Файл: Ата аналар жиналысы ТаырыбыОтбасы трбиені ясы Масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 3

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ата- аналар жиналысы:

Тақырыбы:«Отбасы- тәрбиенің ұясы»

Мақсаты:     

  1. Тақырыптық жиналыс өткізе отырып, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасау. Оқушылардың оқу-тәрбие сапасын көтеру  мақсатында ата-аналар пед. ұжыммен тығыз байланыста болу.  

  2. Ата-аналарды мектеп, сынып өміріне араластыру.

  3. Оқушылардың оқу үлгерімінің сапасын арттыру мақсатында  ата-аналардың сабақтарға қатысуын қамтамасыз ету.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар!

Ата- ананың басты қуанышы, қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады. Баланың сапалы білім алуы балаға, мұғалімге, ата – анаға байланысты. Осының ішіндегі ата - ананың білім сапасын көтерудегі рөліне тоқталсақ.

● Баланың денсаулығын сақтау;

● Психологиялық көңіл - күйі;

● Материалдық көмек;

● Жүйелі қадағалау;

● Уақыт бөлу, бағыттау, қадағалау, көмектесу.

Енді ата аналар мен сауалнама өткіземіз.

2. «Қызықты сұрақтар» ойыны.( доп лақтыру арқылы)
 1. Балаңыздың туған күні?
 2. Сынып жетекшісінің  толық аты-жөні?
 3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
 4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
 5. Балаңыздың досы кім?
 6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
 7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
 8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
 9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі? 

Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем» 
Сәби бақыты, ол –
 Ата – ана бақыты, ол – 
 Әйел бақыты, ол –
 Ер – азамат бақты, ол – 
 Ұстаз бақыты, ол – 



Отбасы бақыты, ол-  

Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп – көп рахмет. 

2. І тоқсандағы оқу қортындысы.

5 сыныпта 8 оқушы. Соның ішінде 4 екпінді және 4 оқушымыз үштік бағасымен осы тоқсанды аяқтады. Жалпы сынып жаман емес сапалық көрсеткіші 50% болып отыр.