Файл: Осы сабата ол жеткізілетін оу масаттары (оу бадарламасына сілтеме).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Бір өлшемді массив | | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.3.1. программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында бір өлшемді массивті қолдана отырып программа құрастыру | ||||||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||||||
Бағалау критерийі | - Массивтің атауын, айнымалылардың типін, элементтер санын көрсетіп, программалайды; - Программалау кодының қателіктерін тауып, нәтижесін шығарады; - Массив элементтерін енгізіп, параметрлі цикл қолданып шығара алады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты терминология Массив - массив – array Деректер типі – Типы данных – Data type Индекс – Индекс – Index Элемент – Элемент – element Үтір – Запятая – coma Қол жеткізу – Доступ – To access Орын ауыстыру – Замена - Swap Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Әрбір айнымалы ... деп аталады Массив элементтерінің мәні ... Python-да массивті пайдалану үшін ... импорттау қажет. | ||||||||
Құндылықтарға баулу | «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген, экономикалқ өсу» құндылығы негізінде жаһандық бәсекеге қабілетті , өндірісті білім беру жүйесінің жаңғыруына байланысты құндылықтарын игерту арқылы оқушларды ізденімпаздыққ, жаңашылдыққа баулу. | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика (реттік номер, модуль, индекс) Ағылшын (программалау тілдері, операторлар) | ||||||||
Алдыңғы білім | Python тілінде деректер типтерін, таңдау операторын, параметрлі цикл, соңғы және алғы шартты циклдардарды біледі | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру Тренинг «Құбыр» 2 мин «Сандарды таңда» 1 мин «Ыстық картоп» әдісі 2 мин | Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Құбыр» Оқушылар ақ қағаздан жасалған құбыр бөліктерін бір-біріне жалғайды. Оқушылар бірігіп жасаған құбырдан допты межеге еш кедергісіз жүргізу қажет. Топтарға бөлу. «Сандарды таңда» Оушыларға нақты сандар, бөлшек сандар, символдар жазылған кеспе қағаздары таратылады. Әр бір оқушы таңдап болғаннан кейін, нақты сандарды таңдағандар І топ, бөлшек сандар таңдағандар ІІ топ, символдарды таңдағандар ІІІ топ болып, 3 топқа бөлінеді. «Ыстық картоп» әдісі. Оқушылар шеңберге тұрады. Доп – ыстық картоп болады. Әуен қосылғанда балалар бір – біріне тез – тез допты лақтырып береді. Кімнің қолынан доп түсіп қалады, сол оқушы сұраққа жауап береді. Солай барлық сұрақ жалғасын табады.
Қалыптастырушы бағалау: Дұрыс жауап берген оқушыны смайликтер арқылы бағалау. | Құбыр, доп Кеспелер Слайд 1 | |||||||
Сабақтың ортасы «Ой қозғау» әдісі 1 мин «Терминдер конверті» әдісі 2 мин «Өрмекші» әдісі 15мин Деңгейлік тапсырмалар 10 мин Көз жаттығуы 1 мин | Оқушыларға «Сандарды таңда» әдісінде таңдаған сандар мен символдар арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашамыз. Сонымен сабағымыздың тақырыбы: «Бір өлшемді массив». Тақтаға шкафтың суретін шығарып, жетелеуші сұрақтар арқылы балаларға ой салып, сабақтың мәнін ашу. Әр топтың ойын сұрау. Шкаф – бұл массив Суырма номерлері – бұл индекс Суырма ішіндегі заттар – массив элементтері «Терминдер конверті» әдісі арқылы «Бір өлшемді массив» тақырыбынды қолданылатын терминдерді қолданады. Әр топтан бір оқушы шығады. Мұғалімнің қолындаағы конвертте жазылған терминдерді алып, өз тобына түсіндіруі керек. Терминді айтпайды. Тобындағы оқушылар қандай термин екенін табу керек. Массив - массив – array Деректер типі – Типы данных – Data type Индекс – Индекс – Index Элемент – Элемент – element Үтір – Запятая – coma Қол жеткізу – Доступ – To access Орын ауыстыру – Замена – Swap Қалыптастырушы бағалау. Оқушылар өз-өздерін бағалайды. «Өрмекші» әдісі арқылы үш топқа «Бір өлшемді массив» туралы, программа құру жолдары, қолданылатын операторлар туралы ақпарат таратылады. Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын салып, басына тақырыпты жазады. Денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды. Қалыптастырушы бағалау «Гүлдер» әдісі. Көк гүл – мен өте жақсы түсіндім, барлығына түсіндіре аламын. Сары гүл – мен түсінемін, барлығын емес. Қызыл гүл – ештеңе түсінбедім. Қолдану. № 1 тапсырма. Топтық жұмыс Python программалау ортасында программаның кодын құрып, нәтижесін шығарыңдар. 1 - топ. Пернетақтадан 4 бүтін сан енгізіп, сол сандарды бір қатарға шығаратын программаның кодын құрып, нәтижесін шығарыңдар. 2 -топ Кесте элементтерінің қосындысын табу туралы программа құрыңдар. 3 - топ Массив элементтерінің ішінен ең үлкенін мәнді табатын программа құрыңдар. Дескрипторлар
Қалыптастырушы бағалау: берілген тапсырма бойыншаекі топ бір-бірін тексеріп, қошемет арқылы бағалайды. № 2 тапсырма. Жұптық жұмыс Программа кодынан 3 қатені тауып, программаның нәтижесін шығар. from array import array A=array("i") N=int(input()) A=[0]*N for i in range(0,N): A[i] = int(input()) print(A[4:]) Дескрипторлар
№3 тапсырма. Жеке жұмыс Бір өлшемді массив элементтерінің мәнін енгізу және шығару үшін параметрі бар цикл қолданып программа кодын құр. Дескрипторлар
Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ» әдісі. Көз жаттығуы. Оқушылар орнында отырып көз жаттығуларын жасайды. | Bilimland.kz Слайд 3 Слайд 4 Слайд 5 Постер Слайд 6 Слайд 7 Слайд 8 Слайд 9 Слайд 10 | |||||||
Сабақтың соңы Кері байланыс 3 мин Рефлексия 2 мин Үйге тапсырма 1мин | Plickers.сom арқылы дайындалған бүгінгі сабақтан алған білімдерін тестілеу. Қалыптастырушы бағалау: Тест қорытындсы бойынша оқушыларға жұлдызша таратылады. «Көңіл-күй кемпірқосағы» әдісі арқылы рефлексия жүргізіледі «Маған қызыты болды…» «Біз бүгін сабақта реттедік…». «Мен бүгін түсіндім…» «Мен бүгін білдім…» «Мен бүгін үйрендім…» «Маған қиын болды…» «Келесі сабақта мен білгім келеді …» Бір өлшемді массив туралы қосымша ақпарат | Plickers.сom Слайд 11 | |||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||
Мақсат бойынша саралау. Сабақтың мақсатына сай түзету, жетілдіру, педагогикалық қолдау көрсеу шаралары, қосымша шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту жүзеге асырылады. Тапсырма бойынша саралау. Оқушыларға түрлі тарапта материалдар, кеспе қағаздары мен жаттығулар ұсынылады. «Деңгейлік тапсырмалар», «Топпен жұмыс», «Жұппен жұмыс» Нәтиже бойынша саралау. Оқушларға бірдей тапсырмалар ұсынылады, бірақ түрлі деңгейдегі жауап күтіледі. Топқа бірдей материал ұсынылады, бірдей міндет қойылады. Жұмыс өнімі мен нәтиже әр түрлі болады. «Өрмекші» әдісі, «Терминдер конверті» әдісі Оқушыға жеке қолдау көрсету бойынша саралау. Оқушы қолдауды басқа оқушыдан, компьютерден, немесе ақпараттық технологиялардан алуы мүмкін. Қабілетіне деңгейіне қарай әр оқушы қолдауға лайықты, мұғалім педагогикалық қолдауды сараланған нұсқада ұсына алады. «Жеке жұмыс», Диалог негізінде саралау. Диалог негізінде саралау барысында мұғалім мен оқушы араындағы сұхбатқа мән беріледі. «Ой қозғау» әдісі, «Ыстық картоп» әдісі |
| | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия | | ||||||||
| |||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |