Файл: Сабаты таырыбы Маманды неден басталан (2саба) аза тілі (Т2) 6сынып 8 блім Болаша мамандытары.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы:

Мамандық неден басталған (2-сабақ)

ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т2)

6-СЫНЫП

8 – бөлім

Болашақ мамандықтары

А. Машанов «Жер астына саяхат»

Оқу мақсаты:

Сабақтың мақсаты:

оқушылар мәтінді оқып түсінеді, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды

6.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру

Бағалау критерийлері
  • Тақырып бойынша берілген мәтіндерді сызба кесте түрінде жинақтайды;
  • Тақырыпқа сәйкес суреттер бойынша сөйлем құрастырады;
  • өз ойын дәлелдеп жеткізеді;

Жаңа сабаққа кіріспе

Тыңдайық, кәне, ойлайық

Білімге терең бойлайық

Оқыған маман шың маман.

Мамандық алып қоймайық.

Үйренем десең жалықпа.

Мамандық сырын анықта.

Қолыңнан жұмыс келмесе

Тие ме пайдаң халыққа?

Еңбектің бәрі мамандық

Жер көктің бәрі мамандық

Білуге бәрін талаптан

Танытып нағыз адамды.

Сұрақтарға жауап бер

- Өлең не туралы?
  • Мамандық алу үшін не істеу керек?
  • Өлең авторы неге шақырады?

Өлеңдегі етістіктерді іріктеп айт.

тыңда

ойла

үйренем

жалықпа

анықта

білуге талаптан

Берілген етістіктерді 3 жақта өткен, келер шақтарда жаз

етістік

келер шақ

өткен шақ

тыңда (1 жақ)

ойла (2 жақ)

үйрен (3 жақ)

жалықпа(1 жақ)

көпше

анықта (2 жақ)

білуге талаптан

(3 жақ)

Берілген етістіктерді 3 жақта өткен, келер шақтарда жаз

етістік

келер шақ

өткен шақ

тыңда (1 жақ)

тыңдаймын

тыңдадым

ойла (2 жақ)

ойлайсың

ойландың

үйрен (3 жақ)

үйренеді

үйренді

жалықпа(1 жақ)

көпше

жалықпаймыз

жалықпадық

анықта (2 жақ)

анықтайсындар

анықтадыңдар

білуге талаптан

(3 жақ)

білуге талаптанады

білуге талаптанды


Өткенді қайтала.

Көп нүктенің орнына сөзді қойып ,берілген мақалдар қандай мамандыққа сәйкес?

…….. шәкірт озар.

Жақсы ……. ауруды жазады, жаман …….. ауру қосады.

…….. алыс жүрсең де, жолмен жүр.

Өз жауаптарыңды тексер.

1Ұстаздан шәкірт озар.

2 Жақсы дәрігер ауруды жазады, жаман дәрігер ауру қосады.

3 Жүргізуші алыс жүрсең де, жолмен жүр.

1

2

3

Жаңа сөздер:

мүмкіндік –Әр мамандықтың өз мүмкіндігі бар.

дамыт – Адам өз қабілеттерін дамытып , белгілі мамандыққа ие болады.



білікті – Білікті мамандарды әрқашан бағалайды.

арманда –Адам болашақ мамандығын бала кезінен армандайды.

Мәтінді түсініп оқы.

- Табиғатқа қараңдаршы.Табиғатта зор жаратылған алып көп.

«Зор», - десең кит, «күшті»,-десең,піл бар, «Батыл»,-десең,жолбарыс, «мықты»,-десең, арыстан тұр.

Бізді қоршаған дүние-қайнап жатқан мұхит.Жел соғып дауыл көтеріледі.Табиғаттың тағы басқа да толып жатқан зор,өлшеусіз мықты мейірімсіз күштері көп.Бұл керемет күштерге адам қалай қарсы келмек?

Ертедегі адамдар табиғаттың сырын үйренуді армандады.Оны тану үшін зерттеу жүргізді,керегін алу үшін еңбек етті.Еңбегін жеңілдету үшін еңбек құралдарын ойлап тапты,Міне адамның кәсіпке,мамандыққа бейімделуі содан басталды. Жаратылыстың әлі бізге ашпаған сыры өте көп.Біз бар мүмкіндігімізді әртүрлі салада дамытуымыз керек.Бұл –білімді,білікті,жақсы маман болуды талап етеді.

Табиғаттың өзі ұлы,оның сырын тапқан адам одан да ұлы,- деді Табиғатқұмарлар үйірмесінің жетекшісі- Хасен мұғалім,

А.Машанов

1-тапсырма. Мәтінге тақырып таңда.

2-тапсырма

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер

 

Дескриптор
  • Сұрақтардың мағынасын түсінді
  • Сұрақтарға дұрыс жауп берді?

- Мәтінде не туралы айтылған?

- Мәтінде табиғат пен адамның байланысы қалай көрсетілген?

-Сенің ойыңша кім күшті табиғат па, адам ба? Неге?

- Адам не үшін еңбек құралдарын ойлап тапты?

- Адам қай кезде табиғатпен тіл табысады?

1-тапсырма. «Табиғат және адам»

«Мамандық неден басталды?»

«Ұлы табиғат»

 

Дескриптор
  • Сұрақтардың мағынасын түсінді
  • Сұрақтарға дұрыс жауп берді?

- Мәтінде табиғат туралы айтылған.

- Адам табиғатты терең білу ,тану үшін зерттеу жүргізді, еңбек етті.



-Менің ойымша әрине табиғат күшті . Себебі адамның өзі табиғаттың бір бөлігі.

- Адам еңбегін жеңілдету үшін еңбек құралдарын ойлап тапты.

- Адам табиғатқа қамқорлығын көрсетсе, табиғатпен тіл табысады.

«ПОПС» формуласын қолданып мәтін мазмұны бойынша тезиз жаз

1 Менің ойымша .....

2 Оның себебін былай түсіндіремін

3 Оны мына фактілермен дәлелдеймін .....

4 Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім.

Өз жауаптарыңды салыстырып көр

1-нұсқа

1 Менің ойымша табиғатты қорғау керек .

2 Оның себебін былай түсіндіремін, табиғат біздің жалпы «анамыз».

3 Оны мына фактілермен дәлелдеймін адам табиғаттың бір бөлігі, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды.

4 Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім.Табиғат пен адам тығыз байланыста.

Өз жауаптарыңды салыстырып көр

2-нұсқа

1 Менің ойымша табиғат адамнан күшті .

2 Оның себебін былай түсіндіремін, табиғат адамсыз өмір сүреді, ал адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.

3 Оны мына фактілермен дәлелдеймін адам барлығын табиғаттан алады: тамақ.киім,су,ауа.

4 Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім.Адам табиғатқа көп зиян келтірді.

Сабақтың қорытындысы

1 Өлең идеясы мен тақырыбын анықтадық.

2 Етістіктің өткен ,келер шақтарын қайталадық.

3 Сөздік қорымызды жаңа сөздермен молайттық

4 Мәтінді түсініп оқып,тақырыбын анықтадық.

5 Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бердік.

6 «ПОПС» формуласын пайдаланып мәтін мазмұны бойынша тезис жасауға үйрендік.

Жарайсыңдар!!!

Оқу тапсырмасы .

Берілген тақырыптардан біреуін таңдап .эссе жаз

1 Табиғат-ана,сондықтан оны құрметтеу керек.

2 Табиғатпен тіл табысу ғана адамды бақытты етеді.

3 Табиғатты тануға ұмтылыс ,әртүрлі мамандықтардың тууына әкелді.