ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жану үдерісі
- Жану дегеніміз заттың оттекпен жарық және жылу шығарып әрекеттесуі
- Заттардың оттекпен әрекеттесу реакциясы тотығу, ал өнімі оксид деп аталады
- Оксидтер – екі элементтен тұратын, біреуі оттек болатын күрделі заттар
Жану кезінде жай заттардың атомдары оттек
молекуласымен қосылып оксид түзеді:
жай зат + оттек = оксид
Күкірт + оттек = күкірт (IV) оксиді
Магний + оттек = магний оксиді
Көміртек + оттек = көміртек (IV) оксиді
Жай зат пен күрделі заттың жануы
1.Жай зат + оттегі = оксид
2. Күрделі зат + оттегі = оксидтер
күкірт
оттегі
Күкірт оксиді
күкіртсутек
оттегі
Күкірт оксиді
сутегі оксиді
Күрделі зат жанғанда оның құрамына енетін элементтердің оксидтері түзіледі
Отын - жылу бөліп жанатын зат немесе заттар қоспасы.
Отын іс жүзінде үш күйде болады:
а) қатты –таскөмір, ағаш, шымтезек, антрацит т.б.
б) сұйық – бензин, керосин, мазут, спирт т.б.
в) газ – табиғи газ, мұнайға серіктес газдар
Қосылыстар отқа төзімділігіне қарай:
тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға бөлінеді.
Отын және оның түрлері
Жанудың басталуы және оны тоқтату
Жанудың түзілуінің үш құраушысы болады:жанатын зат ( отын), оттек (тотықтырғыш) және жанатын затты тұтану температурасына дейін қыздыру (жылу) .
Белгілі температураға дейін қыздырылған отын ғана ауада жанады.
!!! Өртті сөндіру үшін оттектің келуін тоқтату, температураны мейлінше төмендету немесе жану көзін жою керек.
№ 2 практикалық жұмыс: «Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру» Мақсаты: оттектің ең маңызды қасиеті – жануды қолдайтынын көрсету
№ тәжірибе | Байқалған құбылыс | Жану өнімдері | қорытынды |
1. күкірттің жануы | | | |
А) ауада жануы. Темір қасыққа күкірттің кесегін салып, спирт шамның жалынында қыздырыңыз. | |||
Б) оттегіде жануы. Жанып жатырған күкіртті оттегі бар колбаға салыңыз | | | |
2. Фосфорды оттекте жағу. Темір қасыққа шамалы қызыл фосфор салыңыз. Спирт шамында жағып, тез қасықты оттегі бар колбаға салыңыз | | | |
3. Темірді оттекте жағу. Темір сымды спирт шамда қыздырылған көмірде балқытыңыз. Сосын темір сымды оттегі бар колбаға салыңыз. Колба сынып кетпеуі үшін оның түбіне өзен құмын салыңыз. | | | |
Тапсырма
- https://daryn.online/test/39-zhanu