Файл: Атырау алалы білім бліміні кмК Шаала ббекжай башасы Мектепалды Айглек тобыны трбиешісі Тлеубергенова Глназ Серікызыны жмысы туралы пікір.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Атырау қалалық білім бөлімінің

КМҚК «Шағала» бөбекжай – бақшасы
Мектепалды «Айгөлек» тобының тәрбиешісі:

Тлеубергенова Гүлназ Серікқызының жұмысы туралы ПІКІР
    Гүлназ Серікқызы 2019 жылдан бері қызым Қуанышова Ботакөздің тәрбиешісі болып келеді. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп,

балалармен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары,

әр істің қыры – сырын таба білетін тәрбиеші. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді.

    Ұқыптылық пен тазалық Гүлназ Серікқызының басты қасиеті болып келеді. Жинақталған білім тәжірибесі балаларға көмек беруге және әр істі тыңғылықты атқаруға жұмылдыруға жұмсалады.

   Гүлназ Серікқызы тек балалармен, тәрбиешілермен жұмыстанып қоймай, ата – аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Бізге әр уақытта өз көмегін аямады. Балабақшаішілік өтетін тәрбиелік іс – шараларына,

ата – аналардың жиналыстарына, жарыстарға үзбей қатысып, бағыт – бағдар беріп жүреді.

   Гүлназ Серікқызының өткізген шараларының арқасында балалардың есінде жаңа мағлұматтар жақсы сақталады. Тәрбиеші өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын бала алдында ашықта, анық көрсете біледі. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, отанға деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді балаларымызға жиі беріп отырады.

   Тәрбиешінің ұйымдастырылған іс – әрекеттері, түрлі игі іс – шаралары

үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді.

Осындай тәрбиешілер қатары көбейе берсе, білім – тәрбие алып жатқан балаларымыздың қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймыз.

Ол тәрбиелеген балаларымыз қазақ халқының іргесін ешқашан ыдыратпай, тілімізді, әдет – ғұрпымызды мақтан ететін болады. Болашақта да көптеген жақсы жұмыстарының куәсі болып жүруімізге жазсын деймін.

   Гүлназ Серікқызы еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойылған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстары молайуына тілектеспіз.

 
Мектепалды «Айгөлек» тобының

ата – аналар комитеті: Аймуханова М.Т.