Файл: Слеметсідер ме балалар! Кнеки бріміз шебер болып тра алайышы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.10.2024
Просмотров: 3
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Кәнеки бәріміз шеңбер болып тұра қалайықшы
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз
Құлпыра берші кеңдала
Гүліңді күнде терейін
Жапырағыңмен жасыршы
Құшағыңа енейін
Қызғалдақтар қырда тұнып
Жайқалады ырғатылып
Анамыздай мейірлі күн
Аймалайды шыңда тұрып
Табиғат біздің анамыз бізге жылы шуағын әсем гүлдерін сыйлайды екен
Балалар мен сендерді аквапоника жүйесімен таныстырған болатынмын. Аквапоника дегеніміз не?
1 бала
Аквапоника балықтың көмегімен өсімдіктерді арнайы жүйеде топырақсыз өсіру әдісі
Иә балалар адамдар егін егу үшін қаншама күш жұмсайды. Жер жыртады,тұқым себеді,суарады, арам шөбін жұлады.Ал бұл жерде топырақтың да қажеті жоқ екен.Ал енді аквапоника жүйесі жөнінде айтып бересіңдер ме?
2 бала
Мынау біздің Аквапоника деп аталатын жүйеміз. Алдымен балықтарды тамақтандырып отырамыз.Балықтар өзінен азот, калий, фосфор, көмір қышқыл газын шығарады.Ал өсімдіктерге олар өте қажет.Су айналып келіп қалдықтарды өсімдіктерге алып келеді.Өсімдіктер қалдықтарды өз бойына сіңіріп суды тазартады. Таза су балықтарға жіберіледі.
Қандай керемет! Біз аквариумды қалдықтардан жиі тазалап отыратынбыз. Енді міне ол жұмысты өсімдіктер атқарып жатыр.Бәрі де риза балықтар да өсімдіктер де адамдар да.
Балалар біздің таста ештеңе өспейді деген түсінігіміз бар.Мына көкөністер таста қалай өсіп тұр? Қандай тастарға отырғызу керек?
3 бала
Керамзит,гравий,щебель деген тастарға отырғызуға болады.
Тастың қызметі тік тұрғызып тұрса болды. Негізгі қорек балықтан келеді.Балықтан келген су ағып өсімдіктерге келеді.
Бізге түсінікті болу үшін бір көкөністі отырғызып көрсетесіңдер ме?
4 бала
Біз қазір қияр отырғызамыз. Бірінші тастарды ашамыз да көшетті аялап тастардың ішіне орналастырамыз. Айналасын тастармен тіреп тұрғызып қоямыз. Міне дайын болды.
Өте керемет Аян сен нағыз агроном болатын жігіт екенсің. Көшетпен жақсы жұмыс жасадың. Балалар мына жерде бізге пайдалы көкөністерді көріп тұрмын кәді,қызанақ, қырыққабат,қияр, сәбіз. Ал енді бұл көкөністер бізге өте пайдалы. Бұларға ешқандай химиялық қоспалар қосылмайды. Бәрі табиғи түрде өседі. Енді осы аквапониканың арқасында сапалы өнім көкөністер көбейеді, адамдардың денсаулығы жақсарады. Ал енді осы көкөністер туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
5 бала
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз –
Сәбіздерміз жазықсыз.
6 бала
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға – нәр.
Зияным жоқ, біліп қой –
Қызылшамын, пайдам бар.
7 бала
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
8 бала
Көктеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым – қияр, теріп ал,
Жиі - жиі суғарып.
9 бала
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат - қабат киініп,
Қырыққабат атандым.
Ал енді осы Аквапониканың пайдасы туралы не білесіңдер?
1. Табиғи таза өте пайдалы өнім береді, арнайы тыңайтқыштар қосылмайды
2.90% суды үнемдейміз
3.Өнім топыраққа қарағанда 10 есе тез өседі
4.Арам шөптер өспейді
5.Көкөністерді суарудың қажеті жоқ
6.Жүзіп жүрген балықтар өсімдіктер өте әдемі, көзді қуантады
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Кездескенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық