ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ЖАСУША ҚҰРЫЛЫСЫ


Неміс ботанигі Маттиас Шлейден және цитолог Теодар Шванн 1839 жылы жасуша теориясын жасады.
Ол теория бойынша барлық тірі организмдер жасушалардан тұрады және құрылысы мен биохимиялық қасиеттері ұқсас болады.
Жасушалар – тірі организмдердің негізгі құрылымдық және функциональдық бірлігі. Оларды көлеміне, пішініне, құрылысына және атқаратын қызметіне қарай ажыратады.
Тірі организмдердің жасуша құрылысының ұқсастығын ашу биология ғылымындағы ең іргелі ашылулардың бірі болды.

ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫ

ЯДРО ЖӘНЕ ЯДРОШЫҚ


Ағылшын ботанигі Роберт Броун 1831 жасуша ядросын ашты.
Ядро жасушада жүретін барлық үрдістерді басқарады және оның тіршілігін қамтамасыз етеді.


Ядро қабықшадан, оның ішкі ортасын түзетін ортадан, хроматиннен және бір немесе бірнеше ядрошықтан тұрады.
Ядрошық хроматин мен рибосоманың синтезін бақылайды.

МИТОХОНДРИЯ


Жасушада бірнеше мыңға дейін митохондриялар болады.
Митохондриялар жасушаның энергетикалық көзі.
Мұнда тынысалу кезінде тотығу-тотықсыздану үрдісі жүреді, ол жасушаны энергиямен қамтамасыз етеді.
Митохондрия екі мембранадан тұратын қабықшамен қапталған.

ХЛОРОПЛАСТ


Пластидтер (хлоропласт, хромопласт, лейкопласт) тек өсімдік жасушасында ғана болады.
Хлоропластарда өсімдікке жасыл түс беретін пигмент - хлорофилл дәндері болады.

РИБОСОМА


Рибосомалар нәруыз синтезінің орталығыболып табылады.
Рибосомалар ядрода , митохондрияда, пластидтерде және өте көп мөлшерде цитоплазмада болады.
Рибосомалар жеке немесе топпен (полисома) орналасады. Жеке орналасқанда олар өзара РНҚ жіпшелері арқылы байланысады.

ЖАСУША ҚАБЫҚШАСЫ


Жасуша қабықшасы еріген заттарды таңідап өткізетін қабілеті бар плазмалық мембрана.
Қабықша үш қабатты және полисахаридтер – целлюлоза мен май заттарынан тұрады.
Қабықшаның ішкі мембранасы диктиосомалардың есебінен үнемі жаңарып отырады.

Жануар клеткасының,өсімдік клеткасынан айырмашылығы:


Жануар клеткасында:
1) центриоль болады
2) пластидтер болмайды
3) жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болған. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады.

4)  тек бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады


Өсімдік клеткасында:
1)  центриоль болмайды.
2) пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді.
3) қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады
4) ірі вакуольдер (латынша «уасиш» - қуыс) өсімдіктерде болады

Назарларыңызға рахмет!!!