Файл: Таырыбы Мен жне мені отбасым.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Түркістан қаласы «Береке Болашақ мектебі» ЖШС

 

 

 

 

   Тақырыбы:

 

«Мен және менің отбасым»

 

                                        Өткізген: дене шынықтыру пәні

мұғалімі Е.Қ.Сапарбаев

 

 

 

 

 


 

                                                                                     

Түркістан- 2022 жыл

  


«БЕКІТЕМІН»

«Береке Болашақ мектебі» ЖШС директоры

________________Б.Д.Даулетбекова

 
«Мен және менің отбасым » 

 отбасылық спорттық сайысын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жарыстың мақсаты:

 Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және бұқаралық спортты

дамыту жөніндегі 2020 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы Қаулысын жүзеге асыру.

-      Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

-       Спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

 - Спорттық деңгейлерін жетілдіруге жағдай жасау.
2.      Жарысқа басшылық ету

 

Жарыс бекітілген ережеге сәйкес өткізіледі. Жалпы басшылықты бастауыш сынып пәндері бірлестігі жүзеге асырады. Жарысты өткізу дене шынықтыру пәні мұғаліміне жүктеледі.

3. Жарыстың өтетін орны және мерзімі

Жарыс 2022 жылдың  25 қараша күні мектептмектептің спорт залында өтеді. 4.Жарыстың өткізілу тәртібі, бағдарламасы

Жарысқа  қатысатын әр сыныптан топ құрамы ата-анасы және баласы немесе қызы,  спорттық ойын ережелері бойынша қатысушыларға арнайы киім және топтың атына сай төсбелгілері (эмблема) болуы керек.

5. Марапаттау

Жүлделі орын алған топтар және жеке номинацияға ие болған қатысушылар жүлде қорымен және дипломымен марапатталады. Ұпайлары сынып есебіне жазылады.

Тақырыбы:   «Мен және менің отбасым»

Жарыстың мақсаты мен міндеттері:

1.Отбасы мүшелерінің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін,

шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.

2.Оқушыларды отбасымен бірге жарысқа қатыстыра отырып, олардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.


3.Салауатты өмір салтын насихаттау.

4. Спорттық дайындығы жоғары жеңімпаз топты анықтау.
Қолданылатын құралдар:  секіргіш жіптер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс,  гимнастикалық төсеніш, таяқшалар, ысқырғыш, уақыт өлшегіш, қапшықтар, дипломдар, сыйлықтар, плакатқа жазылған нақыл сөздер.т.б.

Сайыстың барысы: Спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.

Өтетін орны: мектептің спорт залы

Өтетін уақыты: 25.11.2022 жыл, сағ: 1140

Топтардың киім түстері:

  1. 0 «А» сыныбы атынан шыққан топ -ақ түсті футболка;

2.   1 «А» сыныбы атынан шыққан топ - қызыл түсті футболка;

3.    1 «Ә» сыныбы атынан шыққан топ - көк түсті футболка;

4.    1 «Б» сыныбы атынан шыққан топ -сары түсті футболка .
Марапаттау: Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Өткізетін: Сапарбаев Е.Қ.

Өтілу барысы: Залда ән ойналып тұрады.

Жүргізуші: Жоспары: 1.  Сапқа тұрғызу;   2. ҚР әнұранын ойнату;

Жүргізуші:     

Жиналып сәтті күні бәрімізде, үлкен – кіші, жасымыз, кәрімізде.

Төрлетіндер қадірменді қонақтарым,гГүл – гүл жайнап біздің мына төрімізге.

Береке де осында, мереке де осында, Болып жатыр той – думан, қырандардың қасында.

 

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін бастауыш сыныптар арасында «Мен және менің отбасым» атты отбасылық спорттық сайыс өткелі тұр. Денсаулықты сақтау үшін дененің қимыл-қозғалыста болуы қажет . Осы мақсатта ата-аналармен бірлесе отбасылық спорттық сайыс өткізгелі отырмыз.

Құрметті қауым! Сіздер «Мен және менің отбасым» атты сыныптар арасындағы спорттық  сайысты тамашалауға қош келдіңіздер. Атам қазақ «Бала – бауыр еті», «Спорт – денсаулық кепілі», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Болашақ баланың жақсы болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық және салауатты өмір салтына тәрбиелеуге тікелей байланысты.

  Отбасылар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер – күші жалындап,



                                 Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.

                                 «Спорт» десе таза біздің арымыз,

                                  Сайысатын отбасыларды бүгінгі

Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.

бүгінгі  «Мен және менің отбасым» сайысына  төрт  топ қатысқалы отыр.

Ортаға сайысқа түскелі тұрған төрт отбасын  шақырайық:

№1 топ:  0 «А» сыныбы атынан топ - «Жігер»;

№2 топ    1 «А» сыныбы атынан топ - «Намыс»;

  №3 топ  1 «Ә» сыныбы атынан топ - «Қыран» ;

№4 топ 1 «Б» сыныбы атынан топ - «Сұңқар».

  1. Спорттық киімдеріне, төсбелгісіне байланысты  5, 4, 3  ұпай беруге

рұқсат.

2.     Дұрыс орындамаған спортшылардың ұпайларын кеміту.

3.     Ұпай беру ережесі:

1 – ші келген топқа – 5 ұпай

2 – ші келген топқа – 4 ұпай

3 – ші келген топқа – 3 ұпай

4 – ші келген топқа – 3 ұпай
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» 

Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз,

«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Директор – Б.Д.Даулетбекова

  2. Директордың оқу тәрбие ісі жқніндегі оынбасары Э.А.Иманбекова;

  3. Медбике Ж.Ж.Сыздықбаева

  4. Хатшы ҒҚҚ.Кайбылдаева



Жүргізуші:  «Мен және менің отбасым»  атты спорттық ойынымыз  11 сайыстан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ өздерінің топ атымен, төсбелгін және ұрандарын таныстырып өтеді.

Жүргізуші: Құрметті  жарысқа түскелі тұрған  бәсекелестер,  отбасылар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! 

 

Сайыстың ережесімен таныстырып өтейін:

 

1. «Менің отбасым». Таныстыру

2.Допты кедергілерден алып жүру;

3.Секіргішпен жүгіру;

4.Допты арқамен қысып жүріп өту. (Әке мен ана бір – біріне арқаларын қаратып орналасады екі араға шар қойылып, сол шарды жерге түсірмей алып келу);

5.Кенгуру (допты екі аяқ арасына қысып секіріп келу);

6.Қаппен жүгіру (әр топтан бір ойыншы қапты киіп белгілі жерге дейін барып шешіп кейін қарай жүгіріп келіп келесі ойыншыға береді);

7.Суды қасықпен тасу;

8. Эстафета (Таяқшаны бір топ мүшесі алып жүреді, мәреге жетіп кейін қайтып келіп екінші топ мүшесін алып кетеді, мәреге қалдырып келесі топ мүшесінде озімен бірге алып барлық отбасы жиналып бірге өз орнына жетуі);


9. . Дастарқан (дастарқан басында отыру тәртібі. Кеглиде әр отбасы мүшелерінің атары берілген. Сол отбасыларын рет –ретімен орналастыру);

10. Арқан тартыс ( отбасы  мүшелері арқан бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер отбасы мүшелері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі).

11.Қызықты сұрақтар:

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы не?

5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып оқиды?

10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?

11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
Жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай. – дей келе жарысқа қатысушыларға сәт – сапар тілей отырып, спорттық жарыстардағы өнерін тамашалайық.

Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күн дайын.

Ал, кәнекей Спортшылар,

Босқа қарап тұрмандар.

Бастап өнер сайысын,

Алыстарға самғаңдар.

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп.

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту

Бағалау парағы

Сайыс түрі

0 «А»-«Жігер»


1 «А»- «Намыс»


1 »Ә»- «Қыран»


1 «Б»-«Сұңқар»

Орын:


1. «Менің отбасым». Таныстыру
















2.Допты кедергілерден алып жүру
















3.Секіргішпен жүгіру
















4.Допты арқамен қысып жүріп өту
















5.Кенгуру
















6.Қаппен жүгіру 
















7.Суды қасықпен тасу
















8. Эстафета
















9. Дастарқан
















10. Арқан тартыс
















11.


















9. «Дастарқан».

Шарты: Дастарқан басында отыру тәртібі. Кеглиде әр отбасы мүшелерінің атары берілген. Сол отбасыларын рет –ретімен орналастыру. Үстелде №1 кім отырады (атасы, әкесі), № 2 кім отырады (ағайындары, ағалары, ұлдары), № 3 кім отырады (анасы, келіні), № 4 сан – қонақ (құда-құдағи, нағашы, жиен, бөле т.б) қонақтан кейін немесе қонақ келмесе тұрмыс құрмаған қыз отырады, №5 сол үйдің немесе әулеттің қыз-күйеулері, №6 табалдырық, №7 санының қасиеті - дастархан, ондағы ұлы тағам-ас

  

Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.

Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беру.

Құттықтау.

Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.

Жүргізуші:

Құрметті отбасымыз!

Бір тілек айтарымыз,

Берекелі заман болсын,

Шәкіртеріміз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан  астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «Мен және менің отбасым» жарысын,

Осымен аяқтаймыз!

Рахмет.

 

Бағалау парағы: