Файл: Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 87

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СЕМИНАР-ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тәжірибелік сабақ №1: Әдебиеттік оқу пәнін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қазақтың ағартушы-демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б.

2. Әдебиеттік оқупәнін оқыту әдістемесі қандай дидактикалық принциптерді басшылыққа алады?

3. Қазақ ақыны І.Жансүгіров өлеңдеріндегі эстетикалық тәрбие. І.Жансүгіров өлеңіндегі еңбек мәселесі.

Тәжірибелік жұмыс:

Әке мен баланың әңгімесі

1. Мәтінді оқып, тиісті қосымшаларды қойып, аяқта.

-Қонақта қалай, жақсы болды ма, ұл... ? – деп сұрапты әке... баласынан.

-Өте жақсы болды, әке. Құрметпен қарсы алды, төрге отырғызды. Тек кетер шақта ғана көңілсіз болды. Тіпті шығарып та салмады. (42 сөз)

-Солай, бала..... ,-депті әке....

-Киім.... қарап қарсы алып, ақылыңа қарап шығарып салған ғой.
2.Мәтінді рөлге бөліп оқу.

3. Не себептен кетер шақта көңілсіз болды?

4. Мәтіннен көңіліңе не түйдің? Берілген нақыл сөзді пайдаланып жауап бер.

5. Баланың орнында сен болсаң,қандай ой түйер едің, соны жазып шық.

6. Көп нүктенің орнына қойған қосымшаларды анықта.

Тәжірибелік сабақ №2: Бастауыш мектептің қолданыстағы әдебиеттік оқу пәні бойынша оқу бағдарламасымен жұмыс үдерісі.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Бастауыш сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту мазмұны. Оқу үрдісін жоспарлау. Оқыту жылдары бойынша оқу материалдарының орналасу жүйесі. «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының құрылымдық принциптері.

2. «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының құрылымы (бөлім, бөлімше, оқу мақсаттары, оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар, сөйлеу әрекеттерінің (коммуникативтік дағдылар) түрлері).

3. Бағдарлама бөлімдерін талдау. Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнінің кіріктіріле оқыту мүмкіндігі.

Тәжірибелік жұмыс:

Ауылда

Ауылға барғанымда қауын - ........ әбден тойдық. Әжем бізді көргенде қатты қуанды. Қыста сақтаған ..... - қартасын қазанға салды. Шай дайындалып, дастарханға қою ....., тәтті сары ...., майға пісірілген ыстық ........, жесең тіліңді үйіретін ..... әкеліп қойды.

(35 сөз)

1. Мәтінді түсініп оқып, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып шық


2. Мәтінді оқығанда не нәрсеге сүйсінуге болады?

3. Осы мәтінге сүйене отырып, өз ауылың жайлы не жазар едің?

4. Осы мәтінге лайық мақалды таңда.

А. Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен.

Ә. Ел іші – береке, Көп ісі – мереке.+

Б. Туған жердің тасы да таныс

В. Отансыздың оты жанбайды.

Тәжірибелік сабақ № 3: Оқу үдерісін ұйымдастыру.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Ұзақ мерзімді жоспармен жұмыс, оқу мақсаттарының тілдік дағдыларға қарай берілу мазмұнын талдаңдар.

2. Орта мерзімді жоспармен жұмыс, мазмұнымен танысып, талдау жасаңдар.

Тәжірибелік жұмыс:

Ата мен бала

Көктемде атаммен бірге бақшаға жеміс ағашының көшеттерін отырғыздық. Жұмысты бітірген кезде, атам маған былай деді:

- Ағашты жас шыбық кезінде түзетуге болады және керексіз бұтақтарын кесіп тастауға болады. Ал үлкейген кезде ол ағашты түзете алмайсың, өйткені сынып кетеді.

Сол сияқты сен де жас шыбық сияқтысың. Егер қазір өзіңді дұрыс тәрбиелемесең, үлкейген кезде кеш болады.

Жыл сайын ағаш еккенде, атамның айтқан ақылын есіме аламын. Атамның сөзінен үлкен ғибрат алдым. (67 сөз)
1.Мәтіннің мағынасына сәйкес келетін мақал-мәтелді көрсетіңіз.

А) Ағаштан ағаш сәнін алады,

Адамнан адам тәлім алады.+

Ә) Ел мен жер егіз.

Б) Жері байдың елі бай.

В) Көз – қорқақ, қол – батыр
2. «Ағашты жас шыбық кезінде түзетуге болады және керексіз бұтақтарын кесіп тастауға болады» деген жолдардан өз бойыңдағы қандай кемшіліктерді алып тастар едің?

3. Мәтіннен өзіңе қандай үлгі алдың?

Тәжірибелік сабақ №4:Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Əдебиеттік оқу пəнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу əрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырмалар.

2. Əдебиеттік оқу пəнінен оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырмалар.

3. Əдебиеттік оқу пəнінен жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырмалар.

4. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау.

Тәжірибелік жұмыс:

Жазғы демалыс

- Сәуле, сен жазғы демалысыңды қайда өткізесің?

- Мен жазғы демалысымды Түркияда өткізгім келеді.

- Қай қаласына барғың келеді ?



- Мен Анталияға барғым келеді.Естуімше, ол жердің табиғаты ерекше екен.

- Иә, биік таулары, жасыл бақтары керемет! Мен Түркияда болғанмын

- Ал сен, Дина, демалысыңда қайда барасың?

- Мен Қытайға барғым келеді.

- Сен Қытайға жолдама алдың ба?

- Иә, туристік фирмадан сатып алдым.

- Қандай фирма?

- «Гульнур – Тур» фирмасы

- Мекен-жайын бересің бе?

- Әрине беремін.
1. Мәтіннің жазылу үлгісін анықта.

А. Диалог+

Ә. Күнделік

Б. Монолог

В. Хат

2. Сөздік жұмыс: Түркия, Қытай, «Гульнур-Тур» фирмасы - осы сөздерге түсініктеме бер.

3. Сен жазғы демалысыңды осы сөздермен байланыстыра аласың ба?

4. «Жазғы демалыс» тақырыбына жұппен диалог құрастыр.
Тәжірибелік сабақ №5: Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізіндегі қолданыстағы «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдарының ерекшеліктері.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. 2-4-сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша қазіргі оқу-әдістемелік кешеннің жалпы сипаттамасы.

2. «Әдебиеттік оқу» сабағының белгілі бір тақырып бойынша қысқа мерзімді жоспарын құру, көрнекіліктерін дайындау, әдістемелік талдау жасау.

3. Оқулықтан (2-4-сынып) бір тақырыпты алып, сабақта қолданылатын белсенді оқыту әдістерін жоспарлаңдар және қандай шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға болатынын айтыңдар.

Тәжірибелік сабақ №6: Әдебиеттік оқу түрлері және оқу сапалары.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Бастауыш мектепке арналған әдебиеттік оқу топтамасы.

2. Әдебиеттік оқуға қойылатын талаптар.

3. Оқу дағдысына сипаттама: дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу.

4. Шапшаң оқуда әрбір сыныпқа қойылатын бағдарламалық талаптар.

5. Қосымшада берілген әңгімелерді оқу талабын сақтап оқу.

6. Қосымшада берілген мысалдарды оқу талабын сақтап оқу.

Тәжірибелік сабақ №7:Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Шығарманы оқу не үшін керек, оны қалай ұйымдастырады?

2. Қосымшада берілген бір мәтінді алып, оған қандай дайындық жұмысын жүргізуге болатынын анықтаңдар. Әңгімелеу сұрақтарын құрастырып, көрнекі құрал қарастырыңдар.

3. Қорытынды әңгімені ұйымдастырудың жолдарын айтыңдар.

Тәжірибелік сабақ №8:Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Көркем шығармаға байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысының мақсатын түсіндіріңіз.


2. 2-сыныптың оқулығынан кез келген бір бөлім бойынша жаңа сөздерді теріп алып, олардың ішінен бес-алтауына сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

3. Ақын А.Тоқмағанбетовтың балаларға арналған өлеңдерінің мазмұны, тәрбиелік мәні.

4. Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқыңдар, әңгіме желісіне байланысты үш жабық сұрақ және үш ашық сұрақ дайындаңдар.

5. Қосымшада берілген өлеңдерді оқу, сөздік жұмысын ұйымдастыру.

Тәжірибелік сабақ №9: Көркем шығармаларды оқыту әдістемесі.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Көркем шығарманы қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыс түрлерін атаңыз.

2. Қазақ әдебиетінің классик ақыны Абай Құнанбаев өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні.

3.Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі салыстыру, теңеу және бейнелеу.

4. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңін оқу, талдау.

Тәжірибелік сабақ №10: Көркем шығармаларды оқыту әдістемесі.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. М.Дулатов шығармаларындағы ананың балаға деген махаббаты, сондай-ақ жас ұрпақты өнер білімге шақыруы.

2. С.Торайғыров шығармаларының тәрбиелік құндылығы және тіл көркемдігі.

