Файл: ош бол, сйікті балабашам!!! Трбиеші Ж. Ж Армысыздар, рметті ауым! Кеше ана жректері лпілдеп, жрексіне, жанжаына таырай арап, Нрббекті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 3
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті балабақшам!!!»
Тәрбиеші Ж.Ж: Армысыздар, құрметті қауым! Кеше ғана жүректері лүпілдеп, жүрексіне , жан-жағына таңырқай қарап, «Нұрбөбектің» табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің бүгін балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің куәсі болғалы отырсыздар. Балаларыңыздың әрқашанда дендері сау болып, қанаттары талмай, білім нәрімен сусындап, биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспін! Сіздерді жақсы қылықтарымен , үлкен нәтижелерімен үнемі қуанта берсін!!!
Тәрбиеші А.Т: Қош келіпсіз, құрметті қонақтар!
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Бұл – алаңсыз балғын шақты балалар!
Тақпақтар
Арын: Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді
Балабақша қош енді.
Алты жасқа толамыз.
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата ананы
Мектепке кетіп барамыз.
Элиф:Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Би биледім ән тыңдап.
Алаңдауды білмедім.
Гүлге толып жан жағым
Асыр салып жүгірім.
Өсті талап талғамым.
Көп нәрсені ұғындым.
Нуриман:Мектеп ана шақырады бізді алдан
Алдымызда талай сан арман
Қоштассақ та балабақшам сенімен
Санамызда өзін берген өнегең.
Нұрсәуле: Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында.
Көп оқыдық, көп білдік,
Ел мен Отан жайында.
Зере: Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың.
Ер жетті деп бөбегің,
Туған отан қуансын.
Ән «Біз мектепке барамыз»
Бестік: -Амансыздар ма, балалар, қонақтар!!! Біз екілік екеуміз дауласып есептің шешімін айтып тұрсам, менікі дұрыс емес деп қоймайды.
Екілік: -Амансыңдар ма, балалар, ия сенікі дұрыс емес. Оның шешімі басқаша. Сен өзің емес анаң немесе ағаң есепті шығарған. Олай емес!
А.Т.: Олай болса балалар, беріңіздерші. Біздің балалар шығарып ойланып көрсін.
«Ойлан , тап» логикалық ойыны
-
Екі баланың қанша құлағы бар? -
Ағашта 10 торғай отырды. Бес торғай ұшып кетті, қанша торғай қалды? -
Айжанда 8 кәмпит бар еді, екеуін інісіне, үшеуін сіңілісіне берді. Айжанда қанша кәмпит бар? -
Қораптың ішінен 6 құлақ көрінеді. Қорапта барлығы қанша мысықтар бар?
Би «Жұптасу биі»
Ән «Әрқашан күн сөнбесін»
Сәнімай: Отырмайтын стол шертіп,
Қағазда болса кем-кетік
Компьютерден бір қарап,
Жүретін ылғи жөндетіп
Не айтсаңыз да мақұл деп
Тәрбиешілер жүрер асығып
Жанар апай сізге де,
Бүгінгі кеште мың алғыс!!!
Екілік: -Балалар, мен сендерге жай келген жоқпын. Осы топтан өзіме дос іздеп келдім. Кім менімененен дос болады? Сендер менімен доссыңдар ғой ия?
Бестік: Жоқ, Екілік! «Айгөлек» тобының балалары сеніменен дос емес, сен шатасып келдің!!! Солай ғой балалар! Олар өте жақсы , үлгілі оқушылар болып өседі. Олар менің достарым!!!
Екілік:-Кәне, онда дәлелдеңдер. Көрейін, білімдеріңді. Дәлелде!
Бестік:- Балалар, сендер білімдеріңді көрсетіп ақылды болыңдар! Қазір ойын ойнаймыз. Бұл ойында дыбысты да айтамыз, есепті де шығарамыз. Дайынбыз ба?
Ойын «Дыбыстарды айту. Есептер шығару»
Бестік пен екілік балалармен ойын ойнайды
Ән «Тәрбиеші»
Мейірім: Өнерге балалар құмар,
Алыстан сізді көрсек
Ән салғымыз келіп тұрар
Біз сізге дән ризамыз
Үйренгенбіз өнер біз
Өнерден қол үзбейміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен «Айна, Айнаш» апайлар,
Сіздерге де мың алғыс!!!
Зере: Тыңдаушы мойныңда
Өлшеуіші қолында
Ақ халатты дәрігер
Әрқашанда орнында
Маңдайымыздан ұстайды
Жүрегімізді тыңдайды
Аузымызға қасық салып,
«А» деп айт деп ымдайды
Көңілді сау саламат
Жүргеніміз сіздің арқаңыз
Қоштасар кез жеткенде
Дәрігер апайларға айтамыз көп саламат!!!
Би « Джентельмен »
Ойын «Ия, жоқ» /Қыздар шығып кетеді/
Шарты:Берілген сұраққа балалар «Ия немесе жоқ» деп жылдам жауап беру керек, жаңылысса ортада өнер көрсетеді.
Сұрақтар: /сұрақтарды тәрбиешілер кезек-кезек қояды/
-
Мектепке біз барамыз ба? -
Кілең бестік аламыз ба? -
Айтқан тілді аламыз ба? -
Ақылды бала боламыз ба? -
Нан жейміз деп жылаймыз ба? -
Ұйықтайыншы деп сұраймыз ба? -
Ойыншықтармен ойнаймыз ба? -
Екі алсақ жылаймыз ба? -
Үлгілі оқушы боламыз ба? -
Шаршадым деп жатамыз ба?
Тақпақтар
Ілияс: Оқимыз, білім аламыз.
Болашақ жолын табамыз
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Үлкендердей тап таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
Мейірім: Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып жазып үйрендік.
Сүйген өз қызын, өз ұлын,
Бөбегім деп аянбай
Балабақшам өз үйім,
Апай болды анамдай.
Исмаил: қоштасып мен бүгін балалықпен,
Қоштасамын сиқырлы балабқпен.
Танысып мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен, даналықпен.
Талшын:Бақшадағы күндерді
Есімізде сақтаймыз
Тәрбиеші еңбегін
Өмірде біз ақтаймыз
Бақшамызды ұмытпай
Келіп кетіп тұрайық.
Сондай кезде апайлар
Қалады ғой қуанып.
Нұрасыл:Өткізіп қызық күндерді
Мектепке кетіп барамын.
Тақпақ айтып тамсанып,
Қимай кетіп барамын.
Райана:қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді
Балабақшам, қош сау бол!
Нұрхан: Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Ұлкен болып өссектеп,
Бақшамызды қимаймыз.
Би « Қуыршақ »
А.Т.: Келесі кезегімізді Расулға береміз:
Расул: Әдемі әрі сымбатты
Болу үшін әрдайым
Жаттығуды әрқашан
Орындау керек ұдайы
Ләззат апай арманы
Шынықтыру біздерді
Сондықтан Ләззат апайға
Алғысымыз көп біздің!!!
Ойын «Мамандық иелері» /3 рет ойналады/
Шарты: Ортада күнбағыс гүліндей әдемі күлтелер дөңгелене жиналған. 7-8 балалар әуен арғағымен билейді. Тоқтаған кезде қай күлтеге тоқтады. Соны көтеріп ата-аналарына көрсетеді. Қай мамандық иесі болды екен көрінеді.
Бестік: Балалар, осындай жақсы маман иелері болуларыңа тілектеспіз, Абай атамыз айтқандай: «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» дегендей осы қазақ халқының керегіне жарап , адал азамат болыңдар! Біз мектепке асығып барамыз. Сендерді мектепте күтеміз!
Бестік:Ал, балалар қош енді.
Ақылды болып қалыңдар.
Біз достармыз мәңгілік,
Бестікті көп алыңдар!!!
Екілік: Қош болыңдар, қош , кеттім,
Дос таба алмай бос кеттім.
Қандай білгір, алғырсыңдар,
Байқамай сендерді дос деппін.
/Бестік пен екілік шығып кетеді/
Ж.Ж.: Керемет, Исмаилға сөз кезегін берейік.
Исмаил: Үйреттіңіздер тілдерді
Келер деп әлі-ақ алдыңа
Бақыт апай
Қабылдаңыздар мың алғыс!!!
Сәнімай: Талай талай баспалдақты аттармыз,
Ата -ананың үмітін де ақтармыз,
Тәрбиеші сізден алған ақылды
Есімізге өмір бойы сақтармыз.
Расул
: Күннен күнге біздер өсіп барамыз,
Үлкен болып қиындықты жеңеміз.
Сіздердің біздер үшін сіңірген
Еңбектеріңіз еш болмайды деп сенеміз.
А.Т: Келесі сөздің кезегін Ілиясқа береміз.
Ілияс: Өзі сондай тамаша
Көз тоймайды қараса
Суретті де салады,
Мүсіндейді жапсырып,
Жанар апай сізге де
Алғыс айтамыз таласа!
Ән «Қош, бол балабақша »
Қоштасу вальсі
/Вальстен кейін бәрі ортада қалады/ Флешмоб «Бақыт құсы»
А.Т.: Ұмытылмай балабақша
Көңілде мәңгі сақталсын
Үміт сенім ақталсын
Жаңа өмір басталсын!!!-деген ізгі тілекпен сөз кезегін балабақша меңгерушісі Жанар Арқабавенаға бергіміз келіп отыр.
Ж.Ж.:Құрметті балалар, осымен «Қош бол, сүйікті балабақшам!» қоштасу кеші соңына келіп жетті. Назар салып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет!!!