ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақта , қысқа да болуы мүмкін.
Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсерді ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр.
2. Бүгінгі менің ойым (екі түсті гүл артына өз ойын жазу)
Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады :
а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалы қ тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі-ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
3 Жағдайаттар
1)«Екі бала төбелесіп қалды. Бір бала екінші баланың қолын тырнап алды. Кешке балаларды ата – аналары алып кетеді. Жарақат алған баланың анасы – ұрысатын, шу көтеретін адам. Сіздің әрекетіңіз».
2)«Оқу қызметі басталып кетті. Сіз балаларға тақырыпты түсіндіріп жатырсыз. топқа ең «тентек» бала кіреді»
– Сіз оған қатал: «Отыр жылдам»
– Таңғалып: «Күткен жоқпыз»
– Жаратпай: «Сен мені тағы да алаңдаттың»
– Сұрап: «Тағы да бірдеңе болды ма?»
– Сөгіп: «Сен бала маған жұмыс жасауға мүмкіндік бермейсің»
– Қуанып: «Ақыры келдің бе?» -Мейіріммен: «Келгенңіе қуаныштымыз»
4. Сүйіспеншілік сипаты.Әріптер.( балабақша, бала,тәрбие)
Біз сіздермен тек тәрбиешілер ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерміз. Біздің міндетіміз – баланы дүниені тануға және оған дұрыс қарауға үйрету.Тәрбиеде ұсақ-түйек деген нәрсе болмайды.
Назарларыңыз ға рахмет
1)«Екі бала төбелесіп қалды. Бір бала екінші
баланың қолын тырнап алды.
Кешке балаларды ата – аналары алып кетеді.
Жарақат алған баланың анасы – ұрысатын, шу көтеретін адам.
Сіздің әрекетіңіз».
2)«Оқу қызметі басталып кетті.
Сіз балаларға тақырыпты түсіндіріп жатырсыз.
Топқа ең «тентек» бала кіреді»
«Нұр-Бота» бөбекжай балабақшасы.
Баяндама
«Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту.»
Баяндамашы: Л.Ө. Бақтыбай
2021-2022 оқу жылы
«Тақия тастамақ» ойыны
Ойым бар бір ойын бастамақ,
Аты оның - «Тақия тастамақ».
Шеңбер боп отыра қалыңдар,
Ым қағып жүрмесін қас-қабақ.
Ақырын аспаймын, саспаймын,
Шеңберді айнала бастаймын.
Біріңнің тұсыңа жеткенде,
Сездірмей тақия тастаймын.
Орныңа жеткенше жүгіріп,
Өзіңнен аламын соққыны.
Шығасың тақия тастауға,
Ойынды басынан бастауға
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы (тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың басына тақия кигізе салады. Тақияны байқаған бала тұра жүгіріп орнына тез жету керек жете алмаса ойынды жалғастырады. Тақияны бала сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.