Файл: за мерзімді жоспарды тарауы 1блім. Апаратты этикет (орта таырып Саяхат) Мектеп.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») | Мектеп: Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі «Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі » КММ | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ермуханов А.С. | |||
Сынып: 1 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||
Сабақтың тақырыбы | Өз денсаулығымызды сақтаймыз. | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау. | |||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы үшін: Информатика кабинетінде тәртіп және қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды үйренеді. Оқушылардың көбі үшін:Информатика кабинетіндегі техникалық құралдарды пайдалануды біледі. Кейбір оқушылар үшін:Информатика кабинетіндегі құралдардың қызметін біледі. | |||
Бағалау критерийі | - информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтайды. | |||
Тілдік мақсаттар | Лексика мен терминология : Информатика кабинетінде тәртіп және қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды үйрену.(Қауіпсіздік- Безопасность-Safety). | |||
Құндылықтарға баулу | Құрмет пен ынтымақтастық жұппен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады тәртіп және қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды үйренеді. | |||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | «Ширату тапсырмасы», «Мадақтау сөз», «Құпия сандық»,«Миға шабуыл»,«Ойлан, жұптас, бөліс»,«Ұялы телефон», | |||
Пәнаралық байланыс | Ағылшын тілі, дене тәрбиесі. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 1-7 мин. (1-2 слайд) | Сыныппен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сыныпта жақсы атмосфералық ахуал тудыру мақсатында «Ширату тапсырмасы» «Айна» ойыныәдісін пайдалана отырып, Психологиялық ахуал қалыптастыру. жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды солға, солды оңға қарай жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Музыка | ||||||||||
Топтастыру (3 слайд) Ой қозғау. (4 слайд) Дәптермен жұмыс (5 слайд) Жаңа сабаққа дайындық. Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру. Жаңа тақырыпты түсіндіру | «Құпия сандық» әдісі Оқушыларға құпия сандықтан бір қағаз қиындысынан алуға нұсқау беріледі. Қағаз қиындысында берілген сөздер бойынша жұпқа жинақталып, бірігеді. 1-жұп: «Информатика» 2-жұп: «Компьютер» Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Оқушылар сөздерді таңдап, жұпқа жиналған соң, ол туралы өз ойларын айтады. «Миға шабуыл» әдісі Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. Интерактивті тақтадан төмендегі сурет көрсетіліп, суреттегі қалаға саяхат жасау тапсырмасы беріледі Балалар суретке саяхат жасап біткен соң, келесі сұрақтарға жауап береді.
Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Жұмыс дәптеріндегі №1тапсырманы орында. Төмендегі суреттерден информатика кабинетін тауып, оны белгіле. Қысқаша сипаттап жаз. «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Мұғалімнің кіріспе сөзі Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Мұғалімнің сөзі: Балалар, бұл суретте информатика кабинеті бейнеленген. Ол жерде АКТ сабағы өтеді. Кабинетте компьютерлер бар. Кабинетті пайдаланудың өз ережесі бар. Мұғалім балаларды өздері оқып жатқан информатика кабинетімен таныстырады. Видеоролик «информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау». | Сандықша, қағаз қиындылары. Жұмыс дәптері. Видеоролик | ||||||||||
Сабақтың ортасы Түсіну | 1 – тапсырма: Оқулықта интерактивті тақтадан берілген суреттеріне назар аударып. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі. Суреттерге назар аудар! Информатика кабинетінде не істеуге болмайды? Себебін түсіндіріп көр.
2-тапсырма:Интерактивті тақтадан компьютер алдында отырған оқушыларды бейнелейтін 4 сурет көрсетіледі. Компьютердің алдында отырудың ережесі бар. Кім компьютер алдында дұрыс отыр?
Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын! | Оқулық, интерактивті тақта Интерактивті тақта Интерактивті тақта | ||||||||||
Сергіту жаттығуы | Оқушылар интерактивті тақтадағы видеороликтен жаттығулырды қайталап жасайды. | видеоролик | ||||||||||
Қолдану | 3 – тапсырма: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интерактивті тәсіл. Интерактивті тақтада 3 сурет көрсетілгеннен кейін әрбір оқушы жеке өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (1-2 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 2-3 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.
Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Интерактивті тақта | ||||||||||
Сабақтың соңы Кері байланыс Үйге тапсырмасын беру | «Ұялы телефон» әдісі Оқушылар тақтадан СМС (хабарлама) алу арқылы төмендегі сұрақтарға жауап береді. - Бүгінгі тақырып не туралы болды? - Бүгінгі тақырыпта не ұнамады? - Бүгінгі сабақтан не білдің? - Менің қолымнан ... келеді. Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөз» әдісі арқылы жүргізіледі: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Үйге тапсырма: §1. Өз денсаулығымызды сақтаймыз. Оқулықтың 6 – 8 -бет мазмұндау. | Смс хабарламалар | ||||||||||
Бағалау | «Сабақты бағалау» стикерлер арқылы бағалау. | интерактивті тақта стикер | ||||||||||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. | ||||||||||
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Мадақтау сөзі» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |