Файл: Жаратылыстануматематика баытында жалпы білім беретін мектепті 10сыныбына арналан Информатика оулыыны мазмны негізінде дайындалан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 44

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Деректерді ұсыну

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

§ 2.7 КОМПЬЮТЕРДІҢ БАСҚАРУ, АРИФМЕТИКАЛЫҚ-ЛОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАД РЕГИСТРІ ҚҰРЫЛҒЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу

10.2.2.4 Логикалық өрнекті логикалық сызбаға өзгерту немесе керісінше

10.1.1.1 Басқару құрылғысының (БҚ), арифметика-логикалық құрылғының (АЛҚ) және жад регистрінің процессордың бір бөлігі ретінде функциясын сипаттау




бағдарламасына

сілтеме)




Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: Фон Нейман қағидаларын анықтайды

Көпшілік оқушы: Процессордың функцияларын салыстырады

Кейбір оқушылар: Процессордың негізгі құрылғыларының маңызын түсіндіреді

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау, бағалау

Бағалау критерийі

  1. Фон Нейман қағидаларын анықтайды.

  2. Процессордың функцияларын салыстырады.

  3. Процессордың негізгі құрылғыларының маңызын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

екілік кодтау-жадтың біркелкілігі-адрестік қағида-программалық басқару- архитектура-арифметикалық-логикалық құрылғы-басқару құрылғысы- сыртқы құрылғы-жедел жад-процессор-регистор-

Диалог /жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Компьютердің ішкі құрылысы жайлы қандай ақпаратты білесіңдер?

Адам мен компьютердің ойлауы арасында қандай ортақ ұқсастықтар бар деп ойласыңдар?

Компьютер адамның қандай іс-әрекеттерін орындай алмайды? Процессордың негізгі функцияларын жазыңдар.

Құндылықтарға

баулу

Топта бірлесіп жұмыс істеу, топ ережесіне бағыну, бір-бірінің пікірін тыңдау

Пәнаралық

байланыс

Геометриялық фигуралар сызба сызу үшін қолданылады, орыс тілінде сөздер

қолданылады

Алдыңғы білім

Компьютердің құрылымы

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Уақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин
5 мин

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу

Шаттық шеңбері: «Атомдар мен молекулалар» әдісі Мұғалім атомдар екеуден немесе үшеуден т.с.с. айтқанда бірігеді. Мұғалім молекулалар деген кезде оқушылар сыныпта еркін қозғалады.

Топқа бірігеді.
Өткен сабақты пысықтау: «Серпілген сауалдар» әдісі Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Допты лақтыру арқылы өткен оқу жылында үйренгендерін айтады.

Оқушылардың жауаптарын ауызша мадақтау, ынталандыру



Доп

Сабақтың ортасы

3 мин

5 мин

«Миға шабуыл» әдісі

  • Компьютердің ішкі құрылысы жайлы қандай ақпаратты білесіңдер?

  • Адам мен компьютердің ойлауы арасында қандай ортақ ұқсастықтары бар деп ойлайсыңдар?

  • Компьютер адамның қандай іс-әрекеттерін орындай алмайды?


«Джигсо» әдісі


Оқулық



















Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Мұғалімнің

түсіндірмесі (слайд, бейнежазба қолдану), топта бірлесіп талқылайды.

Ауызша мадақтау, ынталандыру


А4 парағы

5 мин

1-тапсырма.

Кестемен жұмыс







1-қағида 2-қағида 3-қағида 4-қағида







Дескриптор:

Оқушылар Фон Нейман қағидаларын анықтайды.

Фигуралар арқылы бағалау





10 мин

2-тапсырма.

- Фон Нейман сәулетінің негізгінде құрылған ЭЕМ-нің сызбасын салыңдар.

Дескриптор:

ЭЕМ-нің сызбасын салу арқылы түсінік қалыптастырады.

Фигуралар арқылы бағалау





4 мин

3-тапсырма.

- Интернетті пайдаланып, заманауи процессорлар отбасына кіретін (мысалы, Intel және AMD ) екі мүшесін таңдап, интернет көмегімен олардың сипаттамаларын төмендегі кестеде салыстырыңдар.







Процес- Такті- Ядро Кеш Жүйелік Қуа- Баға- сордың лігі, саны жады шинаның ты сы атауы жиілігі жиілігі (Вт)








Дескриптор:

Процессордың функцияларын анықтайды.

Оқушылардың жұмыстары бағалау парақшасына балл қою арқылы бағаланады




Сабақтың соңы

3 мин

2 мин

  1. Фон Нейманның қандай қағидалары бар?

