Файл: Блім 10. 1 D стехиометрия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

10.1 D Стехиометрия

Педагогтің аты-жөні

Сейтбаева А

Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны: 6

Қатыспағандар саны: жоқ

Сабақтың тақырыбы:

Бастапқы заттардың біреуі артық мөлшерде алынғандағы реакция өнімінің массасын есептеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

10.2.2.2 бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері (массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек сандарын) есептеу;

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

Бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері бойынша есептер шығару

Жұмыс барысына сәйкес практикалық жұмыстарды жасайды;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті


Бағалау

Ресурстар




ЕҚБ

Сабақтың басы:

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларымен амандасу.Сынып оқушыларын түгелдеу.Сабақтың тақырыбын айту.Оқу мақсатын оқушылармен бірге талдау.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.


Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


ҚБ. Бірін- бірі бағалайды

Оқулық



Сабақтың ортасы:

5 мин


13 мин

10 мин

8 мин

) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

1.Тапсырма

Түрлі агрегаттық күйдегі заттардың құрылыс модельдерін сипаттап береді




2-тапсырма . «Өз шешіміңді тап» әдісі арқылы оқушылар есептер шығарады

1 Зат мөлшері 4 моль сутегі газы қалыпты жағдайда қандай көлем алады? Есептеңіз

Көлемі 2л сутек хлормен (қ.ж.) әрекеттескенде түзілетін хлорсутектің көлемін табыңдар

Массасы 128 г күкірт (IV)оксидінің зат мөлшерін және оның стандартты жағдайдағы көлемін есепте?

2Al+3H2SO4=Al2(SO4)3+3H2

Реакция теңдеуін пайдаланып алюминий мен күкірт қышқылының массасын, сутектің көлемін (қ.ж.)есептеу керек.
2 – ші қосымшада тапсырмасы беріледі

ерекше қажеттілігі бар оқушыға берілген реакция теңдеулері арқылы өнімнің массасын анықтайды


3-тапсырма «Ойна ойла» әдісі арқылы есептер орындайды
1) Массасы  29,2 г  тұз қышқылы мен массасы  44 г натрий гидроксиді бар ерітінділерді араластырғанда түзліген ас тұзының массасын есептеңіздер.
Жауабы:  46,8 г.

2) Массасы  47 г  калий оксидіне массасы  40 г  азот қышқылының ерітіндісімен әсер етті. Реакция нәтижесінде түзілген  калий нитратының массасын есептеңіздер.

Жауабы:  64,12 г.

3) Массасы  40 г  мыс (II)  оксидіне массасы  49 г  сусыз күкірт қышқылымен әсер етті. Түзілген тұздың массасын есептеңіздер.

Жауабы:  80 г.

4) Массасы  36 г алюминийге массасы  64 г  күкіртпен әсер еткенде, түзілген алюминий

сульфидінің массасын есептеңіздер.

Жауабы: 100 г.

Мұғалімді мұқият тыңдайды. Сұрақтарға ауызша жауап береді. Әңгімелесу барысында жұмыс дәптеріне жазып отырады

Оқушылар есептер шығарады


Мұғалімді мұқият тыңдайды. Сұрақтарға ауызша жауап береді. Әңгімелесу барысында жұмыс дәптеріне жазып отырады

Оқушылар есептер шығарады


Оқушыға берілген реакция теңдеулері арқылы өнімнің массасын шығарады



Мадақтама әдісі

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Суретті талдау

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Тапсырманы орындайды


Дескрипторы:

КБ: «Бас бармақ» әдісі



Дескриптор: Жалпы - 4 балл

1.Әр дұрыс жауапқа 1балл


11-сынып оқулығы. Кесте

Оқулық

https://youtu.be/eKGUX5YVqBY

11 сынып оқулығы Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы:

2 мин

Рефлексия. 

  «Бір ауыз сөз» әдісі.

Педагог сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Үйге тапсырма

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді.

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді.




Жұмыс дәптері