ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.10.2024
Просмотров: 4
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
“Математика көшбасшылары” топтық жарыс
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Окушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Қатысатын топтар: ЛД 112-1, ЛД 112-2, СД 112, ЛД 122
Топтық жарыс барысы
-
1-тур. “Логикаңыз қалай?” -
2-тур. “Полиглот” -
3-тур. “Білімің-тірегің” -
Марапаттау.
1-тур. “Логикаңыз қалай” Бұл айдарда әр топтың студенттеріне 10,20,30 ұпайлық тапсырмалар беріледі. Берілген уақыт:12-минут.
10-ұпайлық тапсырмалар тізімі: (4-минут)
-
Бала кешкі сағат 7 –де сағат тілін таңертеңгі 9- ға қойып ұйқыға жатты. Бала неше сағат ұйықтайды? (2сағ) -
Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт) -
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (3 градус) -
Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш орындық болатындай сегіз орындықты қалай орналастыру керек? (Әр қабырғаның ортасына орындық қою қажет)
20-ұпайлық тапсырмалар тізімі: (4-минут)
-
Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алса, кім қандай орын алды? (1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат) -
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (Жоғары) -
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? (1 мотоцикл) -
Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?(Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған)
30-ұпайлық тапсырмалар тізімі: (4-минут)
-
Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады? (6 кг) -
Адамдар мен көліктер басып өтетін жануар қалай аталады? (зебра) -
Таксиден 2 жолаушы шыққанда жартысы таксиде қалды. Таксиде неше адам болған еді? (3 адам болған, себебі 2-нің жартысы 1, 2+1=3) -
2,5 таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)
2-тур. Полиглот.
Бұл айдарда математикаға қатысты мақал мәтелдер, жұмбақтар беріледі. Жауабын таба отырып, студенттер жауапты үш тілге аударып айтуы тиіс. Берілген уақыт: 10 минут. Әр жауапқа 10 ұпай қойылады. Егер жауапты орыс, ағылшын тілдеріне аудара алмаса 5 ұпай қойылады. (15-минут)
1. Айдағаны ... ешкі ысқырығы жер жарады.
бес- пять- five
2. Жігітке жеті өнер де аз, ... өнер көп емес.
Жетпіс- семьдесят- seventy
3. Бір-бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді?. Сегіз - восемь - eight
4. Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі. Қарандаш- Карандаш - pencil
5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. Сызғыш – Линейка - Ruler
6. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,
Құралған фигура бар қарапайым
Салу үшін сен оны сызғыш ізде
Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. Түзу - Линия - Line
7. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай.
Натурал сан - Натуральные числа - Real
8. Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі. Қарандаш- Карандаш - pencil
3-тур. Білімің-тірегің. Бұл сайыста теңдеулерді шешу арқылы, шыққан жауаптарға байланысты мақал-мәтелді айтып беруі тиіс. Дұрыс жауапқа-10 ұпай. Берілетін уақыт: 15 минут.
1. -1001x+1000=0.
х1=1000,х2=1
Жауабы: Білімді мыңды жығады,Білекті бірді жығады.
2. -14x+49=0.
х1=7, х2=7;
Жауабы: Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
3. - 8x+7=0
х1=7, х2=1.
Жауабы: Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
4. +10x+24=0
x1=4, x2=6
Жауабы: Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді.
Марапаттау. Студенттердің осы сайыста алған ұпайларын есептеп, грамоталармен марапатталады! Берілетін уақыт: 3-минут
Бас жүлде. “Математика көшбасшылары”
1-орын. “Математика тапқырлары”
2-орын. “Математика алғырлары”
3-орын. “Математика жүйріктері”
Әділқазы алқаларының бағалау парағы
Топ атауы | 1-тур “Логикаңыз қалай?” | 2-тур “Полиглот” | 3-тур “Білімің-тірегің” | Барлық ұпай саны |
ЛД-112-1 | | | | |
ЛД-112-2 | | | | |
ЛД-122 | | | | |
СД-112 | | | | |
Әділқазы мүшесі:_____________________________________