ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Білімді ұлт» сапалы білім беру» атты ұлттық жобасында халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған бағдарлама бөлімдеріне тоқталар болсақ: бірінші міндет – мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие беру сапасын жақсарту, екінші міндет орта білім беру мекемелерінде білім сапасын арттыру, қала мен ауыл мектептері білім алушыларының білім сапасының алшақтығын өысқарту, 12 жылдық білім беруге көшу. Үшінші міндет – орта мектепте заманауи және қауіпсіз білім беру, оқушы орындарының тапшылығын жою, төртінші міндет сапалы техикалық және кәсіптік білім беру бойынша жұмыстар жүргізу және 2025 жылдарға қарай жастарды тегін техикалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету. Осыған орай орта мектеп білім алушыларының білім дәрежесін көтеру мақсатында таңдап алынған диссертация тақырыбымыз өзекті деп ойлаймын.
Зерттеудің мақсаты: Орта мектепте информатика пәнін оқытудың жобалық-модульдік әдістемесі-оқытудың икемді мазмұнын қамтамасыз ету арқылы оқушының жеке тұлғасын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды жетілдіру.
Зерттеудің міндеттері:
-
Оқытудың жобалық-модульдік әдістемесі ерекшеліктерін зерттеу. -
Жобалық-модульдік оқыту әдістемесін информатиканы орта мектепте оқытуда іске асыру мүмкіндіктерін анықтау; -
Орта мектепте информатиканы оқытуда жобалық-модульдік оқытудың әдістемесін жетілдіру.
Қазіргі білім берудің мақсаты - әр оқушының бейімділігіне, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру. Оған жету үшін білім беру үдерісінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты түбегейлі өзгерту керек. Бұл мәселені шешу үшін оқушының өз бетінше дамуын, оқу-танымдық іс-әрекетті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыра алу қабілетін қамтамасыз ететін педагогикалық технология қажет. мақсаты - әр
Жоба әдісі - бұл оқу үдерісін жекелендіруге мүмкіндік беретін, оқушының өз қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау кезінде тәуелсіздік танытуға, білім беру тапсырмаларын орындау кезінде шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беретін кешенді оқыту әдісі. Қа
1884-1916 жылдары Дж. Дьюидің идеясы әлемнің көптеген елдерінің түрлі оқу орындарында кең таралған. Ол білім беру мазмұны өмірдің әртүрлі мәселелерін шешуге, тәжірибе жинауға және оны білім беру ортасында байытуға бағытталуы керек деп есептеді. Мұғалім мен тәрбиешінің рөлі-оқушыларды бағыттау, олардың тәуелсіз қызметін қолдау.
Жоба - (латынның сөзінен шыққан projectus,сөзбе-сөз алға) нақты жоспар, қалаған болашаққа жоспар; кез-келген өнімді жасауға арналған құжаттар жиынтығы (есептеулер, сызбалар, макеттер), рационалды негіздеме мен іске асырудың нақты тәсілін қамтиды;
Жоба әдісі - бұл білім алушы немесе шағын оқу тобы бүкіл жобаланған циклді басынан аяғына дейін орындайтын технология: ойлап табады, дамытады, өңдейді, қорғайды. Жоба - бұл нәтиже, дамыған дағдыларды, алынған дағдыларды дербес дамыту, информатика сабағында алған білімдерін қолдану, бірақ жаңа, өнімді, ізденіс деңгейінде
Орта мектепте информатика пәнін жобалық-модульдік оқыту жүйесі, оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіндігінде және оқушылардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін, жеке мүдделерін, олардың ата-аналарын, аймақтық экономикалық жағдайларды ескере отырып, оқушының жалпы дамуына ықпал ететіндігінде.
№1 «Дербестік дәрежесін анықтауға қол жеткізу тесті» тапсырма саны – 11. Тестке қатысқан оқушылар саны: 44. 44 оқушыдан 24 оқушы 15-30 балл арасында алды бұл оқушылар тест нәтижесі бойынша өзін-өзі растау қабілетінің жоғары деңгейін білдіреді және 11 оқушы 30-дан 40-ға дейін балл алды бұл оқушылар тест нәтижесінде өзін-өзі растау қабілетінің орташа деңгейін көрсетеді.Демек, 80%-дан астамы жоғары нәтиже көрсеткен.
№2 Оқушылардың іс-шараларға қатысу мотивтерін зерттеу (Л.В.Байбородова) тесті тапсырма саны – 12. Тестке қатысқан оқушылар саны: 44. Екінші тест бойынша: «Оқушылардың іс-шараларға қатысу мотивтерін зерттеу» (Л.В.Байбородова) тестін тапсыру нәтижесі оқушылардың өз білімін беру мүмкіндігі, шығармашылықпен айналысу, әр-түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау, басқаларға жетекшілік ету мүмкіндігінің төмен екендігін, біз оларға жүргізіп жатқан жобалық-модульдік әдістемесінің қажеттілігін және оның өзекті екендігін көрсетті.
Егер жобаны білім алушының көзқарасы тұрғысынан қарастыратын болсақ, бұл өз бетіңізше топта қызықты нәрсе жасауға, өз мүмкіндігіңізді тиімді пайдалануға; бұл сізді көрсетуге, өз күшіңізді сынап көруге, біліміңізді және қол жеткізген нәтижеңізді көрсетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет. Егер білім беру жобасын мұғалім тұрғысынан қарастыратын болсақ, бұл жобаны үйретуге мүмкіндік беретін дидактикалық құрал, дәлірек айтсақ, осы проблемадан туындайтын мәселелерді шешу арқылы мәселені шешудің жолын іздеу қызметі.