Файл: Жалпы сратар таырыбы бойынша баылаутестілер сратары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
В. дауыстың өзгеруі
Г. дисгармональдық бұзылыстар
Д. көрші мүшелер қызметінің бұзылуы
23. Қалқанша безінің тығыз түйіндері мен кистозды түзілімдерінің ажырату диагностикасы үшін ең тиімді тәсіл:
А. пальпация
Б. І131-мен ультрасонография
В. І131 -мен сканерлеу
Г. рентгенография
Д. В,Г дұрыс
24. Қалқанша безіндегі нодулярлы түзілістердің және мойынның ұлғайған лимфа түйіндерінің табиғатын операцияға дейінгі кезеңде дәлелді түрде мына жолмен анықтауға болады:
А. І131-мен сканерлеу және Р32-мен радиоиндикация
Б. пункциялық биопсия
В. лимфа түйіндерінің эксцизиялық биопсиясы
Г. кальцитонин деңгейін анықтау
Д. Б,В,Г дұрыс
25. Қалқанша безінің қантамырмен қамтамасыз етілуін ескере отырып цитологиялық зерттеу үшін материалды қалай алады:
А. жіңішке инемен
Б. Кассирский инесімен
В. пунктатқа көп қан араласып кетпеуі үшін қатты аспирацияламайды
Г. А мен В дұрыс
Д. Б мен В дұрыс
26. Қалқанша без рагының даму қаупі мына жағдайда ең жоғары болады:
А. І131-ты сіңірмейтін, бір ғана «суық» түйін
Б. фолликулярлы аденома
В. Хашимото тироидиті
Г. де Кервен тироидиті
Д. Ридель зобы
27. Науқаста қалқанша безінің медуллярлы рагы мен феохромоцитома анықталған кезде ... жасайды:
А. феохромоцитомаға байланысты операция
Б. қалқанша без операциясы
В. Крайль операциясы
Г. қалқанша бездің субтотальды резекциясы+лимфа түйіндерінің мойын-футлярлы резекциясы
Д. сәулелік ем
28. Түбегейлі операциядан кейін дауыстың күші мен тембрының өзгеруі, әдетте, ... зақымдануына байланысты болады:
А. жоғарғы көмекей жүйкесінің сыртқы бұтағының
Б. жоғарғы көмекей жүйкесінің ішкі бұтағының
В. қайтушы көмекей жүйкесінің
Г. тіласты жүйкесінің
Д. В мен Г дұрыс
29. Субтотальды тиреоидэктомиядан кейін ұзақ ... қажет:
А. полихимиотерапия
Б. сәулелік ем
В. радиойодтерапия (І131)
Г. полихимиотерапия+сәулелік ем
Д. тироксинмен немесе оның баламаларымен емдеу
30. Қалқанша без рагының дамуы бойынша қауіп-қатер тобына жатқызылады:
А. түйінді зобы бар еркектерді
Б. балалық шағында иондаушы әсерге душар болған адамдар
В. қалқанша безі ұлғайған және эндемиялық аймақта тұратын адамдарды
Г. А мен Б дұрыс
Д. А,Б,В дұрыс
«Қалқанша без рагы» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны
1 – Д | 16 – А |
2 – В | 17 – В |
3 – В | 18 – Г |
4 – Г | 19 – Д |
5 – А | 20 – Д |
6 – Б | 21 – В |
7 – А | 22 – Б |
8 – Д | 23 – Д |
9 – Б | 24 – Д |
10 – В | 25 – Г |
11 – В | 26 – А |
12 – Г | 27 – А |
13 – Д | 28 – А |
14 – В | 29 – Д |
15 – В | 30 - Д |
“Қатерлі лимфомалар” тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары
1. Лимфогранулематоз диагнозы микропрепаратта қандай жасушалар анықталған жағдайда дәлелденеді:
А. Пирогов-Лангханс жасушалары
Б. лимфобласттар
В. Березовский-Штернберг жасушалары
Г. ретикулогистиоциттер
Д. эпителий жасушалары
2. Лимфосаркома диагнозы микропрепаратта қандай жасушалар анықталған жағдайда дәлелденеді?
А. Березовский-Штернберг-Рид жасушалары
Б. Пирогов-Лангханс жасушалары
В. лимфобласттар
Г. эпителий жасушалары
Д. ретикулогистиоциттер
3. Лимфогранулематоздың шеткі түрлерінде байқалатын макроскопиялық өзгерістерге тән емес симптом:
А. бездің ауырмайтындығы
Б. айналасындағы тіндермен бітіспеуі
В. консистенциясының тығыздығы
Г. бірнеше бездің зақымдануы
Д. жыланкөз пайда болуына бейімділік
4. Лимфогранулематоздың шеткі түрі ең жиі орналасатын аймақ:
А. қолтық асты
Б. құлақ маңы
В. жақ асты
Г. мойын
Д. шап
5. Ішкі мүшелердегі лимфогранулематоздың әсіресе жиі орналасатын жеріне жатпайды:
А. бауыр
Б. талақ
В. бүйрек
Г. өкпе
Д. асқазан
6. Инфекциялық мононуклеозды шеткі лимфогранулематоздан ажырататын белгі:
А. жедел басталуы
Б. тамағының ауыруы
В. лимфа түйіндері ұлғаймай тұрып дене қызуының көтерілуі
Г. адам мүлдем сау бола тұрып, шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы
Д. шеткі қанда мононуклеарлардың (моноциттердің) болуы
7. Шеткі лимфогранулематозды туберкулезді лимфадениттен ажырататын белгі:
А. өкпеде біріншілік туберкулездік комплекстің болуы
Б. ұлғайған лимфа түйіндерінің ауыруы
В. ұлғайған түйін үстіндегі терінің қызаруы
Г. түйін пунктатынан Березовский-Штернберг жасушаларының табылуы
Д. түйін пунктатынан Пирогов-Лангханс жасушаларының табылуы
8. Шеткі лимфогранулематозды қарапайым лимфадениттен ажырататын белгі:
А. іріңді жараның болуы
Б. дене қызуының көтерілуі
В. ұлғайған лимфа түйіндерінің ауыруы
Г. қабынуға қарсы емге қарамастан қызбаның түспеуі
Д. ұлғайған түйін үстіндегі терінің қызаруы
9. Ходжкиндік емес лимфомаға жататындар:
1. лимфосаркома
2. эозинофильді гранулема
3. туберкулома
4. ретикулосаркома
5. гамартома
А. 2; 4; 5
Б. 1; 3
В. 2; 3; 4
Г. 3; 5
Д. 1; 4
10. Емхана жағдайында науқас мойын аймағындағы ұлғайған және ауырмайтын лимфа түйініне шағымданса, сіздің амалыңыз қандай болмақ?
А. қабынуға қарсы ем жүргізу
Б. ұлғайған түйін пункциясын жасап, пунктатты цитологиялық зерттеу
В. ЛОР дәрігеріне кеңеске жіберу
Г. физиотерапия жүргізу
Д. динамикалық бақылау жүргізу
11. Кеуде аралық лимфогранулематозы мен өкпенің қабыну ауруларының клиникасында ортақ симптомдар көп. Төмендегі белгілердің қайсысы кездескен жағдайда лимфогранулематозға күдік туады?
А. жөтел
Б. кеуденің ауыруы
В. жалпы әлсіздік, өзін жайсыз сезіну
Г. қабынуға қарсы емнің нәтижесіздігі
Д. зәр анализінің Бенс-Джонс ақуызына оң болуы
12. Лимфогранулематоздың организмде таралу деңгейін анықтау үшін келесі зерттеу әдістерінің қайсысы қолданылмайды?
А. кеуде қуысының екі проекциядағы рентгенографиясы
Б. құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі
В. екі жақты төменгі лимфография
Г. диагностикалық лапаротомия жасап, спленэктомия және бауыр биопсиясын өткізу
Д. спирография
13. Кеуде аралық лимфогрануломатозына күдік туғанда аталған зерттеу әдістерінің қайсысының көмегіне сүйенген ең тиімді?
А. фиброгастроскопия
Б. жалпы қан анализі
В. лимфография
Г. медианоскопия кезіндегі биопсия
Д. компьютерлі томография
14. Мезентериальды лимфа түйіндерінің лимфогранулематозына күдік туғанда аталған зерттеу әдістерінің қайсысының көмегіне сүйенген ең тиімді деп санайсыз?
А. фиброгастроскопия
Б. лапароскопия кезінде көздеп биопсия жасау
В. фиброколоноскопия
Г. асқазан рентгеноскопиясы
Д. ирригография
15. Амбулаторлық қабылдау кезінде шеткі лимфогрануломатозға күдіктенуді талап ететін «қауіп-қатер сигналдарына» төмендегілердің қайсысы жатпайды:
А. бір немесе бірнеше ұлғайған лимфа түйіндерінің пайда болуы
Б. лимфа түйіндерінің біртіндеп ұлғаюы және жаңа түйін пайда болуы
В. түсініксіз қызба
Г.түнгі мезгілде ағыл-тегіл терлеу
Д. түйін аймағындағы терінің қызаруы және флюктуация
16. Лимфогранулематоздың гистологиялық варианттарының қатарына қайсысы жатпайды?
А. лимфоидты басымдылық
Б. нодулярлы склероз
В. лимфоидты сарқылу
Г. эозинофильді гранулема
Д. аралас-жасушалық
17. Науқаста интоксикация симптомдарынсыз көкеттен жоғары орналасқан лимфа түйіндері және көкбауыр зақымданған лимфогранулематоз болған жағдайда қандай даму сатысы қойылуы тиіс?
А. I «А» даму сатысы
Б. II «А» даму сатысы
В. IIІ «А»даму сатысы
Г. III «Б» даму сатысы
Д. IV «А» даму сатысы
18. ЛГМ-дың қай сатысына «интоксикация симптомдары жоқ жайылмалы» атауы сәйкес келетіндігін көрсетіңіз:
А. I даму сатысы
Б. II «А» даму сатысы
В. IIІ «А»даму сатысы
Г. III «Б» даму сатысы
Д. IV «А» даму сатысы
19. Ходжкиндік емес лимфомамен науқастарды емдеу тәсілін таңдау кезіндегі болжамы жағынан қолайсыз факторларға жатқызылады:
А. ЛГМ-дың І «Б» және ІІ «А» сатысындағы кеуде аралық түйіндері ауқымды түрде зақымдалған (МТИ +0,33) науқастар
Б. ІІ «Б» сатысындағы экстранодальды зақымдануы бар Е сатысы шеңберіндегі науқастар
В. ІІІ және ІV сатыдағы барлық науқастар
Г. ЭТЖ 50 мм/сағ төмен емес
Д. барлық аталған факторлар
20. Қатерлі лимфомаларға жатады:
1. лимфогрануломатоз
2. лимфосаркома
3. ретикулосаркома
4. эозинофильді гранулема
5. туберкулома
А. 1,2,3
Б. 1,3
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. барлық аталғандар
21. Төменде аталған белгілердің қайсылары лимфогрануломатоз кезінде лимфа түйіндерінде болатын өзгерістерді сипаттайды:
1. өлшемдері ұлғайған
2. айналасындағы тіндермен бітіспеген
3. ауырмайды
4. ауырады
5. айналасындағы тіндермен бітіскен
А. 1,2,3
Б. 1,3
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. дұрыс жауап жоқ
22. Лимфогрануломатоз пайда болуының ең ықтимал себебтерін көрсетіңіз:
1. Эпштейн-Барр вирусы
2. қолайсыз ауа-райы
3. инфекциялық мононуклеоз
4. радиоактивті сәулелер
5. тамақтану тәртібінің бұзылуы
А. 2,5
Б. 1,2,5
В. 1,3,4
Г. 2,3
Д. 2,5
23. Төменде аталған гистологиялық варианттардың қайсылары болжамы бойынша ең қолайлысы болып табылады:
1. лимфогистиоцитарлық вариант
2. лимфоидты сарқылу
3. аралас-жаушалы вариант
4. нодулярлы-склероздық вариант
5. тек қана 3,4
А. 1,2,3
Б. тек қана 1
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. 5
24. Төменде аталған гистологиялық варианттардың қайсылары болжамы бойынша қолайсыз болып табылады:
1. нодулярлы-склероздық вариант
2. лимфогистиоцитарлық вариант
3. лимфоидты сарқылу
4. аралас-жаушалы вариант
5. аталғандардың барлығы
А. 1,4
Б. 2,3
В. 3
Г. 4
Д. 5
25. Амбулаторлық қабылдау кезінде шеткі лимфогрануломатозға күдіктенуді талап ететін «қауіп-қатер сигналдарына» төмендегілердің қайсысы жатпайды:
1. түйін аймағындағы терінің қызаруы және флюктуация
2. ауырмайтын ұлғайған лимфа түйіндерінің пайда болуы
3. жоғары дене қызуы, тамағының қызаруы және ауыруы
4. түнгі мезгілде ағыл-тегіл терлеу
5. 5-6 айдың ішінде 10%-ға жүдеу
А. 2,4,5
Б. 1,5
В. 2,3
Г. 1,3,5
Д. 1,3
26. Лимфогрануломатоз кезіндегі интоксикация симптомдарына жатады:
1. тамақ ішкеннен кейін лоқсу, құсу
2. дене қызуының 380С жоғары түсініксіз көтерілулері
3. түнгі мезгілде ағыл-тегіл терлеу
4. жалпы әлсіздік, бас ауыруы
5. аталғанның барлығы
А. 1,4
Б. 2,3
В. 3,4
Г. 1,2
Д. тек қана 5
27. Шат аймағының, ішперде арты кеңістігінің және көкбауырдың лимфа түйіндерінің зақымдануымен өтетін лимфогрануломатозды нақтылау үшін қолданылады:
1. құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі
2. Эванс көгінің 5% ерітіндісімен өткізілетін төменгі лимфография
3. қанның клиникалық-биохимиялық анализі
4. пункциялық биопсия
5. құрсақ қуысы мүшелерінің шолу рентгеноскопиясы
А. 1,3
Б. 1,2,4
В. 2,3
Г. 1,5
Д. 3,4
28. Төменде аталған жасушалардың қайсыларының лимфа түйіндерінде табылуы Ходжкин лимфомасы үшін патогномоникалық болып табылады: