Файл: Физика жне техника 35 саат 11 сынып Тсінік хат.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Физика және техника

35 сағат 11 сынып

Түсінік хат

Қазіргі кезде мектептерді дамыту бағыттарының бірі - бейінді оқыту болып табылады. Осыған орай жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 11 сыныпта физика пәнін бейінді оқыту мақсатында «Физика және техника» қолданбалы курсының бағдарламасын ұсынамыз. Бағдарлама оқушылардың қызығушылығынан , кәсіптік мүддесінен туындайтын арнайы мақсаттарын ескере отырып дайындалған. Негізінен оқыту мазмұнында «Механика» курсын қайталауға деңгейлік есептер берілген. Техникаға байланысты бу машинасынан бастап зымырандарға дейінгі жетістіктердің даму тарихы, техникалық жаңалықтар, «Электроника» ғасырындағы жетістіктер, бүгінгі техниканың өнертабысы туралы мағлұматтар қамтылған. Семинар сабақтары кіргізілген.

Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек.

Бағдарламаның мақсаты – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс.
Мақсаты:

  • Оқушылар бойынша «Физика және техника» ғылымдарына деген шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, деңгейлік есептерді шығару;

Міндеттері:

- пәнге деген қызығушылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыру;

- оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігіне көз жеткізу;

- негізгі мектепте қалыптасқан ақпаратты кеңейту;

- курс барысында алған білімдерін түрлі жағдайларда қолдану және дамыту;

Физика және техника курсының жоспары

11 «А» сынып (аптасына 1сағ. жылына 35 сағ.)




Өтілетін материал


сағ

мерзімі

қосымша

1

Физика және техника

1

02.09

Теория

2

Көліктегі өнертабыстар

1

09.09

Теория

3

Автомобиль және ұшақ

1

16.09

Теория

4

Жол және орын ауыстыру

1

23.09

Теория

5

Электр транспорттары

1

30.09

Теория

6

Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар

1

07.10

Есеп

7

Жердің жасанды серігі

1

14.10

Теория

8

Шеңбер бойымен қозғалыс

1

21.10

Есеп

9

Механизмдер

1

28.10

Теория

10

Ньютон заңдарына есеп

1

11.11

Есеп

11

Бүкіләлемдік тартылыс заңына есептер

1

18.11

Есеп

12

Реактивті қозғалыс

1

25.11

Теория

13

Үдемелі қозғалыстағы дене импульсіне есептер шығару

1

02.12

Есеп

14

Өрт сөндіруші бранспойт

1

09.12

Теория

15

Дене импульсі

1

16.12

Теория

16

Электр станциясы. Күн батареясы

1

23.12

Теория

17

Электр өрісі. Энергияның айналу және сақталу заңы

1

30.12

Есеп

18

Кеме. Сүңгүір қайық

1

13.01

Теория

19

Бернулли теңдеуі

1

20.01

Есеп

20

Парашют. Ұшақ

1

27.01

Теория

21

Қанаттың көтергіш күші

1

03.02

Есеп

22

Тербеліс. Конденсатор

1

10.02

Теория

23

Техникалық құралдар әлемі

1

17.02

Есеп

24

Толқындар. Телефон. Дыбыс.

1

24.02

Теория

25

Электромагниттік тербелістер

1

03.03

Есеп

26

Радиобайланыс

1

10.03

Теория

27

Атомның құрылысы

1

17.03

Есеп

28

А.Э.С

1

07.04

Теория

29

Атом ядросының құрамы

1

14.04

Есеп

30

Электроника

1

21.04

Теория

31

Техника бүгін және ертең

1

28.04

Есеп

32

Ұлы өнертапқыштар

1

05.05

Теория

33

Техникалық жаңалықтар

1

12.05

Теория

34

Техникалық жаңалықтар

1

19.05

Теория

35

Қайталау сабағы

1

26.05

Теория


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Задачи по физике. Воробьев И.И., Зубков П.И., Кутузова Г.А. и др., М., 1999 г., 370 с.

  2. Задачи по физике Пособие для учащихся 9-11-х классов. Гомонова А.И., Плетюшкин В.А., Погожев В.А., М., 1998 г., 192 с.

  3. Задачи по физике для поступающих в вузы. Бендриков Г.А., Буховцев Б.Б., Керженцев В.В., Мякишев Г.Я., М., 2005 г., 344с.

  4. Задачи по физике с анализом их решения. Савченко Н.Е., М., 2000 г., 320с.

5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы »

6. А.Б.Мәженова. Физика есептерінің жинағы. 9-11 сыныптар

7. Б.Дүйсембаев, Д.Қазақбаева. Физика анықтамалық құрал.

8. Баканина Л. П. и др. Сборник задач по физике: Учебное пособие для углубленного изучения физики в 10-11 класс, М.: Просвещение, 1995.

9. Балаш В. А. Задачи по физике и методы их решения. М.: Просвещение, 1983.

10. Д.Қазақбаева, Ш.Кәрібаева. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру жолдары. Физика және Астрономия, №1, 2006ж.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданының білім бөлімінің «Мектеп- бөбекжай- балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Комплекс школа –ясли-сад» отдела образования Самарского района управления образования Восточно- Казахстанской области

Келісілді: Бекітемін:

Білім бөлімінің басшысының м.а.: Мектеп директоры:

Закирьянова Р. К. Берікұлы Аралбек

_______________ _______________

« __ » _________ 2022 ж. « __ » _________ 2022 ж.

11 а сыныбына арналған

«Физика және техника» элективтік курсының

бағдарламасы

Пән мұғалімі: Манкей Н.

2022 – 2023 оқу жылы

Қаралды әдістемелік бірлестікте

Хаттама № ____ ­­­____ тамыз 2022 жыл

_____Кунафин Е.М. (бірлестік жетекшісі)