Файл: Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 79

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқу бағдарламасы спиральдік қағидатының негізінде оқушылар сыныптан сыныпқа ауысқан сайын қалай алға ілгерілейтінін көрсетеді.

Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қолданылатын құжаттар:

  • Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген).

  • Оқу бағдарламасы.

  • Оқу жоспары.

  • Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау өткізудің тәртібі (Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары).

  • Бастауыш/Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық.

  • Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы.

  • Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.


1/ ҚР МЖМБС білім алушылардың дайындық деңгейіне, білім беру мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне және оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.

ҚР МЖМБС:

2012 жылы:

  • білімге бағытталған білім беру моделі;

  • − «Нені оқытамыз?» сұрағы аясында өрбуі;

  • − оқу пәндері және ББД белгіленуі.

2015 жылы:

−нәтижеге бағытталған білім беру моделі;

− құндылықтарға бағдарлануы;

− «Не үшін оқимын?» сұрағы аясында өрбуі;

− күтілетін нәтиженің кең ауқымды дағдылар болуы.

ҚР МЖМБС құндылықтар тізімі:

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

  • Құрмет

  • Ынтымақтастық

  • Еңбек пен шығармашылық

  • Ашықтық

  • Өмір бойы білім алу

Құндылықтар:

Мектептегі білім берудің құндылықтары оқушылардың қабілеттерінде көрінуі керек:

  • жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің дамуына үлесін қосу;

  • мәдениеттер мен пікірлердің сан-алуандығын құрметтеу;

  • шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау;

  • көпшіл және жылы шырайлы болу;

  • әлеуметтік жауапкершілігі және жанашыр болу;

  • ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, кез-келген ортада, ұжымдық жұмыста коммуникативті болу;

  • өмір бойы білім алуға дайын болу.



2/ Оқу бағдарламасы

Оқу бағдарламасының құрылымы:

Түсіндірме жазба

1. Пәнді оқыту мақсаты мен міндеттері.

2. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер.

3. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері.


4. Пәнінің мазмұнын ұйымдастыру:

  • Оқу жүктемесінің бөлінуі.

  • Оқу бағдарламасының мазмұны.

  • Оқыту мақсаттарының жүйесі.

  • Ұзақ мерзімді жоспар.

Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді, мұғалімнің ұстанымына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қысқаша сипаттайды. Бұл құжат әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы ақпаратты қамтиды. Оқу бағдарламасының мазмұны бөлім, бөлімше, ортақ тақырыптар бойынша берілген.
Оқу жүктемесінің бөлінуі
Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны


Сынып__Апталық_сағат_саны__Жылдық_сағат_саны'>Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

2-сынып

3 сағат

102 сағат

3-сынып

3 сағат

102 сағат

4-сынып

3 сағат

102 сағат


«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша нормативтер


Сынып

Оқу шапшаңдығының міндетті деңгейі

І жартыжылдық соңы

ІІ жартыжылдық соңы

2

40-45 сөз

50-55 сөз

3

55-60 сөз

65-70 сөз

4

70-75 сөз

80-90 сөз


Оқу бағдарламасын меңгерту оқытудың «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. Әдебиеттік оқу пәні бойынша білім мазмұны қатысымдық дағдыларды қалыптастыру мақсатына сәйкес құрылған. Пән бойынша ұсынылатын білім мазмұнының ішкі бөлімдері жинақталған білім, түсінік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейтін кіші бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімше өзара сабақтаса отырып, оқыту мақсаттарын айқындайды. Бұл мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттік оқу пәнінің мазмұны


2-4 сыныптар



Бөлім (сөйлеу әрекетінің түрлері)

Бөлімше (дағды)


1

Тыңдалым және айтылым



1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну

1.2 Шығарманы мазмұндау

1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

1.4 Тыңдарманның назарын аударту

1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

2


Оқылым

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

2.5 Шығарманың композициясын анықтау

2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау

2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау

2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

3

Жазылым

3.1 Шығарманың жоспарын құру

3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну

3. 4 Қатені табу және түзету



Мұғалімдер мен оқу-әдістемелік кешенді құрастырушылар ортақ тақырыптардың мазмұны аясында оқу мақсатын жүзеге асыруда оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес өзге де әдебиеттерді қолдана алады.


