Файл: Тест тапсыру кезіндегі оушыларды психоэмоциональды ерекшеліктері Блабаева Мейрамкл Кеесбайызы педагогика ылымдарыны кандидаты, профессор м а. Шардан Млдір Серікбайызы 6М012400 Педагогикалы лшемдер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тест тапсыру кезіндегі оқушылардың психоэмоциональды ерекшеліктері
Бұлақбаева Мейрамкүл Кеңесбайқызы
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.
Шардан Мөлдір Серікбайқызы
6М012400 «Педагогикалық өлшемдер» мамандығының 2-курс магистранты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Салтақова Гүлмира
6М012400 «Педагогикалық өлшемдер» мамандығының 2-курс магистранты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Түйін.
Кілт сөздер: тест, ҰБТ, технология, психология.
Резюме.
Ключевые слова: тест, ЕНТ, технология, психология
Summary.
Keywords:test, UNT, technology, psychology
Бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық интеграциялық процестерге белсене араласуын бірыңғай әлемдік білім беру кеңістігіне қосуына бағытталу білім беру ұжымдарына жаңа талаптарды жүктейді. Қазақстан Республикасында әлемдік қауымдастыққа қабылданған жалпыға бірдей білім беруді енгізудегі басты міндет – мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үлгіге сәйкес деңгейге шығару, бәсекеге қабілетті оқушыларды дайындау қажет. Бұл жағдайда жалпы білім берудің мақсаты көп міндетті құзырлармен, шығармашылық әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларға бейім тұлғаны дамыту көзделіп отыр [1].
Білім мен білімнің жаңа технологиялары арасында білімнің және тестілеудің тестілеу нысандарында үлкен қызығушылық байқалады. Компьютерлердің пайда болуы жеке тапсырмаларды революциялады. Олар оқу үдерісінде кеңінен қолданылады.
ХХІ ғасыр тестілеу технологиясы бойынша үш негізгі талапқа ие: бейімделу, сапа және тиімділік. Технологиялардың бейімделуі жеке студенттердің басымдылығын және алдыңғы тапсырмаларға жауаптардың табысқа жетуіне байланысты тапсырманың қиындық деңгейін түзететін пәндердің жеке айырмашылықтарына жауап бере алатын осындай технологияларды құру қажеттілігін білдіреді. Бұл талап күрделіліктің өсуіне байланысты көптеген тапсырмаларды жасау арқылы жүзеге асырылады. Технологияның сапасы негізінен тестілеу нәтижелерінің сенімділігі мен жарамдылығына байланысты.
Орта мектепті бітіруші кезең (11 сынып оқушылары) психологиялық дамудың, қалыптасудың күрделігімен ерекшеленеді. Солай болғанмен, 17-18 жас аралығы тұлға дамуының, танымдық жетілуінің жалпы заңдылықтарына және негізгі психологиялық механизмдеріне сәйкес адамның кемелдену, толысу кезеңінің оптимумы деп саналады.
Әлеуметтік-психологиялық және жас ерекшелік кұрылымының ерекшелігі ретіндегі орта мектепті бітіруші кезеңнің мәселесі Б.Г. Ананьев мектебінде көп қарастырылды. Б.Г. Ананьев, А.А. Реан, К.А. Абульханова-Славскаяның зерттеулерінде бақылаудың эмпирикалық материалы эксперименттер мен теориялық жалпылаулар осы мәселе бойынша көптеп жиналды. Көптеген зерттеушілердің мәліметтері мектепті бітіруші оқушыларды әлеуметтік- психологиялық және психологиялық-педагогикалық қырынан оқу іс-әрекет субъектісі ретінде сипаттауға болатынын көрсетеді.
