Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Информатика 7 сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 99

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар


Информатика

7 сынып













































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7 -сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика » пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.


Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.


2


Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4

«Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

«Желілер және қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 8

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 13

«Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 13

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 17

«Шешімдерді программалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 17

«Шешімдерді программалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау . 1 9

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 22

«Нысандар мен оқиғаларды модельдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 22


3

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты 7.2.1.1 Ақпараттың бір өлшем бірлігін келесі өлшем

бірліктерге аударуды жүзеге асыру.

7.1.1.1 Компьтерлік жады түрлерінің қызметін (Жедел

жады, Тұрақты жады, Сыртқы жады, кэш-жады)

сипаттау.

7.1.2.3 Файлдарды сақтау кезінде әртүрлі форматтарды

қолдану.

7.1.2.2 Әртүрлі форматтағы мұрағаттарды құру және

бумадан шешу.

Бағалау критерийі Білім алушы

• Сандық мәндерді ақпараттың бір өлшем бірлігінен

басқа өлшем бірлігіне аударады.

• Жады түрлерінің қызметін сипаттайды: Жедел жады,

Тұрақты жады, Сыртқы жады, кэш-жады.

• Бірдей ақпарат сақталған түрлі пішімдегі

файлдардың өлшемдерін талдайды.

• Түрлі пішімдегі мұрағаттарды құрады және

мұрағаттан шығарады.

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 20 минут

Мектебі: «Шұғыла» Сыныбы: 7 Күні: 25.09.2018 жыл

Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Темиров Абжаппар

Оқу тоқсан: 1 БЖБ №1 Бөлімі: Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады

Орындау уақыты: 20 минут Білім алушының аты-жөні:_____________________

Тапсырмалар

Мақсат биология пәнінен реферат жазу үшін гүлдердің суретін салды. Берілген суреттер жедел жадыда сақталған.



Бір гүлдің суретін сақтау үшін 10 Кб қажет. Жедел жадының әрбір ұяшығының өлшемі 10 Кб тең.

а. Жедел жадыда қанша көлемде бос орын қалғанын анықтаңыз.

_________КБ=_______________байт

2. Мақсат көлемі 4500 байт құрайтын docx форматында мәтіндік редакторде реферат құрды.