ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.10.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
БП Ең үздік өмір сүру стилін көрсетеді
Біздің палата ойын алаңы ретінде әлемдік аренаны таңдайды, себебі біздің еліміздегі өмір сүру салты жеткілікті деңгейде емес екендігі белгілі. Сондықтан біз, әлем бойынша ең үздік ретінде Жапония елінің өмір сүру стилін ұсынамыз. Бұған бірнеше аргументтерді келтіре аламыз:
-
Біріншіден, Жапония – халықтың өмір сүру ұзақтығы бойынша көшбасшы ел саналады. 2021 жылы елдегі жүз жастан асқан қарттар саны – 80 000-нан асты. Қазір Жапонияда орташа өмір сүру ұзақтығы 84,2 жасты құрайды. Салыстыру үшін: Қазақстандағы орташа өмір сүру ұзақтығы 10 жылға кем (72,9 жас). Жапондықтардың өмір сүру ұзақтығына олардың өмір сүру стилі тікелей әсер етеді. -
Жапондықтар дұрыс тамақтануға ерекше көңіл бөледі. Жапондықтардың ас мәзірі негізінен өсімдік тағамдарынан, соя және теңіз өнімдерінен тұрады. Жапондар Батыс елдерінің тұрғындарына қарағанда тұз бен қанты бар сусынды аз тұтынады. -
Олардың ұзақ өмір сүруінің құпиясы тек дұрыс тамақтануда емес. Олардың өмірге деген оптимистік көзқарастарында. Әлемде Жапония сияқты басқа позитивті елді табу қиын. Жапондар өте сыпайы, олар сөйлескен кезде басқа адамды ренжітпеуге тырысады. Жалпы, жапондықтарға адалдық, өтірік айтпау сияқты қасиеттер тән.
-
Жапонияда көп адамдар минималисттік өмір сүру стилін ұстанады. Минималистер деп күйкі тірлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті аз ғана затты тұтынып, дүние-мүлікке мүлде құмартпайтын адамдарды атайды. Олар тұрмыста қолданатын заттарынан барынша құтылуға тырысады. Тек қажеттісін ғана қалдырып, қалғанын қиналмай лақтыра салады. Бұл әдет Жапонияға АҚШ-тан келген. «Apple» компаниясының басшысы Стив Джобс үнемі қара жиде кисе, «Facebook» компаниясын қалаған Марк Цукерберг ылғи сұр көйлекте жүреді. Осылайша азғантай заттарға қанағат қылу жапондықтарға да ежелден тән қасиет.
-
Жапонияда білім берудің де үздік үлгісі қалыптасқан. Әр адамның өзін өзі қадағалауы, қоғам алдындағы жауапкершілік, ортадағы сыйластық қарым-қатынас бастауы – мектеп. Білім жүйесі сырттай қарағанда басқа капиталистік елдердің білім жүйесіне ұқсас болғанмен, мәні мен мазмұнына назар салсақ, көптеген ерекшелігі бар.
Жалпы, жапондар - білімқұмар халық. Білім жинау адамның өмір бойы айналысатын ісі деп есептейді. Сондықтан бұл елде оқушылардың сабақтан қалуы, мектепке кешігіп баруы, мектеп ережесіне бағынбауы жоққа тән. Жапондықтардың балаларға білім беру мен тәрбиелеу стилі өзге елдерге үлгі бола алады. Мәселен, бастауыш мектепте оқу жеңіл, үй тапсырмасы берілмейді. Жапониядағы бастауыш мектептің басты мақсаты – бала бойында мәдениетті адам қасиеттерін қалыптастыру, жалпы білім негіздерімен таныстыру. Оқушылар 4-сыныпқа дейін емтихан тапсырмайды, өз бетімен орындаған шығармашылық жұмыстарын өткізеді. Балаларға қоршаған ортаны сүюге үйрету, әдептілікке тәрбиелеу – бастауыш білім жүйесінің негізгі міндеті. Мектептерде арнайы жабдықталған кабинетте «Отбасы тәрбиесi» деген пән оқытылады. Ал «Қарияларға құрмет» деп аталатын сабақ барысында балалар ақсақалдармен жүздесiп, шаруасына қолғабыс тигiзедi. Оқушылар адамды құрметтеуге, табиғатты аялауға, ортаға зиян келтіретін әрекеттен аулақ болуға тәрбиеленеді. Өзін-өзі ұстай білу, қанағатшылдық, қоғам үшін еңбек ету – басты тәрбие бағыты. Бәрінен маңыздысы – ана тілі. Бірінші сыныптан бастап кокуго (мемлекеттік тіл) пәні міндетті түрде оқытылады. Жапон тілі – барлық пәннің алдында тұрған ең маңызды сабақ. Жапонияда мемлекеттік тіл пәнінің маңызы зор. Барлық пән тек мемлекеттік тілде оқытылады.
Бастауыш мектепте оқушылардың кітапқұмарлығын арттыратын түрлі шаралар өткізіледі. Бұдан бөлек жапон баласы аптасына кем дегенде бір рет мектеп кітапханасына барып, кітап оқуға міндетті. Сондай-ақ аптасына бірнеше мәрте өтетін сыныптағы он минуттық кітап оқу шарасына оқушылар түгел қатысады.
Мектеп формасына қатысты барлығына ортақ талап бар. Балалар мектепке бірдей сөмке ұстайды. Қыз баланың сабаққа бетін, тырнағын, шашын бояп келуі, келте көйлек киюіне тыйым салынған.
