Файл: 1.Аладай деген сзді маынасын алай тсінесіздер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 3

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2022 жылы қазанның 27 күні М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тоқтақметова Әсел Қайратқызы "7.1 XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы " бөлімі бойынша "Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты. Зерттеу сұрағы:Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай? "" тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақтын мақсаты:

Абылай ханның үш жүздің басын қосып, Қазақ хандығын нығайтудағы рөлін түсінеді. Тақырыпқа шығу арқыл"Geniually " платформасы арқылы үлкен шайқас алдындағы жекпе-жекте айқасқан батырлар суреті көрсетіліп, оқушыларға төмендегідей сұрақ қойылады:


1.«Алғадай» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?


2.Аңырақай шайқасында алғадай болған кім?

Жауап алынғаннан кейін ғана Абылай хан бейнеленген суретін көрсетеді.

Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталып оқу мақсты таныстырылды. "Қол сағат" арқылыөзін-өзі бағалау парағы беріледі. Тақырыпты ашуға бейнебаян көрсетілді. 1-тапсырма. Жұптық жұмысжүргізді.Жаңа «ұғымдардың мағынасын табайық» ұғымдармен жұмыс жүрді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай берілді. Топтпр бір-бірін бағалады.Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады.Алдымен тақтаға жаңа ұғымдар мен сөз тіркестері («бытыраңқылық», «үш жүздің басын қосу», «орталықтанған мемлекет») жазылған жаңа сөздердің мағынасы жазылған карточкалар таратылып, оларды тақтадағы жаңа ұғымдардың атауларымен сәйкестендіру тапсырылады. Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын жұптар арасында бағалады.. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.барлық жұптар 3 ұпайдан алды. 2-тапсырма. Топтық жұмыс.2 тапсырма топтық жұмыс, әр топқа тапсырмалар берілді. Барлық топқа бірдей мәтін таратылады. 1-топ «Уақыт сызығы» әдісін пайдалана отырып, оқиғаларды, тарихи фактілерді хронологиялық ретпен орналастырып, тарихи оқиғалар мен фактілердің бірізділігін түсіндірді . Дескриптор:1 топ: - Абылай тұлғасының қалыптасуындағы оқиғаларды хронологиялық ретпен уақыт сызығында анықтайды.

5 ұпай алды.

2-топ «Графикалық органайзер » әдісі арқылы Абылай ханның ішкі саясаты анықтап жазады.5 ұпай алды. Дескриптор: 2 топ: - Абылай ханның ішкі саясатындағы ерекше және нәтижелі оқиғаларды анықтайды;


3-топ «Т» кестесі бойыншы оқушылар Абылай ханның ішкі-сыртқы саясаттары туралы өз қорытындыларын жазады. 4 ұпай алды. Дескриптор: 3 топ: - Абылай ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатын анықтайды. Сабақты бекіту

Жеке жұмыс. «Құм терапиясы» әдісі арқылы құмда жасырылған сұрақтарға жауап береді.Барлық оқушылар құм сандықта жатқан сұрақтарға жауап беріп сабақты бекітті. Кері байланыс. «SMS» әдісі. «3Б SMS» әдісі. Ұялы телефон хат арқылы оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Үй тапсырмасы оқушыларға проблемалық сұрақ

Абылайды өлтіру алдында Қалдан серен қандай үш шарт қойып атады? сұрағы берілді. Сабақ соңында оқушылар қол сағаты арлықы 9-10 ұпаймен бағаланды.

2022 жылы қазанның 27 күні тарих пәні мұғалімі Базарбаева Салтанат "7.1 XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы " бөлімі бойынша "Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты. Зерттеу сұрағы:Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай? "" тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақтын мақсаты:

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын талдау. "Бірлік" стратегиясы арқылы психологиялық ахуал қалыптастырды.

Тақырыпқа шығу арқыл оқушыларға Қазақ хандығымен көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай империясының символы және Абылайдың суреті көрсетіліп, оқушыларға төмендегідей сұрақ қойылады:


- Суретті көріп, Сізге қанадй ой келді?

Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталып оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылды. үй тапсырмасы WorldWall программасы арқылы берілген сұрақтарға жауап беріп үй тапсырмасын сұрады.Барлық оқушылар үй тапсырмасы жауап берді.Үй тапсырмасы 2 ұпай берілді. Жаңа сабақты "Маңыздылық сатысы " әдісі арқылы берілген видеоматериалды қолдана отырып Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатынның негізгі басымдылықтарын анаықтап және маңыздылық деңгейі бойынша орналастыруын ұсынды.Оқушылар ақпараттық видео материалмен жұмыс жасады.Тапсырма Аблай ханның ішкі және сыртқы саясаты мен қорытынды ойларын айтып өтті. Маңыздылық бойыншы ішкі саясатын 4 басымдылығын көрсетеді, маңыздылық бойыншы сыртқы саясатын 4 басымдылығын көрсетеді, Аблай ханның ішкі және сыртқы саясатын қорытынды жасайды- деп дескрипторын ұсынды. 5 ұпай берілді.Келесі 2 тапсырма Мозайка әдісі арқылы сабақты қорытындылады. Тапсырмада Абылай ханның суреті жасырылған 4 сұрақ берілді. 1. Абылай қандай тұлғ2. Абылайдың ішкі, сыртқы саясаты. 3. 1771жылы.4. Өнер.3ұпай берілді. Кері байланыс ретінде блум ағашы тақтада ілінді. Оқушылар берілген стикерге сабақта алған білімдерін бекітіп ағаштың ең жоғарғы жағына ілді.Үй тапсырмасына Интервью-Аблай ханмен сұхбатхат жазу (7-8 сөйлем) берді.