Оқу материалдарының сыныптар бойынша топталуы

Ортақ тақырыптар


2-сынып

3-сынып

4-сынып

1. Өзім туралы

1. Тірі табиғат

1. Менің Отаным – Қазақстан

2. Менің отбасым және достарым

2.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)

2. Адами құндылықтар

3. Менің мектебім

3. Уақыт

3. Мәдени мұра

4. Менің туған өлкем

4. Сәулет

4. Мамандықтар әлемі

5. Дені саудың – жаны сау

5. Өнер

5. Табиғи құбылыстар

6. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

6. Атақты тұлғалар

6. Қоршаған ортаны қорғау

7. Қоршаған орта

7. Су – тіршілік көзі

7. Ғарышқа саяхат

8. Саяхат

8. Демалыс мәдениеті.

Мерекелер

8. Болашаққа саяхат

Осылай ортақ тақырыпта әр пәннен қайталап отыру кезінде бір тақырыпты жан-жақты қырынан ашып, терең меңгеруге үйретеді. Балаға тез түсініп ұғып алуға ыңғайлы. Өздеріне таныс тақырып болғандықтан тапсырманы тез түсініп, тез орындайды.

Міне, бұдан біз бастауыш мектептің оқу бағдарламаларындағы жағымды өзгерістер балаларға арналып жасалғанын, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жасалғанын, қызығушылықтарын шығармашылықпен дамытуға арналғанын және коммуникативті оқыту ұстанымына негізделіп жасалғанын көруге болады. Бұл – төрт дағдыны қалай дамытуды ескере отырып айтқан Жүсіпбек Аймауытовтың: «… бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін»- деген сөзін еріксіз еске түсіреді.
Оқу бағдарламасы: Ұзақ мерзімді жоспар.

Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды.


Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің/бөлімшенің/тақырыптың аясына қажетті оқу мақсатын қамтиды.

Бағдарламаның бұл бөлімінде оқу мақсаттары кодтық белгілермен белгіленді: бірінші белгі – сыныбын, екінші және үшінші белгі – бөлімнің және бөлімшенің реттік санын, төртінші белгі оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1. кодында «2» – сыныбы, «1» – «Тыңдалым және айтылым» бөлімі, «2» – бөлімшеcі, «1» – оқу мақсатының реттік саны.
3/ Бастауыш сыныпта оқу үдерісінде ортақ тақырыптар арқылы пәнаралық байланысты ұйымдастыру

Оқу жоспары:

Оқу жоспарында оқу бағдарламасының мазмұнын сыныптар бойынша оқыту ұсыныстары көрсетілген.

  • Тілдік мақсаттар туралы

  • Орта мерзімді жоспар

  • Қысқа мерзімді жоспар

Тілдік мақсаттар:

Білім беру ұйымдары пәндік мазмұн мен тілді меңгеруге әсер ететін білім беру ортасын құруға тырысады. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» немесе «академиялық тіл» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал.

Тілдік мақсаттар ғылыми тілді меңгеру үшін маңызды құрал болып табылады. Тілдік мақсаттар нақты болса, оқушылар өздерінен не күтілетінін түсіне алады. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұнын меңгеру мен ғылыми тілді дамытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі болады және пән мен тілді де оқып үйренуге көмектеседі.

Тілдік пәндерде тілдік мақсаттар қойылмайды.
Оқу жоспары: Орта мерзімді жоспар.

Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқу тақырыптары көрсетіледі.
Оқу бағдарламасы және оқу жоспары:


Білім беру деңгейіндегі пән тұжырымдамасын, сағат санын, бағалау жүйесін, т.б. сипаттайды.




Білім беру деңгейі бойыншабарлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп,олардың жалпы ережелерін анықтайды.




Нақты сынып бойынша пән тарауларының мақсаттары мен міндеттерін, мұғалім іс-әрекеттері мен русурстық қолдауды егжей-тегжейлі ұсынады.




Сабақ жоспарының үлгісі.