ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 3
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. | Мектеп: №217 мектеп | |||
Күні: 22.12.2022 ж | Мұғалімнің аты-жөні: Базаров Қанат | |||
Сынып: 3 | Қатысқаны:12 | Қатыспағаны:- | ||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 3.3.5.5.Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қарайды және түсіндіреді. | |||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: | |||
| Сынып қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін біледі. | |||
| Оқушылар көпшілігі орындай алады: | |||
| Ойын барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды. | |||
| Кейбір оқушылар орындай алады: | |||
| Қарсыласты жеңу жолдарын қолданады. | |||
Тілдік мақсат | Қазақтың ұлттық ойыны кезінде оқушылар дағдыларын пайдаланады. | |||
| Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: | |||
| Саламатсыздар ма! Здравствуйте! Hello! Сау болыңдар!До свидания! Bye! Ысқырық! Свисток! Whistle! Доп! Мячь! Ball! Уақыт өлшегіш!секундомер! stopwatch! | |||
| Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: | |||
| Қазақтың ұлттық ойындары кезінде оқушылар бір-бірінен сұрайды, жауап қатады, қарым-қатынаста болады. | |||
| Талқылауға арналған сұрақтар: | |||
| Қандай қазақтың ұлттық ойындарын білеміз (ойын түрлерін ата)? | |||
| Не себепті .....деп ойлайсыз? | |||
| Бүгінгі сабақта біз арқан тарту, арқан түю, алшы ойынын үйрендік. | |||
Жоспарланған уақыт | 40 минут | |||
| Ишара, мадақтау, марапаттау, алғыс айту. | |||
Алдыңғы оқу | Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар. | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||
Басы 10-12 минут | 1) Сапқа тұрғызу. 2) Кезекші мәліметін қабылдау. 3) Сәлемдесу. 4) Жаңа сабақтың тақырыбын айту,түсіндіру. 5) Сабақтың мақсатын түсіндіру. 6) Саптық жаттығулар.Бір орында оңға,солға,кері бұрылу жаттығулары. Жүру жаттығулар: 1) Кәдімгі жүріс 2) Спорттық жүріс 3) Қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру. 4) Қол белде өкшемен жүру. 5) Қол белде аяқтың ішкі жағымен жүру. 6) Қол белде аяқтың сыртқы жағымен жүру. 7) Кәдімгі жүріс. Жүгіру жаттығулары: 1) Бір қалыпты жүгіру 2) Қолды айналдырып оң, сол жақпен жүгіру. 3) Артқа қарап жүгіру. 4) Қолда алда тізені жоғары көтеріп жүгіру. 5) Қол жамбаста өкшені тигізіп жүгіру. 6) Жылдамдықпен жүгіру. 7) Бірқалыпты жүгіру. 8) Спорттық жүріс. 9) Кәдімгі жүріс. Жалпы дамыту жаттығулары: 1. Б.қ. Екі қол белде, басты солға, оңға, алға, артқа иеміз. 8 рет. 2. Б.қ. Екі қол иықта, алдыға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз. 8 рет. 3. Б.қ. Аяқ алшақ, екі қол белде, оңға 4 рет, солға 4 рет белді майыстырамыз. 8 рет. 4. Б.қ. Аяқ алшақ, екі қол белде 3 рет алға еңкею. 4-б.қ. 8 рет 5. Б.қ. Аяқ алшақ, екі қол желкеде, онға, солға денені бұру. 8 рет. 6. Б.қ. Орнында 4 рет отырып тұру. 7. Б.қ. Екі қол белде, оң аяқпен 4 рет, сол аяқпен 4 рет секіру. | | ||
Ортасы 23-25 минут | І. «Арқан тарту» Оқушыларды жасыл, қызыл түсті суреттер арқылы екі топқа бөлеміз. Екі топқа бөлінген балалармен ойналады.Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады Қай топ арқанды өз жағына тартып алса, сол топ жеңіске жетеді. ІІ. «Арқан түю» Ойын барысы: Қолында арқаны бар бала шеңбер ортасына шығады да «Ойынды бастадым»- деп дауыстайды. Сонан соң арқанның түйілген жағынан ұстап, шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан өткізіп жіберулері қажет. Кімде кім арқанды өткізе алмай аяғына тигізіп алса, ойыннан шығады. Сосын ойын жүргізушімен орын алмастырылады. ІІІ. «Алшы ойынын» ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші, барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кез келген жағында жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екеуі екі түрлі түссе, онда алмайды.. Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. | Бос кеңістік, ысқырық, жалауша. Бос кеңістік,түрлі түсті асықтар,метрлік | ||
Соңы 3-5 минут | Демді қалыпқа келтіру жаттығулар жасау. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабаққа қорытындылау Бағалау Үйге тапсырма беру Қоштасу. | Ысқырық, журнал | ||
Қосымша ақпарат | ||||
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) | ||
Арқан тарту сайысында үздік топқа отырып тұру жаттығуы, алшы ойынында жекелей асықты иіру тапсырмасын бердім. | | Қазақ, орыс, ағылшын тілдері, тарих, валеология, математика пәндерімен байланыс. АКТ ноутбук. | ||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? | Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Бүгін оқушылар қазақтың ұлттық ойындарын арқан тарту, арқан түйю, алшы ойынын үйренді. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты, тапсырма тақырыпқа сай келді. Уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарыма өзгеріс АКТ енгіздім, дене шынықтыру пәніне спорт түрлері, қазақтың ұлттық ойындарын ұсыну өте тиімді. | |||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе( оқыту мен оқуға қатысты) 1. Сабақ барысында оқушылар ойынға белсене қатысты. 2. Оқушылар ұлттық ойын ережелерін жақсы есте сақтай білді. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді( оқыту мен оқуға қатысты)? 1.Оқушылар қазақтық ұлттық ойынын сабақтан тыс пайдаланса дұрыс болар еді. 2.Аудандық спорт бөлімінен маман шақырып кездесу ұйымдастырсам жақсы болар еді. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. Окушылардың шапшаңдығын, ептілігін арттыру жаттығуларын пайдалану. 2.Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. |