ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қош келдің, Жаңа жыл – Жаңа белес , Жаңа арман» аты жаңа жылдық сценарий
Жүргізуші:
Мұзханшайымы:
Қоян:
Аяз ата:
Ақшақар:
Барыс:
Буратина:
Қызыл телпек:
Жүргізуші 1:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Қоян жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Жүргізуші 2:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!
(жүргізушінің атын айтып) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.
Жүргізуші 1: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!
Жүргізуші 2: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
(Жаңа жыл әнінің ырғағымен оқушылар шығып, шыршаны айналып тұрады. Оқушылар мұз ханшайымының сарайына келгендіктен тоңып тұрады.)
Жүргізуші 1- Балалар сендерге бір әдемі ертегі айтып берсек , тыңдағыларың келе ме? Мәссаған, мына оқушылар тоңып қалыпты ғой. Бұл оқушылар не себепті тоңып тұр екен.
Олай болса бұларды әуелі ерітіп алайық. Ханшайымның сарайы неткен суық?
(Балалар таңырқап, жаурап жан-жақтарына қарайды.)
Мұнда неткен суық бойымызды жылыту үшін би билейік.
Би - "Киіпкерлер биі "
Жүргізуші 2: Міне, керемет енді балалар ертегі айтайық сіздерге.
Ертеде алыс бір өте ғажайып қалашықта мұздан салынған үлкен хан сарайы болыпты. Ол мекенге ешқандай тірі жан бармайды екен.Өйткені ол жерде адамға мейірімі жоқ, жүрегі мұздан жаратылған Мұз ханшайымы мекен етеді екен. Сол мұз ханшайымның сарайында жаңа жылдық кешімізді көңілді өткізіп, ханшайымның балаларға мейірімін, жылулық сезімін оятайық.Біздің қатқан себебіміз де, мұз сарайында тұрғандықтан.
Мұз ханшайымы :
Соқ,соқ боран қаттырақ,
Бүкіл әлем мұзға айналсын.
Алай-дүлей соқ боран,
Барлық дүние шайқалсын.
Тыныштықты бұзатын
Кімдер бұлай ойнайтын.
Балаларды қаламаймын
Сарайымды былғайтын.
Жүргізуші 1: Сәлеметсіз бе, Мұз ханшайымы. Сіздің сарайыңызға келіп , шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?
Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған, тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдар ма, солай ма?
Жүргізуші 2: Жоқ, жоқ біз мына балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.
Мұз ханшайымы: Мен ешқандай кідіре алмаймын. Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.Мен келгенше сарайымды босатыңдар.(Мұз ханшайым кетіп қалады)
Жүргізуші 1: Қап , әттеген ай қазір келетін Аяз ата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік балалар?
(Сақ-сақ күлген дауыстар естіліп, сахнаға буратина жүгіріп билеп кіреді)
Буратина
Уа, халайық , жараңдар
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп шат болсын,
Шалқып күліп тараңдар
Уа, халайық,құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Жүргізуші 2:Армысыз, балаларға шаттық сыйлаушы күлкі патшалары. Жаңа мұз ханшаймы келіп, көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдыңыз ғой.
Буратина : Олай болса не тұрыс шырша шамдары да жағылмаған.Кәне бәріміз бірге шыршаның шамын жағайық.
Бір , екі, үш
Шырша жарқыра.
Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат.
(Шырша шамдары жанады)
Жүргізуші 1: Бәрекелді балалар ,олай болса шыршаның шамы жағылды енді сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтау үшін Мектеп-лицейіміздің директоры: Хайрушев Нұрлан Адильбекұлына береміз.
Би: «Буратиналар»
Жүргізуші 2: Балалар қалай көңілдерің көтерілді ме? Рахмет буратиналар! Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.
Ақ таяғы қасында
Ойын күлкі жанында
Күтеді оны шартарап
Сый дорбасын арқалап
Жаңа жыл сайын келетін
Ол кім?
Балалар: Аяз ата.
Жүргізуші 1:Жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата, ақша қар ауу 3 рет
Жүргізуші 2: Қуаныңдар ағайын,тамсаныңдар
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар
Аяз ата келеді ақшақармен
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар.
(Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі. Аяз ата мен ақша қар келеді)
Жүргізуші 1: Армысың Аяз ата ақсақалым,
Бармысың сұлу көркем Ақшақарым,
Күтуде өзіңізді барша қауым.
Аяз ата:
Ау, амансыңба ұлдарым,
Амансың ба қыздарым.
Қандай жарқын жүздерірің
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Ақшақар
Ал, кәнекей балалар
Ән мен жырға басайық
Той думанды жалғайық
Жаңа жылда
Шыршамызды айналып
Би билейік қалықтап
Қарап тұрма қалыс қап.
(Жүргізуші қане балалар Аяз ата мен ақшақарды ортаға алып шыршаны айналып билейік.)
Би: Харавод
Жүргізуші 2 :Оқушылар, Аяз ата мен ақшақар алыс жолдан шаршаған шығар ендеше оларды отырғызып бір сергітіп алайық.
Аяз ата :
Ой қандай керемет балаларым . Менің кішкентай ізбасарларым . Өнерлерлеріңді көрсетіп жіберіңдер біз Ақшақар екеуіміз сіздерді тамашалайық.
Сыныптар өнерлерін көрсетеді
Жүргізуші 1::
-Балалар біздің қоянымыз көрінбейді ғой.
-Балалар қоянды көрдіңдер ме?
-Жоқ
(Барыс қоянды қуып ішке кіреді)
Жүргізуші 2: Тоқта барыс, қоянды неге қуып келесің. Балалар жаңа жылды асыға күтіп отыр ғой. Биыл қоян жылы екенін білмеуші ме едің.
Барыс: Балалар, 2023 жылда келіп қалған ба?
Балалар: Иә
Барыс: Күн болса аяз менің қарным аш, қоянды көріп қарнымды бір тойдырғым келген.
Жүргізуші 1: Біз мұнда Мұзханшайым сарайында жаңа жыл кешін тойлап жатырмыз. Бізбен бірге қалып көңіл көтер.
Барыс: Балалар, кешіріңдерші жаңа жылды ренжеткеніме бірақ менің алыс сапарға жол жүруім керек , осы жылды сендермен бірге өткізгеніме өте қуаныштымын, менің жылымды президентіміз «Балалар жылы» деп жариялап, жас ұрпақтың дамуына осы жылы айрықша мән беріп, инвистиця құюда. Осы жылы мектебіміздеде үлкен жаңалықтар болып, ұзтаздарымыз бен оқушыларымыз үлкен жетістіктерге жетті. Атап айтар болсам 8б сынып оқушысы Дастан Назым республикалық «Жыл оқушысы» байқауының аудандық кезеңінен жүлделі бірінші орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. «Зерде» зияткерлік ғылыми-жобалар байқауының аудандық кезеңінен бірінші орын алып, облыстық кезеңге жолдама алып, «Математика, қолданбалы математика» секциясы 4а сынып оқушысы Ерланова Азиза Серікқызы II орын, «Медицина, психалогия, экология» секциясы 4а сынып оқушылары Бақтияров Нұрхан, Ерболат Бекзат II орын, «Туризм және спорт» сециясы 4б сынып оқушысы Махамбетова Меру III орынға ие болды және жақында ғана мектеп жанындағы интернат оқушыларының қолданысына жаңа автобус берілді. Ал қоян саған үлкен міндет жүктеулі тұр, сенің жылыңда жаңарған жаңа мектебімізге кіруіңізге тілекші екенімді біл.
Жүргізуші 2 : Қош келдің Жаңа жыл
Қуанышпен шаттыққа кенелейік
Жадырап би билеп тербелейік
Төрлет, төрлет халқымның Жаңа жылы
Қоян :
Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба?
Мен- Жаңа жылмын
Мен-Жаңа нұрмын
Мен-жаңа жырмын
Баршаңызбен біргемін
Тағат таппай күткенің
Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Бұл қоянның жылы еді
Әкелемін баршаға
Жаңа бақыт, жаңа жыр
Барыс :
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Қоян жылы ізбасарым
Қолыңа ал барлық істі
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді, бол құтты.
Қимасақта өздеріңді
Қоштасатын шақ жетті.
Қош сау болыңдар балалар.
Балалар: Қош сау болыңыз барыс жылы
(Барыс кетеді)
Жүргізуші 1:Жаңа жылда жаңа белден асамыз
Жаңа жылда жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен
Жаңа жылда тағыда алға басамыз
Қош келдің, Жаңа жылым төрлет.
Жүргізуші 2:Құрметті балалар, аяз ата, ақша қар жаңа жыл қоянның құрметіне шыршамызды айналып би билейік .
Харавод
(Музыка ойналады боран дауысы естіледі)
Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар !
Қоян:
О ханшайым сабыр сақтаңыз,
Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.
Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,
Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,
Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.
Буратина:
Сәлем беріп біз сізге
Бар әнерді саламыз.
Өнерлі ханым келді деп
Әлемге жар саламыз!
Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекенсіңдер.
(.............)
Киіпкерлер : Әрине жібітеміз, жібітеміз. Маэстро музыку
Би: " Киіпкерлер" биі
Мұз ханшайымы Менің мына биден кейін көңілім жайланды. Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын.
Аяз ата :Жыл басы мына балаларды саған тапсырдым. Берекелі де мерекелі жыл болсын! Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақыт та жеткен сияқты. Меніңде әлі кіріп шығар жерлерім бар. Хош сау болыңдар, балалар!
І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
(Аяз ата, Ақшақар, шығып кетеді)
Жүргізуші 2::
Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын
Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.
Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,
Аялаймыз ару құстың ақ таңын.
Өтсін солай жаңа өмірдің күндері
Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,
Жарқылдасын жаңа жылдың оттары
Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.
Би: Харавод.
І жүргізуші: Құрметті достар!
ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!
І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, желдей жүйткіген жүйрік болайық!
ІІ жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар