Файл: Блім Азаматты жне патриотизм Педагогті Т. А.. (боланжадайда).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.05.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: | Азаматтық және патриотизм |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | Мауленов А |
Күні: | 28.11.22 |
Сынып:8 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | Біз-біртұтас халықпыз! |
Сабақтыңмақсаты | Оқушыларға сүйіспеншілік ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. |
Құндылықтарды дарыту | сүйіспеншілік ұғымының адам өміріндегі мәнін түсіндіру және сүйіспеншілік қарым-қатынасты дамыту; |
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | ІҰйымдастыру кезеңі. ІІ. Кіріспе. Еркіндігін еншілеп, егемендік тізгінін қолына алған мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын көгінде желбіреткеніне де міне, биыл 27 жыл толып отыр! Біздің Отанымыз - Егеменді, Тәуелсіз, Қазақ мемлекеті. Қазіргі күнде мемлекетіміздің дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттермен терезесі тең. Ешкімге жалтақтап жатқанымыз жоқ.Осынау жылдар ішінде елімізді ғаламға танытқан көптеген игі істер атқарылуда. Қазақстанның көк аспанында көк туымыз желбіреп, Қазақстан деген елдің бар екенін әлем жұртшылығы мойындағалы қашан. Бүгінгі таңда әлем назарын өзіне аударып отырған қазақ елінің әр күні, айы, жылы жағымды жаңалықтарға толы. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» . | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер 1.Өзін-өзі тану оқулығы.2.Халық ауыз әдебиетінен алынған аңыз топтамалары.Қазақ әндерінің жинағы |
Сабақтың ортасы | 1.Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс) Отбасымда ең сыйлы ______________________ Ең қымбатты ____________________________ Ең ақылды _____________________________ Ең сүйкімді ______________________________ Ең құрметті ______________________________ Ең құнды ______________________________ Ең бағалы _____________________________ Ең қажетті ________________________________ 2. «Сөз асылы – мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та - бала. Осы бала бағбаны кімдер? Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашан да ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады; І. «Сан саяхат» Оқушыларға: 1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе? 2. Төрт түліктің пірлерін ата? 3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат) 4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба? (Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.) 5.Бес қаруды ата ( Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта) 3. « Жалғасын тап» 1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме) 2. Күлме досыңа…………(келер басыңа) 3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды) 4. Әдепті бала арлы бала....(әдепсіз бала сорлы бала) 5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің) 6. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар) 7. Ана сүтін ақтамағанды… (ешкім жақтамайды.) 8. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без ) 9. Қарағайға қарап тал өсер…... (қатарына қарап бала өсер) 10. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар) 4. Постер қорғау: 3,5,7 сандарына байланысты | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Мұғалімнің қорытынды сөзі: Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Бірігіп «Достық» әнін орындау. Кері байланыс Қиын болды… Бүгін мен білдім… Қызықты болды… Үйге тапсырма«Біз-біртұтас халықпыз!» | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект ustaz.kz›materials/word/tarbie…birtutas…birtuta |