Тәрбие мен тәртіп қатар ұштасқан жапон мектебінде оқушылардың мұғалім алдындағы жауапкершілігі жоғары. Мұғалім сыныпқа кіргенде бастауымен оқушылар орындарынан тұрып, ұстазға иіліп амандасады.Содан соң сабақ басталады. Оқушылар әр сабақтың басы мен соңында мұғалімге иіліп, тағзым етеді. Сабақ кезінде басқа нәрсеге алаңдап, мұғалімді тыңдамау үлкенді сыйламаудың нышаны ретінде қабылданады. Жапон балаларының елден ерек тәртіпті екені соншалық, егер мұғалім кенеттен науқастанып, жұмысқа келе алмаса, оқушылар шулап, сабақтан қашпайды, берілген тапсырманы сынып ішінде орындап отыра береді. Жапон мектебінің өзгеге ұқсамайтын тағы бір ерекшелігі, сыныптағы оқушылар құрамы мен мұғалімдер жыл сайын ауысып отырады. Бұл баланың үйреншікті ортада тұйықталып қалмай, жаңа жағдайға бейімделуі үшін керек.
Жапон мектептерінің өзгеге ұқсамайтын тағы бір ерекшелігі, сыныптың, ауланың тазалығына оқушылардың өзі жауапты. Сабақ аяқталған соң оқушылар кезектесіп, сыныпты, дәлізді жуып, тазалайды.
-
Жапондықтар қонақжайлылықпен, мейірімділікпен, құрметпен және мейірімділікпен ерекшеленеді. Олар ешқашан тікелей бас тартпайды, сондықтан барлық сұраулар мен тілектер мұқият қарастырылады, өйткені, сұхбаттасушыны ыңғайсыз жағдайға қоюға болмайды. Жапон тілдеріндегі ең жағымсыз және қиын жағдайларда сіз күлімсіреуді көре аласыз.
-
Қоғамдық жерде сіз шылым шегетіндерге көрмейсіз. Үйде, автокөлікте, кеңседе темекі шегу тек басқалар келісетін болса ғана рұқсат етіледі.
-
Жалпы, жапондар дау-дамайды ұнатпайды. Келіспеушілік туындаса керіскеннен гөрі үнсіз тарқасуды құп көреді. Айтыс-тартыс, өзін ерекшелеп көрсету, өзінікі дұрыс екенін көп сөзбен дәлелдеу жапонға тән қасиет емес.
-
Жапонияда адамның жеке мүддесі үшін емес, ұжым, қоғам үшін еңбек ету дағдысы қалыптасқан. «Бәріміз жұмыла кірісейік» идеясы балабақшадан санаға сіңеді.
-
Балаларды білім, өнер жағынан бір-бірімен жарыстырып, бәсекелес етіп шығару үрдісі байқалмайды. Жапондар әр баланың ми қабілетін ескере отырып, физикалық шама-шарқын негізге алып бағыт беріп, болмысына лайық деңгейде білімге баулиды. Жалпы жапондарға тән қасиет, бала кезде қандай да бір өнер я кәсіп ұнаса, сол жолға түсіп, өмір бойы бір салада қызмет етеді. Ата-анасы баланы көңілі қаламаған іске күштеп итермейтіні содан. Сәбиді балабақшаға да зорлап апармайды. Үлкендердің қарым-қатынасына лайық, жапон баласы тентектік жасамайды. Қоғамдық тәртіпке бағыну, ұлттық тәрбие нормаларына сай әрекет ету қалыпты жағдай.«Бәленшенің баласын қарашы, ал сен итсің» деп, өзгені үлгі етіп, ұл-қызының бойындағы кемшілікті бетіне басып жатқан ата-ана жоқ. Оған қоса жапондар баласы қандай да бір жетістікке жетсе, тіпті сабақты кілең беске оқыса да «менің балам мықты» деп мақтанбайды. Жалпы, өзінің де, бала-шағасының да артықшылығын елге көрсетіп, мақтану жапон болмысына жат. -
Жапонияда ана мен бала денсаулығы, әлеуметтік жағдайы толыққанды болуы үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Баланы үй күтушісі немесе әжесі емес, туған анасы бағуы жапонның ұлттық дәстүріне негізделген ереже. Жапон әйелі қандай қауырт шаруа күтіп тұрса да баланы өзге біреудің қолына қалдырмайды.Жапон әйелдері, сондай-ақ үй тазалығына да өздері жауапты. Кейбір капиталистік елдердегі сияқты үй тазалайтын, ас пісіретін, бала бағатын адам жалдау сияқты көріністер бұл елге тән емес.
-
Жапондықтардың өмір сүру стилінде кешігу деген нәрсе мүлдем құпталмайды.Пойыз, метролар үнемі уақытылы келеді. Егер кешігетін болса арнайы қосымшаларда "1 минутқа кешігеді" деп ескертеді. Метро не пойыз мысалы 10 минутқа кешігетін болса, тұрғындар сәйкесінше жұмысқа кешігеді. Бұл жағдайда тұрғындар метроға кірер алдында оның кешігетіні туралы қағазды алдын ала алып, басшылыққа метро кешіккені туралы құжатты көрсетеді.
Міне, осындай өмір сүру стилінің арқасында Күншығыс елі әлемдегі ең дамыған, ең білімді,еңбекқор елдің қатарында. Көріп отырғанымыздай, біздің Жапониядан үйренер тұстарымыз өте көп. Өмір сүру стилін өзгертсек, бәлкім, Жапония сияқты алдыңғы қатарлы елдердің санатына көрінуіміз әбден мүмкін.