Файл: Споралы сімдіктерді жыныссыз жне жынысты рпатарыны ерекшеліктерін тиісті терминологияны пайдалана отырып ауызша, жазбаша сипаттай алады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Көбею | Мектеп: | ||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||
Сабақтың тақырыбы | Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі (жаңа тақырыпты меңгерту) | ||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалдарында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру | ||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттары Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Гаметофит, спорофит, жынысты ұрпақ, жыныссыз ұрпақ, спорангий, спорофилл, сорус, бүр. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Гаметофит ... дамиды. Спорофит ... дамиды. Гаметофит ... түзеді. Спорофит ... түзеді. Мүктердің спорофит ұрпақтарына...,...,...,...жатады. Қырықжапырақтың жынысты ұрпақтарына...,...,...,...жатады. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады. Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады. | ||||
Пәнаралық байланыс | Споралы өсімдіктердің таралуы туралы түсініктер арқылы география пәнімен байланыс орнатылады. | ||||
Алдыңғы білім | Оқушылар 6 - сыныптан жаратылыстану курсынан өсу мен даму арасындағы айырмашылықты, жыныссыз және жынысты көбеюді, 7-сыныптағы «Көбею» тарауынан өсімдіктің жыныссыз және жынысты көбеюін, өсімдіктегі вегетативті көбею тәсілдерін, ағзалардың өсу және даму үдерістерін біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | |||
Сабақтың басы | |||||
0-4 мин | Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушылардан өсімдіктер қалай көбейеді сұрағын талқылау сұралады. Оқушылар жыныссыз және жынысты көбею жолдарын атағаннан соң оларға мысалдар келтіріп, көбеюдің екі жолының айырмашылықтарын сипаттау тапсырылады. Мұғалім оқушылардың назарын жынысты көбеюге гаметалар немесе аталық аналық жасушалардың қатысатынына аудартады. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. | 1 -2 слайд | |||
Сабақтың ортасы | |||||
4-24 мин | Мұғалімнің түсіндірмесі. Мұғалім оқушыларға таныстырылымның көмегімен спорофит және гаметофит ұрпақтардың айырмашылықтарын түсіндіреді. Мұғалім сынып оқушыларын бірнеше топқа бөліп, топта мүктер мен қырықжапырақтәрізділердің даму циклдерін сипаттап түсіндіру тапсырмасын орындауды ұсынады. Топтық жұмыс: • мүктердің тіршілік циклі
Әр топ өз тақырыптары бойынша деректерге сүйене отырып сыныптастарына әр өсімдік топтарының тіршілік циклінің кезеңдерін түсіндіреді. Жұмыс барысында мұғалім сұрақтар қойып, тиісті кері байланысты ұсынады. Мұғалім оқушыларға әртүрлі ұрпақтардың атаулары жазылған парақшалардан бір -бірден таңдап алуды сұрайды. Оқушылар өздері таңдап алған парақшадағы өсімдік ұрпағының рөлін ойнай отырып, мүктің/ қырықжапырақтәрізділердің ұрпақтарының даму ретімен тұрып, таңдап алған ұрпақты сипаттап береді. Критерий: Споралы өсімдіктердің жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін сипаттау | 3- слайд 1- қосымша 4-11 слайд | |||
25-36 мин | Оқушылардан қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау сұралады. | 2-қосымша | |||
Сабақтың соңы | |||||
37-40 мин | Кері байланыс | | |||
Қосымша ақпарат | |||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады. Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды. Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады 12-13слайдтар | ||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы Дескрипторлар арқылы | ||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. |