Файл: ош келді, Жаа жыл! 1Ж Армысыздар ардаты аайын, лаатты стаздар, онатар!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қош келдің, Жаңа жыл!

1Ж:Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар, қонақтар!
2- жүргізуші: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!

1 – жүргізуші /Мадина О./: Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

2 – жүргізуші/Бибигуль Т./ Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

2 – жүргізуші Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!


1ж Алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп меңгерушісі Б.Т. Кабдышеваға беріледі.

2 – жүргізуші Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,

1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келмей қалады).

Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)

Жалмауыз кемпір /Ботагоз У./: Ойбай түрлерін қара! Неге айқайлап жатырсыңдар?!

Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып

алады дегенді білмейсің бе?

Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!

Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен әйел адамға ескертудің өзі ұят. Сен не, мектепте оқымадың ба?

Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Бір рет қана мектепке барып клдім. Онда кешке дейін тақпақ-әндер, көбейту кестесін жаттатады, ал мұғалімдері бұрамалы ойыншық сияқты: қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па?

Еще 45 минут партада қадалып отыру керек. Бүйткен мектебі құрысын!

Жүргізуші: Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады?

Балалар қолдарын көтеріп :


Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап)

Түсіндің бе? Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!

Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?

Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді)

Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Жалмауыз кемпір: ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп... оқу... жазу... Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(көңілді музыкамен «Айна» ойыны ойналады. Ойын ойналып болған соң)

Енді тест аламын, кім сараң екенін анықтаймын (іші ақшаға толған, жіпке байланған әмиянды лақтырып қалады, мәз болып, тырнақтарын қағады)

Жүргізуші: Тоқта, тоқта!

Жалмауыз кемпір: Жарайды, жарайды. (балаларға қарап: балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)

Балалар: Иә!

Жалмауыз кемпір: Онда, кәне жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)

Жүргізуші: Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой!

(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.

Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
2 - жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Ұлу жылын шығарып салайық.
(осы кезде жылан келеді.)

Ескі жыл - жылан

Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.


1 – жүргізуші: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.
Ортаға Жаңа Жылан жылы келеді.

Жылқы жылы:

Жақсылыққа бағыттаған
Жылқымын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.

Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!


Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақаркелмей қалады).

Балалар: Аязата, Ақшақар!

Қоян: Балалар Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Біз орман жануарлары адасып жүрген Аяз ата мен Ақшақарды ертіп келдік.

Аяз ата:

Аманбысың, балаларым, даналарым, мәңгілік,

Келдім міне, мен сендерге алыстардан бел түріп.

Шаршағаным білінбейді, бара жатыр жан жылып,

Өздерінді көріп міне бойдағы жанды осы үміт.

Ал, ендеше би билейік, өн салайық бірігіп,

Силығым бар өнерліге, ән салғанға, би билесе жүгіріп,

Менен бүгін бақытты жоқ, жер бетінде бүгіңде,

Жарық екен, анық екен қап-қараңғы түнім де.

Ақшақар:

Қарашы ата, қаңдай әсем, қандай сүлу шыршалар,

Қарашы әне, ойыншықтар шырша басын нұр шалар.

Бала біткен қуанышты, бізді тосып қалған ба?

Өнерлерін көрейікші, не жетеді әсем әнді тыңдағанға

Ал, балалар, ойын-сауық көтерейік көңілді.

Гүлдетейік бір күн болсын тылсым мынау өмірді.

Қоян

Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!

Тулкі


Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды

Орман жануарларының биі

Оқушылардың өлеңі

Балалардың биі

Балалардың өлеңі

Аяз атаның тапсырмасы /ойын ойнату/

Жалмауыз кемпірдің сыпыртқысымен би билеу, ұшты ұшты ойыны

Мен бастаймын, ал, сендер

Аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр....

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге ....

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі ......

Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын- күлкі таралсын

Құтты болсын .....

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Ақшақардың жұмбақтары

Балалардың өлеңі

Ата аналармен ойын / Ұнды үрлету/

Жылқының суретін аяқтау

Киімді тауып әкелу /Шапқа, кофта, аяқ киім/

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!


Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

Ән «Аяз ата»

ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

І жүргізуші:Құрметті достар!

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп,бақытты болайық!

ІІ жүргізуші: Ата – аналарға құттықтау сөзі беріледі.

Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

Балалардың тақпақтары

Арман

Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың!


Бейбарыс
Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Нұрислам
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Баймағамбет
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді!
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!

Билур

Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

Ясмин

амаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Айлин

Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз

Илмаз

Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып

Вика
Аязды келіп қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ болып үстіміз
Ақ қырау жабысты.

Самина

Келді тағы жаңа жыл 
Қуантумен біздерді 
Құтты болсын жаңа жыл, 
Құттықтаймыз сіздерді! 

Маржан
Өлең де әзір, ән әзір,
 
Ойын да әзір, бәрі әзір 
Кел Жаңа жыл біздерге, 
Кел Жаңа жыл, жаңа жыл! 


Алексей

Аспан жерге төгеді, 
Ақ күмісін уыстап. 
Жаңа Жылда келеді, 
Бізге қарай жылыстап. 

Милана

13/Жасыл желек жамылған,

Асылым моншақ тағылған,

Міне, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп сағынған,

Кел, балалар келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Өлеңдер

Жаңа жыл келді

1/Аяз атамыз қонаққа келді

Біздерге тітті сыйлық әкелді

Қандай тамаша Әсем шыршамыз

Аяз атамен бірге тойды тойлаймыз
Қайырмасы:

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жыл келді

Балалар қуанып

Бірге биледі
2/Айналамыз қар, түрлі сыйлықтар,

Сұлу аппақ қыз, келді Ақшақар

Шырша тамаша тұр ғой жараса,

Шамдарын жақты бізге, сиқырмен Ата
Жаңа жыл

Көк шыршамыз ырғалып,

Жатыр дала- қыр нағып

Жылым келді аппақ жүзі нұрланып!

Жарасатын еліме,

Төрлет жылым төріме!

Бейбіт жатқан қазағымның жеріне!

Қайырмасы:

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр. 

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр.

Шыршамызға шам жағып,

Қараймыз ғой тамсанып,

Би билейік, ал кәнекей ән салып!

Аяз ата әніміз, Ақшақарың сәніміз,

Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз!

Қайырмасы:

Күлімдесін күніміз,

Жалындасын жүзіміз,

Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз!

Жаңа жылым шаттығым,

Арайланып атты күн,

Тілейікші елімізге сәтті күн..!

Шыршаға бардық

Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.
Қ-сы:

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық.

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық – 2 рет.
-2-

Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдық,

Бір жасқа енді.
Қ-сы:

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық.

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық – 2 рет.

Қайырмасы:
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
ЖАҢА ЖЫЛ КЕЛДІ/

Балалардың орындайтын әндері:

1/"Шыршаға бардық" әні

2/Шырша жыры. Орманда шырша туыпты...