ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 3
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы
Сарыөзек орта мектебі МДШО
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жас географ
(жер шарына саяхат)
Интеллектуальдық ойын
Сыныптар: 8-11
Өткізген: Б.Карибаев
М.Аманбай
2022-2023 оқу жылы
Тақырыбы: Жас географ
(жер шарына саяхат)
Интеллектуальдық ойын
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,география пәні деген қызығушылығын арттыра отырып,бүгінгі заман талабына сай өзіндік ой- тұжырымы бар, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу.
Құралдар: интербелсенді тақта, Дүние жүзінің саяси және физикалық карталары, кестелер, үлестірмелер.
Барысы: І. Кіріспе бөлім. (Ұйымдастыру кезеңі)
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытынды бөлім. ( Жеңімпаздарды анықтау)
І. Кіріспе бөлім. (Ұйымдастыру кезеңі). Мақсатын түсіндіру, оқушыларды
топқа бөлу, орналастыру, танысу кезеңі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Командалар: 1-топ «Меридиан», 2-топ «Экватор»
Сайыстың кезеңдері:
1- кезең: “Дұрыс-бұрыс минуты. Капитандар сайысы” 1 ұпайдан
2- кезең: “Ең, Ең, Ең ....ойыны” 1 ұпайдан
3- кезең: “Сандықшада не бар” 5 ұпай
4- кезең: “Жұлдыздар сыры” 1 ұпайдан
5- кезең: “Сәйкестендіру” 3 ұпай
6- кезең: “Орын табу” 3 ұпай
7- кезең: “Адасқан обьектіні табу” 3 ұпай
8- кезең: “Географиялық есептер” 5 ұпай
9- кезең: “Географиялық нысандарды тап” 3 ұпай
10- кезең: “Бейне сұрақ” 5 ұпай
1-аялдама: “Дұрыс-бұрыс минуты.
“Экватор” тобына сұрақ
1.Қазақтың тұңғыш географы Шоқан Уәлиханов (дұрыс)
2.“Тайота” автомобилін шығаратын ел Германия (бұрыс)_3.Ватикан_мемлекеті_Римде_орналасқан_(дұрыс)_4.Қазақстан_жер_көлемі_бойынша_Еуразияда_4-ші_орын_алады_(дұрыс)'>(бұрыс)
3.Ватикан мемлекеті Римде орналасқан (дұрыс)
4.Қазақстан жер көлемі бойынша Еуразияда 4-ші орын алады (дұрыс)
5.Қазақстан солтүстігінде Өзбекстан мемлекетімен шектеседі (бұрыс)
6.Қазақстанда 14 обылыс бар (дұрыс)
“Меридиан” тобына сұрақ
1.Мекке мен Медина Египетте орналасқан (бұрыс)
2. Қазақстанның ең төмен нүктесі Қарақия ойысы (дұрыс)
3.Шардара Сырдария өзеніндегі су қоймасы (дұрыс)
4.Қазақстан шығысында Түрікменстанмен шектеседі (бұрыс)
5.Орал тауының Қазақстандағы жалғасы Мұғалжар тауы (дұрыс)
6.Қазақстанның ең биік нүктесі Ақсораң (бұрыс)
2 – аялдама:Кім жылдам? «Ең, ең, ең ...»
«Экватор» тобына:
1. Дүниежүзіндегі ең үлкен материк Еуразия
2. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл Сахара
3. Дүниежүзіндегі ең биік шың Джомалунгмо (Эверест)
4. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек Арабия
5. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама Анхель
6.Дүниежүзіндегі ең үлкен арал Гренландия
7. Дүниежүзіндегі ең ылғалды материк Оңтүстік Америка
«Меридиан» тобына:
1. Дүниежүзіндегі ең ұзын тау Анд
2. Дүниежүзіндегі ең кіші материк Аустралия
3. Дүниежүзіндегі ең терең көл Байкал
4. Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен Ніл
5. Дүниежүзіндегі ең биік тау Гималай
6. Дүниежүзіндегі ең халқы көп ел Қытай
7. Дүниежүзіндегі ең терең шұңғыма Мариана шұңғымасы
3 – аялдама:«Сандықшада не бар?»
Меридиан тобына:
XVI ғасырдың бас кезінде Педро де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік
Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды.
