Файл: 8таырып. Тркі тілдеріні классификациясы Жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Шығыс түркі немесе ұйғыр тобына өзбек және ұйғыр тілдерін жатқызады. Бұл топтағы тілдерді көне және орта ғасыр тілдері деп екіге бөліп, оларға көне ұйғыр, шағатай және қараханидтер Хорезм түркілерінің тілін жатқызады.

Түркі тілдерінің солтүстік тобына: а) Арал-саян тілдері, ә) Солтүстік тобы деп екіге бөлген. Бірінші топқа: алтай, шор, хакас, тува, қарағас тілдерін, ал Солтүстік Сібір тілдеріне: якут, долган тілдерін енгізеді. И.Бетлингтің жіктемесі түркі тілдерінің тарихы мен қазіргі кезеңін толық қамтыса да, әр топтың өзіне тән белгілерін атап көрсетсе де, кемшіліктерден құр алақан емес. Мысалы: Бұл жіктемеде тілдердің орналасу жағдайы негізгі принцип етіп алынады да, әр тілдің өзіндік ерекшелігі есепке алынбайды.

Көрсетілген жинақтағы түркі тілдерін екінші жіктеуінің авторы профессор К.Г.Менгес ол түркі тілдерін 6 топқа бөледі.

I. Түркі тілдерінің орталық және оңтүстік батыс тобы. Бұл тілдер өз ретінде екі топқа бөлінеді: а) Орталық Азия тілдері. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің тілі, М.Қашғари «сөздігіндегі» қараханидтер тілі, көне ұйғыр тілі, шағатай тілі, қазіргітүркі тілдерінен өзбек, ұйғыр және қырғыз тілдері ә) Оңтүстік-батыс немесе оғыз тілдері. Көне тілдерден көне Осман түріктерінің тілі мен жаңа тілдерден түркі, әзірбайжан, түрікмен және гагауыз тілдері.

II. Түркі тілдерінің солтүстік-батыс немесе қыпшақ тобы.

III. Түркі тілдерінің алтай тобы. Бұл топқа Таулы Алтай тілдері мен диалектілері жатады. Түркі тілдерінің бұл тобы екіге бөлінеді: 1. Оңтүстік орталық Сібір абақан немесе хакас тілдері. 2.шығыс немесе тува тілдері.

IV. Түркі тілдерінің Солтүстік-шығыс

V. Шығыс-сібір немесе якут тілдері. Түркі тілдерінің соңғы тобын

VI. Еділ-бұлғар немесе хун-бұлғар тобы деп атайды да, оны екіге бөледі:

1.Еділ-бұлғар және 2.чуваш тілдері.