялық ағымның өзіне сәйкес қарсы ағымы болады; -
Ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда миграциялық тұрғыдан алғанда белсендірек; -
Ішкі миграцияда әйелдер белсенді болса, халықаралық миграцияға ерлер белсенді; -
Мигранттардың басым көпшілігі ересек тұрғындар, отбасылар өз елінің шеңберінен сирек шығады; -
Ірі қалалардың өсуі халықтың табиғи өсуіне қарағанда миграция арқылы негізделген; -
Миграция көлемі өндірістің, сауданың, транспорттың дамуына қаай өседі; -
Ауылдық жерден шыққан мигранттардың көпшілігі ірі өндірістік және сауда орталықтарына бағытталған; -
Миграцияның экономикалық себептері анықтаушы болып табылады.
Э.Равенштейн теориясының негізінде миграцияның көптеген теориялары қалыптасты.
Меркантилизм тұрғындардың халықаралық миграциясын зерттейтін батыстық ғылыми бағыттардың бірі. Бұл теорияның басты сипаты халыктың санының өсуі, мемлекеттің гүлденуінің және қуатының негізі деп саналғандықтан, шетелдік жұмыс күшін пайдалану, өз азаматтарының эмиграциясына шек қою болып табылады. Неоклассикалық экономикалық макродеңгейдегі теорияларға сәйкес миграция жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың географиялық ерекшеліктерінен туындайды.
Жұмыс күшіне деген сұранысы үлкен аймақтар төмен жалақыға ие болса, жұмыс күшіне деген сұранысы шектеулі жалақының жоғары мөлшерімен сипатталады. Халықаралық миграцияның көлемі мигранттың шығу мекеніндегі жалақысы мен кіру мекеніндегі күтілетін жалақы көлемінің алшақтық деңгейіне байланысты болады. Жалақыдағы алшақтық жұшысшыларды жалақы төмен төленетін аймақтардан жалақы жоғары төленетін аймақтарға қоныс аударуына мәжбүр етеді. Неоклассикалық экономикалық микродеңгейдегі теориялар бойынша жұмыскердің өзінің жұмыс бастылығынан максималды табыс табуға ұмтылады. Бірақ ол үшін адам көшіп-қонуға, жұмыс табуға, жаңа тілді меңгеруге және т.б. шығындар шығаруы керек. Жеке таңдаудың макроэкономикалық теорияларына сәйкес, индивидтер көшіп-қонудағы мүмкін болатын шығындар мен пайдаларды салыстыра отырып рационалдық талдау жасайды. Олар миграциядан таза пайда әкелетін елді іздейді. Миграция бұл тұрғыда мигранттың адам капиталына инвестиция ретінде сипатталады. Егер мигранттың адам капиталы жоғары болса, оған жұмыс табу және жақсы орналасу мүмкіндігі жоғары. Серпін және тарту теориясы бойынша миграцияның себептері серпін мен тартудың жиынтық факторларына байланысты. Серпін себептері ретінде бағаның төмендігі, өмір сүру деңгейінің төмендігі, төмен экономикалық мүмкіндектер, саяси қуғын сүргін, құрылымдық жұмыссыздық көрсетіледі. Тарту факторларына жұмыс күшіне деген сұраныс, жұмысбастылық, экономикалық мүмкіндіктер, жердің құнарлығы, жоғары жалақы, саясм бостандық жатады. Бұл теориялар миграциялық процестердің нақты себептерін түсіндіруге қабілетсіз теориялар ретінде сынға алынады.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары тарихи құрылымдау теориясы қалыптасты. С.Кастельс еуропалық миграцияны талдауға арналған еңбектерінде мигранттардың қозғалысының айрықша траекториялары жаһандағы және ұлттық экономикалық жүйелер шектерінде орналасты.