3. С.Сейфуллин шығармаларындағы балаларды білім алуға, еңбектенуге, Отанды сүюге шақыруы.

Тәжірибелік сабақ №11: Көркем шығармаларды оқыту әдістемесі.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Бастауыш мектепте көркем шығарманы оқытудың жүйелілік және бірізділік принципін басқа принциптермен салыстырыңыз.

2. Ертегілерді оқыту әдістемесі. Бір ертегіні алып, оның оқыту әдістемесін беріңіз. Ықшам сабақ дайындап, өткізіңіз.

Тәжірибелік жұмыс:
Торғай мен адам

Өткен заманда бір саясатшы тор құрып қойса, торына кішкене бір торғай түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына ұстап үйіне апара жатса, торғай тілге келіп былай депті:

Мен кішкене торғаймын, союға жарамаймын, қапасқа салсаң құсалықпен өлемін. Мені еркіме қоя бер, кең дүниеге жібер. Ақысына сізге екі ауыз ақыл айтайын, – депті.

Кәне, ақылыңды айт, – депті адам.

Жарайды, бір ауызын қолыңда, бір ауызын жерге түскен соң айтайын. Өйткені қос қолдап қысып тұрғанда, өкпем қысылып ештеңе айта алмаймын, – депті торғай. Аңшы босатыпты. Бірінші – өткен іске өкінбе, екінші – көзбен көрмей сенбе! – депті. Торғай анадай жерге қонып отырып: – сен ештеңені білмедің, менің бөтегемде жұдырықтай гауһар бар еді, – дейді. Адам қонып отырған торғайды ұстауға тұра ұмтылыпты. Торғай әр жерге ұшып қонып ұстатпайды. Адам қуып қоймаған соң, адамға былай дейді: «Менің жаңағы айтқан өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтегеме ондай зат қалай сыяды? Бұл бір. Екінші – мен саған ұстатпаймын, қанатым бар. Сондықтан өткен іске өкінбе» – деп ұшып кетті.

1.Мәтінде қандай нақыл сөз айтылған?

А. Қапасқа салсаң құсалықпен өлемін

Б. Өткен іске өкінбе, көзбен көрмей сенбе!

В. Менің бөтегемде жұдырықтай гауһар бар еді.

Г. Менің жаңағы айтқан өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтегеме ондай зат қалай сыяды?
2.Адамның торғай айтқан нақыл сөзді ұқпағанын қайдан білуге болады?

А. Адам торғайды жіберіп қойды

Б. Адам торғайды қуа жөнелді

В. Адам торғайдың сөзіне сеніп қалды

Г. Торғайдың сөзіне алданып қалды
3. Адам қандай? Мінездеме бер? Дәлелде.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4.Торғай Адамның нақыл сөзді ұққан-ұқпағанын қалай тексеріп көрді? Үзінді келтір.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5.Торғай адамға неге ұстатпады?

А. Ағашта қонып отырды

Б. Торғай жүгіргіш

В. Торғай босап кетті

Г. Торғайдың қанаттары бар


6. Мәтін арқылы автор қандай идея айтқысы келді. Өз сөзіңмен жаз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7.Берілген мәтіннің жанры қандай?

А. Ертегі

Б. Аңыз

В. Мысал

Г. Мақал
8.Мына пікірлердің қайсысы мәтін оқиғасының қорытындысына сәйкес келеді?

А. Торғай өз ақылының арқасында ажалдан құтылды

Б. Адам ақымақ болған соң торғайды қуды

В. Торғай адамды ақылды еткісі келді

Г. Өткен іске өкінбеу керек

Тәжірибелік сабақ №12:Сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Сыныптан тыс оқу мен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың оқушының білім, білік, дағдысын жетілдірудегі маңызы.

2. Саяхат, мұражайларға бару, кинотеатрларға бару, кітапханамен жұмыс және бұл жұмыстардың әдебиет сабағымен тығыз байланыстылығы.

3. Ұлы Отан соғысы жылдары (Ж.Жабаев, Б.Бұлқышев, Қ.Қайсенов, т.б.) шығармаларындағы патриоттық тәрбие.

Тәжірибелік сабақ №13:Əдебиеттік оқу пəнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар мен əдіс-тəсілдер.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Әдебиеттік оқу сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану.

2. Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.

3. 2-4-сыныптың «Әдебиеттік оқу» оқулығынан кез келген бір тақырыпты алып, сабақта қолданылатын белсенді оқу әдістерін, оқушының сын тұрғысынан ойлауын дамытатын және шығармашылық қабілеттеріне негізделген тапсырмаларды жоспарлаңыз, сабақтың толық әдістемесін беріңіз.