Файл: Трбиеші Тасимова . А білім беру саласы Таным йымдастырылан оу ызметі оршаан ортамен таныстыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.10.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбиеші:Тасимова Ә.А
Білім беру саласы « Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Су- тіршілік көзі»
Мақсаты: Балалардың су туралы толық түсініктерін қалыптастыру. Тәжіриебе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру.табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: балалардың сөздік қорын дамыту.
Сөздік жұмыс: иіссіз, түссіз, мөлдір мұз.
Тәрбиелілігі: суды үнемдеуге, ластамауға тәрбиелеу.
Методикалық әдіс – тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын, тәжірибе жасату, топтастыру,венн диаграммасы.
Көрнекіліктер: суреттер(мұз, су, қасық тәжірибеге) слайд, видео.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс - әрекеті | Балалардың іс – әрекеті |
Себептің туғызушылығын ояту кезеңдері Ұйымдастыру-шылық кезеңі Іздену барлау Рефлэксивті түзетуші Сергіту сәті Венн диаграммасы арқылы «не дұрыс, не бұрыс» дидактикалық ойын. Іс – әркетті бағалау кезеңі | - Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біздің оқу іс –әрекетімізге балбақшаның апайлары қатысып отыр. - Ендеше орнымыздан тұрып, апайларға амандасып алайық. - Ал, енді балалар барлығымыз шаттық шеңберіне жиналайық. «Шаттық шеңбері» Күндей жарқырып, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырып, Судай мөлдір, таза көңілмен, Бүгінгі оқу іс –әрекетін бастаймыз.
Дәміде жоқ, түсіде жоқ, пайдаланбас кісі жоқ ол не балалар?
Дұрыс айтасыңдар балалар бізге судың пайдасы өте көп. Қане бәріміз тақтаға назар аударайық? ( су туралы қысқа видео көрсетем)
Айнұр суды ішіп жатыр, суды біз шөлдегенде ішеміз. 2 сурет.
Сурет бойынша жеке- жеке әңгімелетемін.
( сергіту сәті видеомен көрсетіледі) Дидактикалық ойын: Балалармен сурет арқылы « не дұрыс, не бұрыс» ойынын ойнаймыз.
| Балалар онынан тұрып амандасады. Балалар шаттық шеңберіне жиналып, өлең жолдарын бірге қосылып айтады. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Жұмбақ шешеді:
Балалар судың пайдасын тыңдап отырады.
Айнұр мен Гүлназ
Роза апай
мұздың суға айналатынын түсінеді. Балалар сергіту сәтін орындайды. Балалар сурет арқылы не «не дұрыс, не бұрыс» ойынын ойнайды. Балалар жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: судың пайдасын білді. Судың иіссіз, дәмсіз, түссіз білді.
Нені меңгерді: ойын арқылы судың пайдасын мегерді.
Нені орындады: тәжірибе арқылы судың қасиеттерін анықтап, орындады.