Файл: Жоббм кмм мемлекеттік емес тілде оитын 8сыныпа арналан мектепішілік олимпиада материалдары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
I тур
Мазмұндама
Шешендік сөздер
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер-елге белгілі адамдардың тапқыр сөздері.Ол сөздер өткір ,көңілді қонымды болған.Елге тез тарап.ауыздан –ауызға көшіп сақталып отырған. Шешендік сөздер дауларға байланысты туған.Ондай тауды қазақ халқында билер шешіп отырған.Сондықтан да шешендік сөздерді айтушылар көбінесе билер, шешендер болып келеді.
Шешендік сөздерде халықтың басынан кешкен оқиғалары ,ақыл-ойы,арман-тілегі бейнеленеді, тілінің байлығы байқалады.
Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды,бірлікке,татулыққа,үлкен-кішіні сыйлауға шақырады.
Жоспар:
1. Шешендік сөздер деген не?
2. Шешендік сөздердің тууы.
3. Шешендік сөздерді айтушылар.
4 Шешендік сөздердің тәрбиелік мән
Тест жұмысы
1.Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді көрсетіңіз.
А. Көлдер,өзендер.
В. Қаламдар, қыздар.
С. Тауды,ұшқыш.
Д. Жазушы, суретші.
Е. Қаламгер, баламен.
2. Достық сөз деген сөз не арқылы жасалғанын көрсетіңіз.
А. Тәуелдік жалғау.
В. Септік жалғау.
С. Жіктік жалғау.
Д. Жұрнақ.
Е. Көптік жалғау.
3. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді көрсетіңіз.
А. Намыс.
В. Еркіндік.
С. Абырой.
Д. Әділ.
Е. Арман.
4. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.
А. Әкемді.
В.Әкемде.
С.Әкеммен.
Д. Әкем.
Е. Әкеме.
5. «Қоңырға» - сын есімі қай септікте тұрғанын белгілеңіз.
А.Барыс септік.
В. Шығыс септік.
С. Ілік септік.
Д. Жатыс септік.
Е. Табыс септік.
6. Сын есімді табыңыз.
А. Қара.
В. Аурухана.
С. Төмен.
Д. Жиырма.
Е. Мен.
7. Жинақтау сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.
А. Нешеу?
В. Нешінші?
С. Неше?
Д. Нешеден?
Е. Нешеге жуық?
8. «Сан есім» қалай аударылытатынын белгілеңіз.
А. Имя существительное.
В. Глагол.
С. Наречие.
Д. Имя числительное.
Е. Союз.
9. Тұлғасына қарай есімдіктің түрін көрсетіңіз.
А. Дара, күрделі.
В. Туынды, негізгі.
С. Сұрау.
Д. Жалпылау.
Е. Белгісіздік.
10. Біз оқуға түсеміз деген мақсатпен келдік.
Сөйлемдегі есімдіктің түрін анықтаңыз.
А. Жалпылау.
В. Сілтеу.
С. Өздік.
Д. Жіктеу.
Е. Белгісіздік.
ΙΙ тур
1.Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқып шығыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз ( тапсырма жазбаша орындалады ).
Бақша ағаштары
Жаздың бір әдемі күнінде таңертең бір бақшашы баласымен бақшаға барып,жеміс ағаштарын көріп жүрді.Баласы әкесінен:
- Әке, мынау ағаш неге түп-түзу,ал анау ағаш қисық? – деп сұрады.
- Оның себебі, балам,анау ағашты күткен, суарған, қисық бұтақтарын кескен. Сондықтан ол ағаш түп-түзу болып, жақсы өскен.
- Олай болса, күтуде де көп мағына бар екен ғой, әке, -депті баласы.
- Бағу,тәрбиелеуде де көп мағына бар, мұнан көп ғибрат алу керек.Сен де осы ағаш сияқтысың. Сенің қате істеріңді түзеп, жақсы ақыл айтып отырсам,ақылды, жақсы бала болып өсесің. Ал тыңдамай, өз бетіңмен кетсең, ана ағаш сияқты қисық , жаман адам болып өсесің,-депті әкесі.
-
Ашу – дұшпан, ақыл – дос.
мақалдың мағынасын түсіндіріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).
3. 1 – тапсырмадағы мәтіннен бір жай сөйлемге толық синтаксистік талдау, асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады ).
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді жатқа мәнерлеп айтып беріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).