Файл: Практикум. Деректер базасында іздеу мен сзгілеу бойынша жмыс Оу бадарламасына сйкес оыту масаттары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.10.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Бекітемін: М.М.Амангалиев
Пәні | Информатика | |||||
Бөлім: | Деректер базасы | |||||
Педагогтің аты-жөні | Бекбулатова А.К. | |||||
Күні: | 19.12.2022 | |||||
Сынып: 9ә, 9б | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Практикум. Деректер базасында іздеу мен сүзгілеу бойынша жұмыс | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау; 9.2.2.3 деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеуді жүзеге асыру | |||||
Сабақтың мақсаты | мәліметтерді іздеуді, сұрыптауды және сүзгілеуді жүзеге асыру | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Ұйымдастыру Кезеңі Қызығушылықты ояту 8 мин | Ұйымдастыру кезеңі. • Сәлемдесу • оқушыларды сабаққа даярлау. • оқушыларды тексеру Колоборотивті ортаны құру (К)Сұрақтар қою: Деректер базасында өріс және жазба дегеніміз не? Осы екі түсінікті алмастыра аламыз ба? Неліктен алмастыра алмаймыз? Деректер базасы және оларды қолдану салаларына мысалдар келтіріңіз. Оқушыларға сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін талқылап және нәтижені болжауға шақырыныз. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер | ||
Сабақтың ортасы Жаңа сабақ 30 мин | Ақпарат іздеудің әдістері (Т) Оқушыларға өздерін үлкен көлемдегі мәліметтермен жұмыс істейтін мамандар ретінде елестетулерін сұраңыз. Оларға қысқа уақытта сол мәліметтердің арасынан қажетті ақпаратты табу керек. Қандай параметрлермен немесе сипаттамалардың көмегімен оны жүзеге асыра алады? Талқылауға сұрақтар Ұсынған ситуацияларды талқылаған кезде қағаз нұсқасына қарағанда электронды МҚ артықшылықтары көп екеніне назар аудартыңыз. (Ұ, М) Мәліметтерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеу бойынша МҚБЖ негізгі мүмкіндіктерін алдын ала дайындап қойған МҚ көмегімен көрсетіңіз. (Ө, Қ) Жылдам іздеу, сұрыптау мен сүзгілеуді жасау үшін оқушыларға өткен сабақта өздері әзірлеген мәліметтер қорымен жұмыс істеп, өзгерістер енгізуді ұсыныңыз. Мәліметтерді сұрыптау және сүзу (Т) Оқушылардан өткен сабақта мәліметтер қоры кестесіндегі ақпараттарды іздеу қалай жүзеге асырылғанын еске түсіруді сұраңыз. (Ұ) Оқушыларға кестедегі мәліметтерді қандай тәсілдермен сұрыптауға болатыны туралы ойлануды ұсыныңыз. (М, К) Оқушылармен МҚ кестесіндегі мәліметтерді қандай тәсілдермен сүзгілеуге болатыны туралы талқылаңыз. Түрлі типтегі мәліметтер үшін сүзгілеудің де түрлі тәсілдері қолданылатынына назар аудартыңыз. (Ө, Қ) Оқушыларға кестелерде сүзгілеу мен сұрыптаудың үйренген тәсілдерін пайдаланып, тапсырма орындауға мүмкіндік беріңіз. Оқушыларға өз беттерімен орындау үшін тапсырмаларды деңгейлер бойынша дайындау керек. Басталған деректер қорын аяқтап жаға тақырыпты оқу | Дескрипторлар: Бағандар үшін қосынды функциясын дұрыс қолданады Орташа мәнін есептеу үшін қосынды функциясын дұрыс қолданады Сәйкес мәліметтер форматын анықтайды | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | http://videouroki.net/ filecom.php?fileid=98662713 http://www.school9.sakh. com/urok/bd/urok9.html Суреттер Тірек-сызбалар Кесте Карта ҚБ парағы | ||
Сабақтың соңы Қорытынды Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | Кері байланыс Жалғастырыңыз: Маған ... қызықты болды Бұл ... қиындық туғызды Осы ... мені ойландырды | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |