ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.10.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Файлдармен жұмыc
Python көптеген файлдық типтерді қолдайды, бірақ оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: мәтіндік және бинарлы.
Мәтіндік файлдарға cvs, txt, html кеңейтілімі бар файлдар, яғни ақпаратты мәтіндік түрде сақтайтын файлдар жатады.
Бинарлы файлдар - бұл кескіндер, аудио және бейнефайлдар. Файл типіне қарай олармен жұмыс ерекшеленуі мүмкін.
Файлдармен жұмыс кезінде операциялардың белгілі бір ретін сақтау керек:
Файлдарды open() әдісінің көмегімен ашу
Файлды read() әдісінің көмегімен оқу және файлға write() әдісінің көмегімен жазу
Файлды close() әдісінің көмегімен жазу
open(file, mode) |
Файлды ашу және жабу
Файлмен жұмысты бастау үшін оны open()
функциясының көмегімен ашу керек, оның келесідей формалды анықтамасы бар:
Функцияның бірінші параметрі файлға жолды көрсетеді. Файлға жол абсолютті болуы, яғни диск атынан басталуы мүмкін, мысалы, C://somedir/somefile.txt немесе немесе салыстырмалы болуы мүмкін: somedir/somefile.txt
Екінші аргумент - mode файлды ашу режимін анықтайды. Файлды ашудың негізгі 4 режимі бар:
r (Read). Файл оқу үшін ашылады. Егер файл табылмаса, онда FileNotFoundError ерекше жағдайы генерацияланады.
w (Write). Файл жазу үшін ашылады. Егер файл болмаса, ол жаңадан құрылады. Егер ондай файл бұрын болса, онда ол қайтадан құрылып, ішіндегі бұрынғы жазбалары жойылады.
a (Append). Файл өзгертулер енгізу үшін ашылады. Егер файл болмаса, онда ол құрылады. Егер ондай файл бұрыннан бар болса, онда берілгендер оның соңына жазылады.
b (Binary). Бинарлы файлдармен жұмыс істеу үшін қолданылады. Басқа w немесе r режимдерімен бірге қолданылады.
Файл аты жоқ болса, экранда қате шығады
Файлмен жұмысты аяқтау үшін оны міндетті түрде close() әдісімен аяқтау керек.
myfile = open('555.txt', "w") myfile.close() |
1 2 | handle = open(“555.txt") |
Файлға жазу
f = open('555.txt','w') # жазу үшін ашу
f.write('Hello \n World') # Hello World cөзін файлға жазу
f.close() # файлды жабу
Файлдың атын ауыстыру
import os
# переименование xyz.txt в abc.txt
os.rename("555.txt","666.txt")
Файлдың ішін оқу
handle = open("555.txt", "r")
data = handle.readlines() # read ALL the lines!
print(data)
handle.close()