Файл: Жаа жыл 2022! Фанфар ортаа 2 жргізуші шыады. Дулет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жаңа жыл 2022!

Фанфар: ортаға 2 жүргізуші шығады.

Дәулет: Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы Ассалаумағалейкум!

Еркеназ: Армысыздар, бармысыздар,замандастар құрдастар ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

Дәулет: Аппақ бүгін қыр далам,

Ақ матаны жапқандай.

Бүкіл әлем- бір ғалам,

Қонақ күтіп жатқандай.

Еркеназ: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде -әр қылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

Дәулет: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Барыс жылы құтты болсын

Еркеназ: Барыс-айбындылықтың символы. Табиғаты ерекше көшбасшылықты бейнелейтін алғыр жануар екені бәрімізге белгілі. Ендеше келер жыл тек қана олжалы жыл болсын!

Дәулет: Келесі кезекті жаңа жылға арналған өлең шумақтарына берейік.

Еркеназ: Ән: «Жаңа жыл» орындайтын Әлия Саматқызы

Дәулет: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық.

1 – ойын: 3 оқушы шығады.Салфеткадан қар суретін қию керек.кім 1-ші сол жеңімпаз (1минут)

Еркеназ: Ал халайық тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Жырдан шашу шашайық!

Ән: «Жаңа жыл» хормен

Еркеназ: Ал енді келесі кезекті келесі ойынға береміз. 2-ойын. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың біреуін тапдап алады 2 жұп.. Жұптар шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруы керек, және аяқпен де басуға болмайды. Шарды жарып тапсырманы орындайды. Егер орындамаса сыйлықтан құр қалады.

Дәулет: Ал енді ойынды бастайық. (сұрақтарды оқиды)

Дәулет: Ендігі кезекті мың бұралған биге береміз: Аяулым Бауыржанқызы

Дәулет: Бәрекелді жарайсың ал енді достар 3-ойынымызға да кезек келді..4 оқушы қатысады.Келесі ойынымыз «Бірнеше сағыз шайнап Жаңа жылға тілек айту»деп аталады. Ең ұзақ тілек айтқан адам жеңімпаз болады.

Еркеназ: 4-ойын. Келесі кезектегі ойынымыз «Шам үрлеу» деп аталады. 4 оқушы қатысады.Кім көп шамды сөндіреді шамның жанындағы сыйлықты алады.

Дәулет: Ал енді 2022 жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез келді. Бүгінгі кеш қонақтарына бір-бір стикерден таратылады. Бұл тапсырманы ұнатқан адамына жабсырады. Ең көп жинаған ұл мен қыз Ханзада Ханшайым атанады.

Еркеназ: Жүздерің әрқашан жарқын,көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.

Дәулет:
Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді әрі қарай бимен жалғастырайық.