  2. Заманауи компьютерлердің алғашқы компьютерден қандай артықшылықтары бар?

  3. Процессордың ішкі құрылысын ата.

  4. Процессордың негізгі құрылғыларының қызметін сипатта.

  5. Арифметикалық-логикалық құрылғының міндеті не?

Өздерін бағалайды
Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісі

Оқушылар «Мен білемін», «Мен үйрендім», «Мен жасай аламын» сатысы бойынша пікірлерін жазады.

А4 парағы


































































































Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға

қандай тапсырма бересіз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасын сақтау

Бірлескен жұмыс, жеке

жұмыс арқылы сабақты меңгерту. Шаттық шеңбері,

«Атомдар мен молекулалар»

– топқа біріктіру, «Серпілген сауалдар» әдісі бойынша өткен тақырыпты пысықтау,

«Миға шабуыл» әдісі,

«Джигсо», деңгейлік тапсырмалар, кері байланыс орнату: «Табыс сатысы»

Фигуралар арқылы ауызша, жазбаша түрде қалыптастырушы

бағалауды іске асыру

Компьютермен

жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:

Деректерді ұсыну
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың

тақырыбы

§ 2.8 МӘТІНДІК АҚПАРАТТАРДЫ КОДТАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу программасына

сілтеме)

10.2.3.1 Unicode және ASCII символдарын кодтау кестесін салыстыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: Ақпаратты кодтау, ASCII коды ұғымдарын анықтайды

Көпшілік оқушы: ASCII коды мен Юникод кодын салыстырады

Кейбір оқушы: Ақпаратты кодтаудың техникада және өмірдегі маңызын тұжырымдайды

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Бағалау критерийі

  1. Ақпаратты кодтау түрлерін анықтайды.

  2. Ақпаратты кодтау түрлерін салыстырады.

  3. Ақпаратты кодтаудың техникада және өмірдегі маңызын тұжырымдай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Код-код-code, кодтау-кодирование-coding, ASCII, Юникод-Юникод-unicode, Webdings, Wingdings








Диалог /жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Ақпаратты кодтау түрлерін жазыңдар

ASCII коды мен Юникод кодының айырмашылықтарын салыстырыңдар

Құндылықтарға

баулу

Топта бірлесіп жұмыс істеу, топ ережесіне бағыну, бір-бірінің пікірін тыңдау

Пәнаралық

байланыс

Ағылшын тілінде әріптер қолданылады

Алдыңғы білім

Ақиқат кестелері

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері


Уақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

2 мин

7 мин

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу

Шаттық шеңбері: Оқушылар бір-біріне бір сөзбен жақсы тілек айтады.

Топқа біріктіру: ою-өрнектер арқылы топтарға бірігеді.
Өткен сабақты пысықтау: «Әткеншек» әдісі

  1. Оқушылар шағын топтарға бөлінеді.

  2. Әрбір топқа белгілі бір тақырыпқа қатысты жазылған сұрағы бар оқу плакаты немесе А3 форматтағы қағаз беріледі. Әрбір плакатта әртүрлі сұрақтар болуға тиіс.

  3. Оқушылар топтарда жұмыс істейді, бұл ретте оларға бастапқы сұраққа негізделген өздерінің жауаптарын, ойлары мен идеяларын жазуға берілген регламент сақталуы керек.

  4. Бұдан кейін өздерінің жауаптарын оңай тануы үшін әрбір топқа түрлі түсті қалам беріледі.

  5. Берілген уақыт аяқталған соң оқушылар басқа сұрағы бар келесі плакатқа көшеді.

  6. Олар алдыңғы топтың жауаптарын оқиды және олармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін талқылайды. Егер олар келіскен жағдайда, құстұмсық қояды. Келіспесе, түсініктеме жазып, өз шешімдерін негіздей алады.

  7. Осыдан кейін оқушылар қойылған сұрақ бойынша өз ойларын жазады. Егер олардың идеялары бұрынғы топтың жазбаша жауаптарынан туындаса, сызықшамен идеяларды қосуға болады.

Оқушылардың іс-әрекеттерін ауызша мадақтау


Үш түрлі ою түрлері

Сабақтың ортасы

2 мин
5 мин

«Миға шабуыл» әдісі

  • «Код», «шифр» дегенді қалай түсінеміз?

  • Шифрлау немесе кодттаудың өмірде қандай маңызы бар?

  • Қай салаларда қолданылады?

  • Бұл терминдердің компьютерге қандай қатысы бар?


«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі

Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Түсінгендерін