Жалпы ҰБТ жағдайына дайындық оқушылар арасында ғана емес, олардың отбасы, ата-анасы, мектепте, психолог мамандар арасында, мектеп пен жанұялық өзара қарым-қатынаста жүреді. Мұның өзі оқушылардың ішкі жағдайына теріс әсерін береді, себебі балалар өздерін үнемі бақылау астында сезінеді, кейде өзіне бағытталған үлкендер тарапынан көптеп бөлініп жатқан көңіл аударушылықты қатты сезінеді, содан «егер осыны ақтай алмасам», «ойдағы үмітті ақтай алмасам» деген ойдан туындайтын қорқыныш сезімдері де болады.
Мектеп бітіруші түлек оқушылар белгілі бір жас кезеңіндегі адам және жеке тұлға ретінде 3 жақтағы сипатқа ие:
1. Биологиялық. Оған жоғары жүйке жүйесінің түрлері, анализатордың құрылымы, шартты рефлекстер, инстинкттер, физикалық күштер, дене бітімі, бет әлпеті, тері түсі т.б. енеді.
2. Әлеуметтік. Мектеп бітіруші түлек оқушылардың белгілі бір әлеуметтік топқа, ұлтқа т.б. қатыстылығына орай пайда болған қасиеттер, қоғамдық қатынастары кіреді.
3. Психологиялық. Ол жеке тұлғаның психикалық процестері, күйі және қасиеттерінің бірлігін көрсетеді.
Оқушылардың ҰБТ жағдайындағы жеке басының психологиялық күй-жайы оларды нашар күйзеліске, стресске әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тесті жақсы, ойдағыдай орындап, қажетті ұпайын жинаған жағдайдың өзінде, жоғарғы көрсеткіш иегерлері біраз уақытқа дейін психологиялық жағымсыз күйді бастан өткізеді. Мұның себебін балалардың қарқынды дайындалуымен байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдығымен, жеке бастарындағы уайымдауларымен, жыл бойы бастан кешірген ҰБТ-ға деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алынған тестің нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын «түсініксіз» сенімдерімен және т.б. психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруімізге болады. Ал нәтижелері теріске шыққан оқушылардың психологиялық күй-жағдайы мүлдем нашарлайды деуге болады.
ҰБТ кезіндегі оқушылардың психоэмоциональды күйінің негізгісі-психикалық қасиеттер болып табылады. Мектеп бітіруші түлек оқушылар-болашақ мамандығын таңдаушы адам, жаңа өмірге аяқ басып тұрған және өз алдына жеке тұлға. Сол тұлғаның қабілетін арттыруда, жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуын бақылауда тұлғалық психикалық қасиеттерді зерттеу маңызды.
ҰБТ кезіндегі оқушылардың психоэмоциональды ерекшеліктері:
-Болашаққа деген қорқыныш, үрей мен сенімсіздік;
-Ақыл-ой, адамгершілікке қатысты ересектік. Жеке тұлға ретінде өзін ересек сезінген білімгердің әрекеті де соған қатысты болмақ. Ол оқушы мінезіндегі жауапкершілікті, белсенділікті дамытады.
-Қалыптасқан дүниетаным негізіндегі өз-өзіне сенімсіздік;
-Жаңаны сезіну-батылдық пен тәуекелділік;
-Оптимизм;
-Өз бетінше іс-әрекет етуге бейімдеу;
-Дүниеге, өзіне сын тұрғысынан қараущылық ;
-Оқу орнының күн тәртібіне, оқытушыларға деген ирониялық, сыни, скептикалық қатынас;
-Максимализм, ересектердің пікірін қолдамау, өз әрекетін дұрыс санау;
-Екіжүзділік, дөрекілік сияқты кері қасиеттерін қабылдамаушылық. Бұл ерекшеліктер оқушылардың өзін-өзі басқару қабілетін дамытып, мінезіндегі әділеттілік, батылдықты тәрбиелейді.
- Мақсаткерлік, әр адам өзінің мақсатын айқындап, сол жолда еңбек етеді.
Жастық шақ өмірліқ құндылықтарды таңдау мәселесімен ерекшеленетін кезең. Жастық шақта адам «Мен кіммін?», «Мен қандай болуым керек?» секілді сұрақтар арқылы өзіне қатынасын анықтайды. Жастық шақта адам жамандық пен жақсылықтың арасындағы өзінің категориясын анықтайды. Дәл осы кезеңде адам ақылы мен жүрегіне сүйеніп, күрес пен жеңіс, жеңілістің дәмін татады.
