Файл: Оуа штар мектеп жобасы 20212022 оу жылы Тараз аласы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының

білім бөлімінің Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бекітемін»

Мектеп-гимназия директоры

­ ________________ Төлеу С.Е

«___» __________ 2021ж

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

2021-2022 оқу жылы

Тараз қаласы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

Жобаның өзектілігі:

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында электронды дәуірдегі дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөліне тоқталып, мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалатып, толықтырудың аса маңызды міндет екендігін атап өтті. Президент өз сөзінде: «Қазір бұл кітапханалардың қоры ескірген әрі жұтаң. Әсіресе, көркем туындылар мен тартымды әдебиеттер тапшы. Қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер өте аз немесе мүлдем жоқ. Оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді. Оқу мәдениетін арттыру мәселесін кешенді түрде шешу үшін тілдік пәндер мен әдебиеттің оқу бағдарламаларын қайта қарау керек»,-деді. Білім және ғылым министрлігіне осы мәселелермен мұқият айналысуды және нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Білім берудің барлық деңгейлеріндегі тәрбие мен оқыту жүйесі біріңғай идеологиялық және құндылық тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмысы барлық мүдделі талаптарды: отбасын, білім беру ұйымы мен қоғамды кеңінен тарта отырып, кешенді түрде жүргізілуі тиіс.

Жоба аясында түрлі шаралар, кездесулер, пікірталастар арқылы, ата-аналар қоғамдастығын тартып, әдеби кітаптар оқуға, әлемді тануға деген қызығушылықты қалыптастыру.

Жас ұрпақтың білімі мен мәдениетін, кітап оқуға деген құштарлығын дамыту үшін мектеп кітапханаларының атқаратын жұмысы өте ауқымды болып келеді, осы жоба аясында кітапханалар білім алушыларға кітап оқуды насихаттап, көзі ашық, парасатты, білікті тұлға қалыптастыруға байланысты жұмыстар жүргізеді.

Мақсаты:

  • Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, оқу мәртебесін, оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту (көркем шығармаларды оқуды насихаттау, сонымен бірге жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру).

Міндеттері:

  • Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігін дамыту;

  • Мектеп оқушыларының оқырман белсенділігі және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған өзара байланысты жоба жүйесін қалыптастыру;

  • Отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту;

  • Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын дамыту.


Жобадан күтілетін нәтижелер:

  • Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігі артады;

  • Мектеп оқушыларының оқырман белсенділігі және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған жоба жүйесі қалыптасады;

  • Отбасылық кітап оқу дәстүрі жаңғыртылады;

  • Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесі, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығы артады.

Жобаға қатысушылар: Мектеп оқушылары, кітапханашылар, мұғалімдер, мектеп ұжымы.

«Оқуға құштар мектеп» кітап оқуды дәріптеуге арналған жоба бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспары



Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

Күтілетін нәтиже

1

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

Қыркүйек

Елемесова А

Жобаны әзірлеу, талқылау, бекіту

2

«Кітап оқу, рухани бай бол!» танымдық сабақ

Қыркүйек

Сынып жетекшілер

Мектеп оқушылары арасында кітап оқуды танымал ету

3

Оқу сағаттарын өткізу

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

Оқу сағаттарын ұйымдастыру


4

«Өзің оқы да, өзгеге ұсын» кітап алмасу шарасы


Қазан

Сынып жетекшілер

Оқушылардың оқыған қызықты кітаптары жайлы ой бөлісуі және кітап алмасуы

5

«Бір отбасы-бір кітап»

Жыл бойы

Мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті

Кітап оқуды отбасылық құндылыққа айналдыру

6

«Сөз құдыреті» ақын-жазушылармен кездесу

Қараша


Елемесова А

Тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру

7

«Мен туған өлкемді сүйемін»

Қараша

Қазақ тілі мен әдебиті пәні мұғалімдері

Шығармалар, эсселер, өлеңдер байқауы

8

«Ертегілерді өзіміз құрастырамыз»

Желтоқсан

Бастауыш сынып мұғалімдері

Оқушылар өз ойларынан ертегі құрайды

9

«Кітап-білім бұлағы» талқылау сағаттары

Қаңтар

Сынып жетекшілер

Оқушылар оқыған әдеби кітаптарын мұғалімдермен талқылауы

10

«Шетел әдебиеті қазақ тілінде»

Қаңтар

Сынып жетекшілер

Шетелдік авторлардың үздік көркем туындыларының қазақ тіліне аударылған кітаптарымен таныстыру

11

Оқырмандар арасындағы ең көп сұраныстағы кітаптарды анықтау

Ақпан

Сынып жетекшілер

Кітаптарды анықтау

12

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардан сауалнама алу

Ақпан

Сынып жетекшілер

Сауалнама

13

Қаладағы кітапханаларға саяхат

Наурыз

Сынып жетекшілер

Топсеруен

14

23 сәуір-дүниежүзлік кітап күніне арналған кітаптар көрмесі

Сәуір

Кітапханашылар

Кітаптар көрмесін ұйымдастыру және тәрбиелік мәні бар шығармалар тізімімен бөлісу

15

Үздік оқырмандарды анықтау және марапаттау

Мамыр

Елемесова А

Үздік оқырмандарды марапаттау

16

Жоба жұмысының қорытындысын шығару

Мамыр

Тәрбие ісінің меңгерушілері, кітапханашылар

Жобаның тиімді және тиімсіз жақтарын қорытындылап, еспке алу