Перуліктер оны папа деп атайды екен.Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды.Ал француздар оны жер алмасы деп,итальяндықтар әуелі Тартуфоль деп атапты.Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады.Оның мұнда тарауында І Петрдің еңбегі зор. Сандықшада не бар? (Картоп)
Экватор тобына:
Бұл күміс сияқты жарқыраған ақ түсті,өте жеңіл.Одан түрлі ыдыс-аяқтар, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланатын бұйымдар жасалынады.Әсіресе,оның басқа металдармен қоспасы өте құнды.Мұндай қоспалар әрі берік,әрі жеңіл болғандықтан, ұшақтарды, ғарыш кемелерін жасауға кеңнен қолданылады.Ол таза күйінде XIX ғасырдың басында өндіріле бастады.Оны балқыту алғашқы кезде өте қиынға түсті.Біразға дейін мұның сирек әрі қымбат болғаны соншалық Франция королінің отбасында одан жасалған пышақ пен шанышқы алтыннан да қымбат,сирек кездесетін зат ретінде қолданылған.
Сандықшада не бар? (Алюминий)
4–аялдама:Жұлдыздар сыры. (Бір жұлдызды таңдап, ондағы сұраққа бірден жауап бер.
(12 жұлдыз)
-
Африка атауы немен байланысты? -
Эраларды ата. -
Аяз атаның мекені? -
Неше климаттық белдеу бар? -
Жердің су қабығы? -
Таулар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді? -
Күн жүйесінде неше планета бар? Аттарын ата. -
Атмосфера қабатын ата. -
Қазақстан қай материкте орналасқан? -
Ең үлкен мемлекет? -
Дүние жүзін тұңғыш айналып шыққан саяхатшы? -
Австралияның байырғы халқы?
5–аялдама:Сәйкестендіру тесті
Экватор тобына
Атмосфера | 78 % |
Озон газы | Озон қабаты |
Азот | Ауа қабаты |
Стратосферадағы маңызды қабат | Стратосфера |
Тропосфера | Озон газы жинақталған қабат |
Көмір қышқыл газы | 21% |
Озоносфера | Атмосфераның төменгі қабаты |
Оттегі газы | 0,03% |
6–аялдама:Берілген сөздердің орнын табу.
І-топ:
1. Л П О Ю С (полюс)
2. Т А Р К А (карта)
3. И А Н М Е Д Р И (меридиан)
4. М Т У З И А (азимут)
5. Е Ф А М О Т А С Р (атмосфера)
6. Қ Л Ы Й О Б (бойлық)
ІІ-топ:
1. А Л Л Ь Л Е П Р А (параллель)
2. Қ З А Ж Ы (жазық)
3. Л П Н А (план)
4. Р Т О К В Э А (экватор)
5. Ф Е С Р А Й Б О (биосфера)
6. С П М А О К (компас)
7–аялдама –Адасқан обьектіні табу.
Экватор Меридиан
1. Альпі - өзен; 1. Карпат - өзен;
2. Баренц – жазық; 2. Кариб – сарқырама;
3. Гибралтар – шығанақ; 3. Дрейк – шығанақ;
4. Дунай – тау; 4. Миссисипи – тау;
5. Батыс Сібір – теңіз; 5. Анхель – теңіз;
6. Гудзон – бұғаз; 6. Бенгаль – бұғаз;
7. Балқаш – қала; 7. Байкал – қала;
8. Париж – көл. 8. Пекин – көл.
Дұрыс жауабы
Экватор Меридиан
1. Альпі - тау; 1. Карпат - тау;
2. Баренц – теңіз; 2. Кариб – теңіз;
3. Гибралтар – бұғаз; 3. Дрейк – бұғаз;
4. Дунай – өзен; 4. Миссисипи – өзен;
5. Батыс Сібір – жазық; 5. Анхель – сарқырама;
6. Мексика – шығанақ; 6. Бенгаль – шығанақ;
7. Балқаш – көл; 7. Байкал – көл;
8. Париж – қала. 8. Пекин – қала.
8– аялдама Географиялық есеп :
Алматы әуе жайныда сынап бағанасы +39С жылуылықты көрсетіп тұр. Ұшақпен көкке көтерілгенде сынап бағанасы -17С көрсетті.
Сұрақ: Ұшақ неше метр биіктікке көтерілді.
Есептің формуласы: 100 м- -0,6С
1000 м- -6С Жауабы: 9000 метр
9 - аялдама – “Географиялық нысандарды тап” (Картадан көрсету)
10 - аялдама – “Бейне сұрақ”
Қорытынды бағалау.