Файл: Жалпы сратар таырыбы бойынша баылаутестілер сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 27

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Онкоморфология» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары 

 

1. Өспе паренхимасын құрайтын:

А. ісік жасушаларының нағыз өзі

Б. дәнекер тін

В. қан және лимфа тамырлары

Г. строманың жүйкелері және жасушалық элементтері

Д. барлығы бірге

2. Ісік стромасы:

А. қажетті тіреуші құрылым 

Б. ісік жасушаларына нәрлі заттардың және оттегінің жеткізілуін қамтамасыз етеді 

В. ісік жасушаларының зат алмасу өнімдерінің шығарылуын қамтамасыз етеді

Г. бірқатар жағдайда өспенің міндетті құрамдас бөлігі болып табылмайды

Д. тек қана Г жауабынан басқасының барлығы дұрыс

3. Іn Situ рагы қай жерде болуы мүмкін:

А. жатыр мойнында

Б. бронхта

В. асқазанда

Г. аталған мүшелердің ешқайсысында

Д. аталған мүшелердің барлығында

4. Асқазан-ішек ісіктерінің пісіп жетілу деңгейі төмен ісіктеріне негізінен тән қасиеттер:

А. инфильтрациялық өсу

Б. экзофиттік өсу

В. аралас өсу

Г. аталғандардың барлығы бірдей жиілікпен кездеседі

Д. Б және В жауаптары дұрыс

5. Без фиброаденомасының өсу ерекшеліктеріне жатады:

А. экспансивті өсу

Б. метастаздармен инфильтрациялық өсу

В. метастазсыз инфильтрациялық өсу

Г. барлық жауап дұрыс

Д. метастаздану

6. Сүт безі ісігіне байланысты жасалған операция кезінде жедел гистологиялық зерттеу жүргізбеуге болады, егер диагноз немен дәлелденген болса:

А. клиникалық мәліметтермен

Б. маммографиямен

В. термографиямен

Г. морфологиялық цитологиялық зерттеумен

Д. радиоизотоптық зерттеумен

7. TNM жіктелуі бойынша қатерлі ісіктің гистологиялық пісіп жетілуін белгілеу үшін мына символ қолданылады:

А. C

Б. G

В. R

Г. y

Д. ч

8. Қатерлі ісіктің морфологиялық пісіп жетілу дәрежесі қандай болуы мүмкін:

А. жоғары

Б. орташа

В. төмен

Г. пісіп-жетілмеген

Д. барлық жауап дұрыс

9. Қатерлі ісіктің морфологиялық пісіп жетілуінің жоғары дәрежесіне қай белгі сәйкес келеді:

А. G1

Б. G2

В. G3

Г. G4

Д. G0

10. Жалпақжасушалы рак негізінен қай жерде кездеседі:

А. өңеште және тік ішектің анальдық каналында

Б. асқазанда

В. жіңішке ішекте

Г. жиек ішекте

Д. бүйректе

11. Қатерлі ісіктердің жаңадан түзілген тамырларына тән: 


А. құрылысы жағынан қалыпты веналар мен артерияларға ұқсас болуы сирек

Б. эндотелиймен қапталған өзектер түрінде болуы мүмкін

В. капилляр деңгейінде ісік жасушаларының өздерімен қапталуы мүмкін

Г. барлық жауап дұрыс

Д. дұрыс жауаптар А және В

12. Ісіктердің TNM жүйесі бойынша жіктелуі және ісіктің гистологиялық құрылымын анықтау айтарлықтай дәрежеде неге мүмкіндік береді:

А. ем жоспарын ойластыруға

Б. болжамын анықтауға

В. емнің тиімділігін бағалауға

Г. медициналық ақпаратпен алмасуға

Д. барлық жауап дұрыс

13. рTNM (рT, рN, рM) деп белгіленетін патологиялық жіктелу (постхирургиялық, патогистологиялық жіктелу) қандай жағдайда қолданыла алады:

А. біріншілік ісікпен зақымданған мүше резекцияланып, ол морфологиялық зерттелгенде

Б. аймақтық лимфа түйіндері сәйкесінше дұрыс алып тасталынып, кейін олар гистологиялық зерттелгенде

В. алыс мүшелерде метастаз бар не жоқ екендігі морфологиялық зерттеумен дәлелденгенде

Г. барлық жауап дұрыс

Д. А мен Б жауаптары дұрыс

14. Қатерлі ісіктердің жасушалық атипизмі немен анықталады:

А. жасуша ядроларының үлкендігімен

Б. жасуша денесі мен ядросы өлшемдерінің арасындағы сәйкессіздікпен

В. протоплазмада ақуыз дәндерінің, гликоген тамшыларының болуымен

Г. протоплазмада хроматин дәндерінің болуымен

Д. аталғандардың барлығымен

15. Иондаушы сәулелерге және ісікке қарсы химиопрепараттарға ең сезімтал келетіні:

А. мүйізденген жалпақ жасушалы рак

Б. мүйізденбеген жалпақ жасушалы рак

В. пісіп жетілген аденокарцинома

Г. шамалы пісіп жетілген аденокарцинома

Д. төмен дәрежеде пісіп жетілген және пісіп жетілмеген рак

16. Ісіктің қай аймағы иондаушы сәуленің әсер ету тетігіне әсіресе сезімтал болып келеді:

А. оксигенацияланған

Б. гипоксиялы

В. аноксиялы

Г. барлық аймағы

Д. А мен Б жауаптары дұрыс

17. Қатерлі ісіктердің метастаз беруі қандай жолмен өтеді:

А. гематогендік

Б. лимфогендік

В. жүйкелердің қабығымен

Г. тінаралық саңылаулармен

Д. барлық аталғандармен

18. Гистологиялық зерттеу үшін ісік тіні қайдан алынады:

А. операциялық материалдан

Б. кесіп алынған биопсиялық материалдан

В. трепанация арқылы алынған биопсиялық материалдан

Г. аутопсиялық материалдан

Д. барлық жағдайда

19. Биопсиялық материал қай зерттеу әдісі кезінде алынбайды:



А. эзофагоскопия

Б. бронхоскопия

В. биманульды зерттеу әдісі

Г. медиастиноскопия

Д. ректороманоскопия

20. Патологиялық анатомияның онкологиядағы маңызы:

А. диагностикалық

Б. көмекші

В. нақтылаушы

Г. оқып үйрену

Д. терапевтік

21. Онкоморфология дегеніміз:

А. адамдағы өспелердің морфологиясының, гистогенезінің, патогенезінің жалпы сұрақтарын, сонымен қатар әр нақты жағдайдағы аурудың ағымына және жоспарланған емнен күтетін жауапқа әсер ететін жеке дара болжамдық факторларды зерттейтін патологиялық анатомияның саласы

Б. ісік алды ауруларының гистологиялық диагностикасы мәселелерін зерттейтін патологиялық анатомияның саласы

В. ісіктердің гистологиялық диагностикасы мәселелерін зерттейтін патологиялық анатомияның саласы

Г. патологиялық анатомия синонимі

Д. ісіктердің эпидемиологиясы және канцерогенез мәселелерін зерттейтін патологиялық анатомияның саласы

22. Онкоморфологияда қолданылатын диагностика әдістері:

А. гистологиялық

Б. цитологиялық

В. электронды микроскопия

Г. иммунофенотиптеу

Д. барлық әдістер

23. Жасушалардың көбеюі:

А. инфекция қоздырғышының енуіне деген патологиялық реакция

Б. мүше мен тін қызметі сақталып, жасушалардың пісіп жетілуімен аяқталатын компенсаторлы-бейімделу үрдісі

В. некроз аймағының тыртықпен толтырылуымен аяқталатын компенсаторлы-бейімделу үрдісі

Г. гипертрофия синонимі

Д. организмнің бүлініске деген жауап реакциясы

24. Ісік деген ұғым – бұл...:

А. генетикалық тұрғыда бекітілген жаңа қасиеттерге ие болған жасушалардың бағынбайтын пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс

Б. қабыну ошағының жасушалармен инфильтрациялануы

В. грануляциялық тінде жаңа тамырлардың дамуы

Г. антигендік ынталандыруға берілетін иммунологиялық реакция

Д. барлық жауап дұрыс

25. Ісіктің қасиеттері:

А. автономдылық (бағынбай өсу)

Б. жүре пайда болған және генетикалық тұрғыда бекітілген жасуша қасиеттері

В. жасушалық, тіндік атипизм

Г. қабыну ошағының жасушалармен инфильтрациялануы

Д. А,Б,В жауаптары дұрыс

26. Қатерсіз ісік дегеніміз:

А. гистологиялық тегі анық (гомологиялық ісіктер), айтарлықтай жасушалық атипизм белгілері жоқ жасушалардың экспансивті сипаттағы пролиферациясы байқалатын және болжамы салыстырмалы қолайлы болып табылатын патологиялық үрдіс


Б. жасушалық атипизмі немесе мономорфизмі анық, инфильтративті сипатта өсетін, метастазға бейімділік танытатын жасушалардың пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс

В. бүлініс, некроз ошағында жасушалар пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс

Г. қабынудың кезеңі

Д. А мен В жауаптары дұрыс

27. Қатерсіз ісік дегеніміз:

А. гистологиялық тегі анық (гомологиялық ісіктер), айтарлықтай жасушалық атипизм белгілері жоқ жасушалардың экспансивті сипаттағы пролиферациясы байқалатын және болжамы салыстырмалы қолайлы болып табылатын патологиялық үрдіс

Б. жасушалық атипизмі немесе мономорфизмі (гетерологиялық ісіктер) анық, инфильтративті сипатта өсетін, метастазға бейімділік танытатын жасушалардың пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс

В. бүлініс, некроз ошағында жасушалар пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс

Г. мүше мен тін қызметі сақталып, жасушалардың пісіп жетілуімен аяқталатын компенсаторлы-бейімделу үрдісі

Д. А мен Б жауаптары дұрыс

28. Жасушалардың автономды өсуі дегеніміз:

А. ісік жасушаларының әрекеті, олардың бағынбайтын шексіз өсуге қабілеттілігі, негізгі түйіннен үзілген кезде де өсу және даму қасиеті

Б. жасуша деңгейіндегі ісік өсуінің көрінісі, цитотипиялық пісіп жетілудің бұзылуын айғақтайды

В. бүлініс, некроз ошағында жасушалар пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс

Г. мүше мен тін қызметі сақталып, жасушалардың пісіп жетілуімен аяқталатын компенсаторлы-бейімделу үрдісі

Д. жасушалар көбеюін иммунологиялық бақылаудың бұзылуы

29. Жасушалық атипизм:

А. ісік жасушаларының әрекеті, олардың бағынбайтын шексіз өсуге қабілеттілігі, негізгі түйіннен үзілген кезде де өсу және даму қасиеті

Б. жасуша деңгейіндегі ісік өсуінің көрінісі, цитотипиялық пісіп жетілудің бұзылуын айғақтайды, жарық-оптикалық деңгейде ол жасушалардың, ядролардың және ядрошықтардың полиморфизмімен немесе, керісінше, мономорфизмімен, ядролардың гиперхромиясымен білінеді

В. болжанған эмбрионалды шығу тегіне, бағандық жасушаға қарай дамуы

Г. белгілі бір мүшеге тән тіндік қарым-қатынастың бұзылуымен сипатталады, яғни органотиптік және гистотиптік пісіп-жетілуді бейнелейді

Д. А мен В жауаптары дұрыс

30. Тіндік атипизм: 

А. ісік жасушаларының әрекеті, олардың бағынбайтын шексіз өсуге қабілеттілігі, негізгі түйіннен үзілген кезде де өсу және даму қасиеті

Б. жасуша деңгейіндегі ісік өсуінің көрінісі, цитотипиялық пісіп жетілудің бұзылуын айғақтайды, жарық-оптикалық деңгейде ол жасушалардың, ядролардың және ядрошықтардың полиморфизмімен немесе, керісінше, мономорфизмімен, ядролардың гиперхромиясымен білінеді


В. белгілі бір мүшеге тән тіндік қарым-қатынастың бұзылуымен сипатталады, яғни органотиптік және гистотиптік пісіп-жетілуді бейнелейді

Г. генетикалық тұрғыда бекітілген жаңа қасиеттерге ие болған жасушалардың бағынбайтын пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс

Д. жасушаның ерекше қасиеттерге ие болуы

31. Метаплазия:

А. генетикалық тұрғыда бекітілген жаңа қасиеттерге ие болған жасушалардың бағынбайтын пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс

Б. созылмалы қабыну, қоректену бұзылысы, қызметінің бұзылысы нәтижесінде пісіп жетілген жасушалық элементтердің бір түрінің басқасымен алмасуы

В. болжанған эмбрионалды шығу тегіне, бағандық жасушаға қарай дамуы

Г. жасушаның ерекше қасиеттерге ие болуы

Д. автономды сипатта өсетін жасушалар клоны

32. Анаплазия:

А. жасушаның ерекше қасиеттерге ие болуы

Б. созылмалы қабыну, қоректену бұзылысы, қызметінің бұзылысы нәтижесінде пісіп жетілген жасушалық элементтердің бір түрінің басқасымен алмасуы

В. болжанған эмбрионалды шығу тегіне, бағандық жасушаға қарай дамуы

Г. автономды сипатта өсетін жасушалар клоны

Д. барлық жауап дұрыс

33.Дисплазия:

А. жасушаның ерекше қасиеттерге ие болуы

Б. пісіп жетілу бұзылуының нәтижесінде патологиялық сипаттамаға ие болған жасушалардың пайда болуы

В. болжанған эмбрионалды шығу тегіне, бағандық жасушаға қарай дамуы

Г. автономды сипатта өсетін жасушалар клоны

Д. А мен В жауаптары дұрыс

34. Гетеротопия (дистопия:)

А. бір мүше тінінің бөліктерінің басқа мүше құрылымына енуі

Б. пісіп жетілу бұзылуының нәтижесінде патологиялық сипаттамаға ие болған жасушалардың пайда болуы

В. болжанған эмбрионалды шығу тегіне, бағандық жасушаға қарай дамуы

Г. автономды сипатта өсетін жасушалар клоны

Д. барлық жауап дұрыс

35. Шеткі Ходжкиндік емес лимфомалар:

А. қан жасаушы тіннің ісігі

Б. лимфоидты тіннің ісігі

В. лимфогранулематоз

Г. иммунитеттің жасушалық кезеңінің бұзылысы

Д. иммунитеттің гуморальдық кезеңінің бұзылысы

 

 

 

«Онкоморфология» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны

 

1 - А

19 - В

2 - Д

20 - А

3 -Д

21 - А

4 - А

22 - Д

5 - А

23 - Б

6 - Г

24 - А

7 - Б

25 - Д

8 - Д

26 - А

9 - А

27 - В

10 - А

28 - А

11 - Г

29 - Б

12 - А

30 - В

13 - Д

31 - Б

14 - Д

32 - В

15 - Д

33 - Б

16 - А

34 - А

17 - Д

35 - Б

18 - Д