Файл: Тсінік хат. Информатика пні. 59 сыныптар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Түсінік хат.

«Информатика» пәні. 5-9 сыныптар
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 1-11Жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында «Цифрлық сауаттылық» (1- сыныптан басқа), «Информатика» пәндерін оқыту кезінде сыныпты екі топқа бөлу сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады.

2012 жылғы 8 қарашадағы № 500, соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: 5-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат; 6-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат. 7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат; 8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат. 9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат.

Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.

«Информатика» пәні бойынша 5-9 сыныптарда жиынтық бағалау саны»

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны




1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

5 сынып

1

1

1

1

6 сынып

1

1

2

1

7 сынып

2

1

2

1

8 сынып

1

1

2

1

9 сынып

2

1

2

1


Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады. Осы тармаққа сәйкес: − 5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді;