Файл: Таным бадарламаларды сатау,растыру,жинау,сараптау жне айтандеу бойынша сезім мен ойлау ісрекеті. Методология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ГЛОССАРИЙ


Таным -бағдарламаларды сақтау,құрастыру,жинау,сараптау жəне қайтаөндеу бойынша сезім мен ойлау іс-əрекеті.
Методология -білімді практикалық тұрғыдан қолдану,құрастыру,жаңғыртудың эффективтік тəсілдерін орнату принциптерінің жүйесі.
Эпистемология - (грекше таным,оқу,сөз)таным теориясы,гносеология.Бұл термин американ, француз жəне неміс философиясында кең қолданылған. Терминнің шығуы философияны онтология жəне эпистемологияға бөлген шотланд философы Дж. Ф. Ферьеден туындайды («Метафизика негіздері», 54 ж.).
Рационализм -таным теориясын ақыл-ойдың көмегімен қолдану.Рационализімге сүйене отырып, жалпылық жəне қажеттілік жетілген білімнің логикалық белгісі, оның тəжірибесінен жəне жалпылығынан бөліп қарастырмайды. Олар ақыл ойдан жəне түсініктен, яғни ақыл-ойдың туғанынан бастап беріледі (Декарттың теориялық идеялары) немесе ойдың болжамы ретінде түсініктен алынған.
Эмпиризм -таным теориясы туралы ілім,ол бойынша ақиқатты тəжірибеарқылы тануға болады. Бұл ілім сезімдік тəжірибені білімнің жалғыз қайнар көзі деп есептейді, барлық білім тек тəжірибе арқылы келеді дейді.
Сенсуализм -сезім түйсіктері арқылы дүниені танып білу.Бұл білімсаласы танымды сезіну арқылы танудың бір бөлімі.
Солипсизм -субъективті идеализмнің шекті түрі.
Агностицизм - (гр.білім жəне жоққа шығару)əлемді толық танып-білугеболмайды деп қарастыратын білім саласы.
Методология принциптері -əдістер,тəсілдер,методикалар жүйелердіңнегізгі ережелері мен негізі болып табылады.
Эмпириялық білім -рационалды білімнің төменгі түрі,эмпириялықобъектерді бақылау операцияның нəтижелері мен эксперименттердің қорытындысын ойлау арқылы түйіндейтін жəне тіл тəсілдер арқылы қорытындыланатын білім.
Эмпириялық танымның əдістері -бақылау,эксперимент,сипаттама,абстракциялау, индукция, материалдық модельдеу, экстраполяция т.б.


Теориялық білім -білімнің эмпириялық пен метатеориялық деңгейлердіңарасындағы білім; өз пəндігімен эмпириялық білімнен ерекше; олар - идеалдық объектілер; логикалық ұйымдастыру деңгейі жоғары; дедуктивтік-аксиоматикалық əдістер арқылы дəлелденеді.
Теориялық əдістер -идеялдандыру,ойлау эксперимент,математикалықмодельдеу, білімнің логикалық ұйымдастыру, дəлелдеу, интерпретация т.б.

Эврилогия -əлеуметтік маңыздылығы бар,жаңалық,жаңа идея,жаңатеория мен жасамды материалды объектерді жасау жолдары мен тəсілдер туралы ғылым; шығармашылық теория оның синонимі болып табылады; объектке бағытталған пікірлер шығармашылық процестердің психологиялық механизмі шығармашылықты меңгеру, өнімділік түрін нығайтатын себептерді қамтитын хронотоптық пікірлер; 3 бөліктен тұрады: шығармашылықтың онтологиялық негіздері, шығармашылық процестің нерв жүйесімен ми өзгешелігімен байланыс түрі, индивидуалды шығармашылықтың өзгешелігі туралы (методикалық шығармашылық туралы теория қазір өзекті).
Методологиялық сана -продуктивті зерттеу іс-əрекетке жету үшін жəнеғылымдылықтың мөлшері туралы ғылыми ұжыммен қабылданған пікірлердің жиыны, кең түрде ғалымдармен кəсіпкерлік қызметінде қолданылады.
Метатеориялық танымның əдістері -ғылыми теориялардыңнегіздерін талдау, ғылымның мазмұны мен əдістерінің философиялық интерпретациялау, ғылыми теориялардың əлеуметтік жəне практикалық қажеттілігіне баға беру т.б.
Ғылым –əртүрлі заттар мен объектілерді,олардың қасиеттері менқатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нəтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі: пəнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дəлел, эмпириялық жəне теориялық дəлел, логикалық дəлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін құрастыра жəне жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі əлеуметтік жүйе болып табылады.
Ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен үрдістердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген, қисынға келтірілген білім жəне объективті шындық.
Ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша əлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мəдениетінің жоғарғы саласы.
Ғылым философиясы -философияның бір аймағы,пəндік тұрғыданғылыми білім жүйесін, ғылымның жалпы қүрылысын, қызметтері мен даму заңдылықтарын зерттейді; когнитивтік қызметін қарастырады; ғылым


əлеуметтік институт ретінде жəне қазіргі қоғамның инновациялық жүйесінің негізі ретінде қабылданады. Ғылым философиясының мақсаттары: философия мен ғылым арасындағы қатынастардың механизімін іздеу; əртүрлі ғылымдар мен ғылыми теориялардың философиялық мəселелері мен философиялық негіздерін зерттеу; ғылым, мəдениет пен қоғамның өзара қарым-қатынасын анықтау. Қазіргі ғылым философиясының негізгі салалары: ғылым онтологиясы, ғылым гносеологиясы, ғылым

методологиясы мен логикасы, ғылым аксиологиясы, жалпы ғылым əлеуметтануы, ғылыми қызметтердің экономикалық жəне құқықтық реттеуінің жалпы сұрақтары, ғылыми-техникалық саясат пен ғылым меңгеруі.
Білім дегеніміз-материалдық жəне рухани құбылыстар туралы шынайыəрі нақты мəліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнелеуі.
Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, қисын тұрғысынан ұйымдасқандығымен жəне теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-əрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Əрі ол таным процесінің күрделі нəтижесі болып табылады.
Ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы, құрылымы жəне өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейтін философия шеңберінде қалыптасқан өзгеше сала, пəн.
Экстернализм -бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуынасыртқы əлеуметтік-экономикалық факторлар əсер етеді жəне əскери істің қажеттіліктері себеп болады. Оның өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А. Кромби, Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев т.б. Яғни ғылымға əсер ететін - қоғамның сұранысы.
Интернализм -бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуығылыми идеялардың өзіндік заңдылығымен негізделген тарих. Өкілдері: А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер т.б. Өзінің қорытындыларына қарамай, интерналистер ғылымның нəтижелері нақты ғалымның іс-əрекетінен тыс болса да, сол ғалымның ой санасында қалыптасады деп тұжырымдайды.
Мəдениет -құндылық,процессуалдық,пəнділік пен нəтиже түріндеанықталған адамзаттың (əлеуметтік) іс-əрекеті; өндіріс қарулары мен құралдарынан, ғимараттар, əлеуметтік институттар мен саяси мекемелерден бастап тіл, өнер, дін жүйелері мен ғылыми шығармалары, адамгершілік жəне құқық нормаларына дейін адамның бүкіл материалдық жəне рухани мақсатты қызметін қамтиды.


Өркениет -қоғамды табиғаттан ерекшелендіретін категория;өркениеттіңбастауында қоғамды өзіндік негізі жəне ішкі заңдылықтары арқылы дамытатын деңгейі жатыр.
«Өркениеттілікті» біз қоғамның «жасамды» технологиялар арқылы қызметі мен дамуы деп түсінсек, сондай да рационалды жоспарлауға, қоғамдандыруға, қызметтерінің нəтижелерін өзі анықтауға негіздейтін «өркениеттіліктің» мақсаттылығы мен кооперациялығы жəне еркіндік сəттері дейміз. Өркениет қоғамның табиғат патшалығынан ықтимал түрінде автономды жəне рационалды жүйе ретінде бөліну жағдайда.

Өркениет пен мəдениеттің бағыттарын ажырата білу қажет. Өркениет - құралды болса, мəдениет - адамгершілік пен ақылдың биіктігі. Өркениетті - былжырақтық, ал мəдениетті - дүниеқорлық бұзады. Мəдениет - даңққа, өркениет - батырлыққа шақырады. Мəдениет талап етеді, ал өркениет борышын атқарады. Мəдениет рухани маңыздылығымен үстемді, ал өркениет - материалдылығымен бағындырады. Мəдениет тұтқасы - рухтың мұқияты болса, өркениеттің тұтқасы - ұйымдастыру болады.
Дəстүрлі қоғам (индустриалды қоғамға дейін,қарапайым қоғам) -өзініңмағынасында дəстүрлі əлеуметтану мен мəдениеттануда адамзаттың индустриалды даму кезеңге дейін даму сатысын мағыналық тұрғыда қамтитын ұғым. Бəріне ортақ дəстүрлі қоғам туралы теория жоқ. Ол туралы түсінік негізінде қазіргі əлеуметтік-мəдени модельге ассиметриялы түсінік болады; яғни, оны индустриалды өндіріспен айналыспайтын халықтардың өмірінің нақты фактілерін генерализациялау деген түсінік. Заттық қатынас мүлдем жоқ, немесе азғантай əлеуметтік таңдаулылардың (элитаның) жіктік қажеттілігін қанағаттандыруға арналған. Əлеуметтік қатынастың құрылысының негізгі қағидасы қоғамның қатаң иерархиялық стратификациясы болып табылады, сондай ақ, ол эндогамдық касталардан тұрады. Негізгі əлеуметтік қатынастарды құрастыратын түрі - жабық, бəрінен ақшақталған, жабық қауым. Осы жағдаймен мінез-қылықтың дəстүрлі нормаларын қатал түрде ұстану түбінде тұлғаның индивидуалды белсенділігі мен құндылығын жояды. Осының салдары: əлеуметтік жинақтың мүмкіндігін жоққа шығарады; саяси билік бір каста, клан, жан ұяның қолында жұмылдырылады; жазбаша өнердің жоқтығы, немесе ол нақты жоғары шенеуніктер мен абыздардың артықшылығы. Сонымен қатар, жазу көбінесе қарапайым тілдермен емес, ерекше жоғары тілдермен дамиды (орта ғасыр Еуропада - латын тілі, Таяу Шығыста - араб тілі, Арғы Шығыста - қытай тілі). Сөйтіп, мəдениетті ұрпақтарға жеткізу (трансляциялау) вербальды, фольклор түрінде болған; негізгі əлеуметтік институт - жанұя. Ұлт туралы қазіргі теорияларда дəстүрлі қоғам деген ұғым кездеспейді, оның орнына «аграрлы» немесе «аграрлы жазбаша қоғам» деген ұғымдар кең қолданылады (Э. Гелнер, Б. Андерсон, К. Дойч).
Техногендік қоғам (батыс өркениеті) -ХV-ХVІІ ғғ.Еуропа аймағындапайда болған техногендік қоғамдар. Оның даму жылдамдығы өте жоғары. Негізгі қабылданған ережелерді жаңа түрде құрастыру мен жаңаландыру


қабілеті жоғары жəне осы бəрі оның дамуының ішкі негізі болады. Негізгі құндылықтарға инновация мен жаналық жатады. Техногендік қоғамның бейнесі



  • Гиннес рекордтары туралы кітап. Техногендік қоғамның мəдениет матрицасы үш кезенен өтеді: индустриалдыға дейін, индустриалды, постиндустриалды. Негізгі қасиеті - техника мен технологияның дамуы. Техногедік қоғамның өмірлік уақыты - 300 жыл. Өзінің ішкі мəнінде ол агрессивті жəне мəдениеттің сакраменталды дəстүрін жояды. Дамудың техногендік типі - табиғи қоршаған ортаның тез өзгеруі жəне адамдардың қоғамдық қатысының трансформациясы. Сыртқы əлем адамның қызмет аренасына айналады. Адам - орталық, белсенді іс-əрекетті жан, ол өзінің іс-əрекетін сыртқа бағыттайды. Жалпы мəдени қатынастар «күш» категориясы арқылы анықталынады - өндірістік күш, білім күші, интеллектуалды күш.


Техника -адамға қажетті қызметтер мен операцияларды атқаратынжүйелердің элементтерінің аралығындағы қатынастарды түсіндіретін заңдар мен қасиеттер туралы ғылыми білімдермен негізделген көп түрлі материалды объектілер мен жүйелер. Техниканы басқаша ғылымның «темір» түрде іске асуы дейді.
Технология -адаммен келесіде пайдаланатын қажетті жəне пайдалықасиеттері бар, өнімдерді жарататын материалдық үрдістер мен операциялардың дəйектілігі.
Рух туралы ғылымдар -əмбебап құндылықтар,оның табиғаты мен адамөмірінде көрінісі мен қызметтерін, адамдардың жеке жəне ұжымдық мінез-құлықтарын зерттейтін гуманитарлық пəндер жүйесі. Рух туралы ғылымдарға қатысты: құндылық теориясы, мəдениет тарихы мен теориясы, жалпы тарих, дін тарихы, философия тарихы, өнер тарихы, саяси жəне əлеуметтік тарихы, ғылым тарихы, жантану, мінез-құлық туралы ғылым.
Мəдениет туралы ғылымдар -адамзат іс-əрекетін негізгі жақтарында:пəндік, мақсаттық, процессуалдық жəне нəтижелік түрде зерттейтін көп түрлі ғылыми пəндер. Мəдениетті адамның іс-əрекетінің өнімі бойынша материалды мен рухани деп бөледі; пəндік іс-əрекеті тұрғысында - ол өндіріс, əлеумет, бағдарлама т.б. қамтиды; процесс қасиетіне қарағанда - шығармашылық, репродуктивті, өзгеріс, даму; мақсат тұрғысында - жоғарғы жəне төмен т.б. болады. Өзінің өзгеше аспектілерінің біртұтастығында мəдениет адамзат өркениетінің құрылысының негізгі жаратушысы (ежелгі Мысыр мəдениеті, ежелгі Үнді мен ежелгі Қытай мəдениеті мен өркениеті, орта ғасыр Еуропа мəдениеті мен өркениеті т.б.). Мəдениет туралы ғылымдар: археология, мəдениеттану, антропология, тарих.