Файл: Сценарий 1 жргізуші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сценарий

1- жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын,ұлағатты ұстаздар, бүгін баршаңызды келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңізбен шын  жүректен құттықтаймын.

Жаңа  жыл! Жаңа  күн! Жаңа  өмір  бұл  күн  тіршіліктің барлық  иелеріне  жаңа  үміт,қуаныш,ерекше  махаббат  сыйлайды. Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын. Мерекелік  кештің  қуанышқа  толы  көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын. Жаңа  жыл құтты болсын! «жақсы сөз, жарым ырыс» - деп дана қазақ айтқандай жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді мектебіміздің басшысына   береміз.

2 жүргізуші Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!


1 – жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

2 - жүргізуші:


Жаңа күнде ән қылып,

                          Тек жүреміз сән құрып.

                          Көңілдердей қартаймай,

                          Шырша тұрар мәңгілік!

- Білесіңдер ме, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен

1- жүргізуші:

Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

2-жүргізуші:  Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

                         Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

                         Бір бірімізге шынайы тілек тілеп,

                         Бар әлемге бақытпен жар салайық- деп ендігі құттықтау сөз кезегін


1-жүргізуші: Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.


2-жүргізуші:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр мұлқау танымас тірі жанды

Үсті басы ақ қырау түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды- деп, Абай атамыз жырға қосқандай, сіздерді күттірмей ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.


Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата!


2 – жүргізуші: 
Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармызІ Ендеше Аяз атамызды шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!

(Аяз ата мен Ақшақар келеді )


Аяз ата:

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар және көмекшілеріммен сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.


Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз!. Біз көптеген жерлерде болдық. Мына жерде керемет той-думан болып жатыр екен . Ендеше осы той -думанды көрейік

1-жүргізуші:

Ойын: «»


1- жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Қоян жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.- дей отырып сөз кезегін

2- жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Күліп жүрейік мәңгілік!


ойын

1-жүргізуші:

Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.

Құт болып, береке бер халқымызға.

Мерейін , мәртебесін биікке асыр. –деп

 

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2023жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймыз

Жаңа жыл — қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер жылда отбасыңызға құт-береке, қызметеріңізге өрлеу тілейміз. Денсаулығыңыз күйлі-қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл-күйіңіз тамаша болсын. Алдағы жыл Сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.
Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген баршаларыңызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілейміз.

Ендігі сөз кезегін____________
2- жүргізуші:

Ойын: «Шар жару» ойыны


Ойын шарты: Билеп жүріп, аяқтарына шар іліп алып бір – бірінің шарын жару керек

1 жүргізуші Жаңа жылда,
Жаңа жылдың әр күні,
Жақсы хабарларға,
Жағымды жаңалықтарға,
Күтпеген қызықтарға,
Қуаныш сыйлайтын құттықтауларға толы болсын!!!


Ойын: Әр ұлттың биін салу



Ойын шарты:

Әр ұлттың әндерін қояды. Жарысқа шығушылар қандай өлең қойылса соған билейді.


2- жүргізуші Жаңа жыл келді, жаңарып күндер, апталар,

Құттықтауменен жетіп те жатты хат-хабар.

Сарғайған сана, көмескі кеуде қайткенде,

Алғашқы жауған ақ қардай болып ақталар.

Келетін жылғы гүлденген күндер қайтадан,

Жұпарсыз гүлдеп, санамды қайта шайқаған.

Ақ боран соғып арымды шайса алтынға;

Жаңарған сені жаңа жылым деп айта алам.-деп құттықтау сөз

1 – жүргізуші Жылыстаған жылдармен жылжып есен-сау жүре берейік! Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа Жыл құтты болсын. Бауырымыз бүтін болсын, жақындарымыз аман жүрсін! 2023 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Аялы арманымыз орындалып, жүректер жылудан айрылмасын! 


2 – жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын Лайым Жаңа жыл барлығыңызға тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін!

Ортамыз ойсырамай, Алла тағала жылдан жылға аман — есен жеткізе берсін!  Бәріңізге мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңіздер демекпін! қош сау болыңыздар!