Қазіргі кезде елімізде оқушылардың мектеп бітіруі, яғни жалпы орта білім алуды аяқтауы, яғни онық бағалануы ҰБТ (ұлттық бірыңғай тестілеу) шарасы бойынша жүргізіледі. ҰБТ тек оқушының мектептен алған білім деңгейін бағалап қана қоймайды, сонымен қатар түлектердің мектептен кейінгі жоғарғы оқу орындарына түсуі-түспеуінде, мемлекеттік оқу грантының иегері болуы-болмауында шешуші рөл атқарады. Оқушыларды мектепті аяқтауы ҰБТ рәсімімен аяқталады.
Жастық шақтағы негізгі іс-әрекеттердің бірі-кәсіби өзін-өзі анықтау. Болашақ іс-әрекет аумағын таңдау өзін-өзі анықтаудың дәл «ядросы» болып табылады. Өзін-өзі анықтау тек оқитын оқу орнын таңдау, таңдаған аумақта абыройлы жұмысқа орналасу, жоғары жалақы алумен ғана байланысты деуге болмайды. Мамандық таңдаудың ішкі шарттары-қалыптасып келе жатқан дүниетаным, өзіндік сананың кең ауқымдылығы, «Меннің» ашылуы-ол тұлғаның өзінің қайталанбастығын сезінуі мен тұтастығынан көрінеді.
К.А.Абульханова-Славскаяның «Стратегии жизни» атты еңбегінде мектеп бітіруші түлек оқушылар орталық психикалық процесі-өзіндік сананың дамуы. Өзінің қайталанбастығы мен ерекшелігін сезінумен қатар, жалғыздық сезімі де бірге жүреді. Мектеп бітіруші түлек оқушылар кезеңдегі «Мен» әлі де толық анықталмаған. Осыдан қарым-қатынасқа деген қажеттілік өседі және таңдамалылығы артады. Мектеп бітіруші түлек оқушылар жасы кезеңдегі «Мен» концепциясы тұлғаның өзі туралы барлық бейнелерін қамти отырып, кәсіби біртұтастығын қарастыруға мүмкіндік береді. «Мен» концепциясының конгруэнттік теориясына сай, адам өзі туралы елестеріне сәйкес мамандықтарды санасыз түрде таңдайды. Мамандыққа кіріспеде де адам сол сәйкестілікті іздейді, -деп көрсетілген.
Сонымен, ҰБТ қиындықтарын үш топқа бөліп қарастыруға болады: когнитивті, тұлғалық және процессуалды.
-
Когнитивтік қиындықтар-бұл ұлттық бірыңғай тест тапсыру барысында ақпараттарды қайта өндеу ерекшеліктерімен байланысты болады. Қиындықтардың туу себептері-тест тапсырмаларымен жұмыс жасаудың өзі негізгі қиындықтардың бірі. Тестілеу тапсырмалары оқушыда қалыптасқан дағдылардың ерекше болуын талап етеді: әрбір сұрақтың маңызды жақтарын бөліп ашу, фактілермен ережелерді басшылыққа ала отырып, жалпы контекстен жалқы фактілерді табу, т.б. -
Тұлғалық қиындықтар-оқушының өзіне тән жеке тұлғалық дамуымен, емтихан ситуацияларын қабылдау ерекшеліктерімен және оның сол сәттегі қал жағдайымен байланысты. Бұл қиындықтың бастысы оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеу жөнінде толық және нақты ақпараттардың жетіспеушілігі, түсініктің аздығы деп алуға болады. ҰБТ оқушының бір уақытта өмірге екі жолдама алуымен ерекшеленеді: мектеп бітіру емтиханың тапсыру және жоғары оқу орнына түсу, әрине біз бұл жағдайдың субъективті маңыздылығымен қатар оқушының мазасыздану, қорқу деңгейінің жоғарлануын байқаймыз. Оқушы бойында жағымсыз сезімдердін орнын алуы, оның өзіне деген сенімсіздік, агрессиялық мінез көрсетуге итермелейді. -
Процесуалдық қиындықтар-ҰБТ-ның процедураларымен байланысты болып келеді. Мектеп бітіруші ҰБТ-ке дейін бірнеше рет алдын ала дайындық тестілеуінен өтсе де, тестілеуге қатысу көпшілігіне жаңалық, үйренбеген жағдай болып көрінеі мүмкін. Осы қиындықтарды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: бланкті толтыру кезіңдегі үрей-қорқыныш, ҰБТ-де бейтаныс адамның бақылау жасауы, өзінің құқықтары мен міндеттерін білмеуі байланысты қиындықтар.
Қорыта келгенде,ҰБТ-оқушылар үшін ең маңызды кезең болып табылады. Себебі, ҰБТ-оқушылардың орта білімін жалпы бағалау көрсеткіші болып саналады. Бір ұпайдың жетпей қалуынан оқушылар мемлекеттік оқу грантынан, көп жағдайда ЖОО ақылы түрде оқуға түсу мүмкіндігінен айырылады. Оқушылар үшін келесі жылы оқуға қайта тапсыру ұғымы мүлде мойындалмайды, өдеріне қажетті ұпай санын жинай алмау-үлкен психологиялық дағдарыс болып табылады. Жалпы жыл аяғындағы ҰБТ-ға дайындық-көп жағдайда балаларды жағымсыз психологиялық соққыға әкелуде.
Балалар көбінесе, бұрын-соңды өздеріне деген үлкен жауапкершілікті сезініп көрмеген, сондықтан өздеріне отбасы тарапынан айтылатын «балам, жақсылап дайындал» деген сияқты сөздерді жауапкершілік тұрғыдан қабылдап, алдын ала үрейлене бастайды. Тек отбасы жағдайында ғана емес, кейде мектепте оқушылар үшін педагог мамандары тарапынан болатын «жақсылап дайындалайық!» деген сөздер де жеткілікті.
Көптеген мұғалімдер өз пәні бойынша жыл бойы бос уақытын оқушыларды тестілеуге дайындау үшін жаратады, мектептер оқушылардың бос уақыттарын ҰБТ-ға әр пән бойынша дайындайтын факультативтік, яғни қосымша сабақтармен қамтып қояды, ата-аналар балалардың үдегі бос уақытының дайындықпен өтуін қадағалап отырады, құрбы-құрдастарының барлығы дайындық пен уайым үстінде. Жеке басының психологиялық қысымға түсуінің себебі осында. Бұл жағдайды ата-аналар мен педагог мамандарына ескере жүрген жөн.
XXI ғасырдың басынан бастап Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл әлемде, білім беру сапасын жоғарылатудағы проблемалардың өзектілігін арттыруға, білім беру жүйесін басқаруды жетілдірудің жаңа тәсілдерін іздестіруге әкелген саяси және әлеуметтік үрдістер пайда болды. Осы үрдістердің бірі, ең алдымен, білім берудің барлық деңгейлерін қамтитын және білім беру сапасының өзгеру тенденцияларын жүйелі талдауды талап ететін қарқынды реформа қосу қажет.
Екіншіден, білім беруді әртараптандыру, XXI ғасырдың басындағы ғылыми-техникалық революция жағдайында оның мазмұнын едәуір кеңейту, білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың және ақпараттандырудың жаңа әдістерін енгізудің көрінісі. Білім беру сапасын басқаруда әртараптандыру басқару тетіктерін қарқынды дамыту қажеттілігіне және білім беру жүйелерінің тұрақтылығын басқаруға және әсер етуіне назар аудару қажет факторлардың санының өсуіне алып келеді. Дегенмен бүгінгі күні көптеген сарапшылар диверсификацияның оптимистік бағалауын жасайды, мұндай болжамдарға сақ болу керек, өйткені оның көптеген