ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері
Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақщалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлары, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Банктік несие банктік қарауына уақытша айналысатын бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.
Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады.
-
Мемлекеттік қаржылық іс әрекет және қаржылық бақылаумен айналысытын көптеген органдар бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті және атқару органдары – Мәжіліс пен Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Санақ палатасы, қазыналық, салық комитеттері, салық плициясы, басқа да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрлі инспекциялар жатады.
Мемлекеттің қаржылық іс - әрекетінің барысында материалды және ұйымдастырушылық сияқты екі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады.
-
Материалды қаржылық қатынастар мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру және бөлу үрдісін, ақшалай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді. Бұл қатынастар нақты ақшаның төлеушілерден мемлекеттік қорға не болмаса, керсінше, мемлекеттік қордан оны алушыларға қарай бағытталуымен байланысты. Мысал ретінде мемлекеттік бюджетке түсетін салық, салық төлеушіден мемлекеттік бюджетке барса, керсінше мемлекеттік бюджеттен бөлінетін зейнеткерлерге төленетін зейнетақы, жетім балалараға төленетін көмек ақылар бюджеттен азаматттардың әлеуметтік мұқтаждықтарына бағытталады. -
Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша, қаржы жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды, мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында қалыптасады. -
Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады: 1) бақылау субъектісі; 2) бақылау объектісі; 3)бақылау заты; 4) бақылаудың мақсаты; 5) бақылауды іске асырудың әдістері.
Қаржылық бақылауды субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазмды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мемлекеттік органдар; 2) мемлекеттік заңды тұлғалар; 3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 4) азаматтар жатады.
Қаржы құқығының қайнар көздеріне Қазақтан Республикасының Конституциясы, сонымен қатар, төмендегі нормативтік құқықтық актілер жатады: Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. «ҚР – дағы Банктер және Банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңы; «ҚР–дағы Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңы.
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
2.Бюджет заңдары, бюджет жүйесі
Бюджет заңдары – бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдалануының негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген. Сонымен қатар 2004 жылы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінен» және өзге де нормативтік – құқықтық актілерден тұрады.
Бюджет жүйесі дегеніміз - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай–ақ бюджеттік процесстермен қатынастардың жиынтығы.
- Республикалық бюджет;
- Обылыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
- Аудан(обылыстық маңызы бар қала) бюджеті.
Салықтық құқық – заңды және жеке тұлғалардан біржақты, өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқада міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланыстарды қатынастарды реттейді.
Салық құқығының қайнар көзі – Салық кодексі (жыл сайын қабылданады).
ҚР Конституциясы (35 бап): «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдердітөлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады».
Мемлекеттік кірістің негізі: салық, алымдар, төлемақылар, мемлекеттік баж, кеден төлемдері.
Салықтар дегеніміз – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғарғы өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды және жеке тұлғалардан міндетті, қайтарылмайтын бюджетке алынатын ақшалай төлемдер.
Алымдар, төлемақылар мен баждар – заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдер.
Алымдар - заңды және жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды, радиоэлектрондық құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді, теңіз-өзен, әуе кемелерін дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін; автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру; аукцион үшін; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін; БАҚ радиожелілік спектрді пайдалануға рұқсат бергені үшін төленетін ақы.
Төлемақылар – жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожелілік спектрді, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны, көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін ақы.
Салық үш функция атқарады:
-
Фискалдық – салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы мерзімде түсіп отыруын қамтамасыз етеді. -
Қайта бөлу - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі. -
Салықтық реттеу – салық мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту, жеңілдіктер енгізу арқылы ынталандыру.
Салық құқығының объектілері – мүлік, табыс, жер, қызметтер.
Салық құқығының субъектілері – жеке және заңды тұлғалар.
Салықтардың түрлері
Корпоративтік табыс салығы;
Жеке табыс салығы;
Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
Әлеуметтік салық;
Жер салығы;
Көлік құралдарына салынатын салық;
Мүліктерге салынатын салық;
ҚҚС;
Акциздер.
-
Копорациялық табыс салығы – резидент заңды тұлғалардан (ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерден басқалары) және ҚР тұрақты қызмет атқаратын ҚР көздерден табыс алатын заңды тұлғалардан алынатын салық. -
Жылдық жиынтық табыс салығы – тауар сатудан, жұмыстар мен қызмет көрсетуден, мүлікті жалға беруден, дивиденд, сыйақылардан түскен табыстардан алынатын салық. -
Жеке табыс салығы – субъектісі тек жеке тұлға болып табылады, объектісі – жеке тұлғаның табысы.
Жеке тұлғалардың төмендегідей табыстарына салық салынбайды:
-
Бюджет есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақыларға; -
Алименттерге; -
Лоторея бойынша ұтыстарға (5 а.е.к. дейін); -
Әскери қызметкерлердің алатын төлемдеріне; -
Шәкіртақыларға.
Ставкалар. Салық төлеушілердің салық салынатын табысынан 30 %, негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеуші 10%, резидент еместерден 15 % салық ұсталады.
Қосылған құн салығы – тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналым процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударымы, сондай-ақ ҚР аумағына тауар импорттау кезінде жасалатын аударым.
Акциздер – дүние жүзіне кеңінен тараған салықтардың бір түрі болып табылады. Акциздер көбінесе халық тұтынатын біріншікезектегі тауарлардың бағасына немесе көрсетілетін қызметтердің тарифіне енгізіледі.
Акциздер – тауар бағасына, орындалатын жұмыстармен көрсетілетін тарифіне енгізілетін, нақты ставкаларын ҚР –ның Үкіметі белгілеп бекітетін, міндетті төлемдер.
Акцизделген тауарлар:
-
Спирттің барлық түрлері; -
Алкоголь өнімі; -
Темекі бұйымдары; -
Бекіре және қызыл балық уылдырығы; -
Алтын, күміс және платинадан жасалған зергерлік бұйымдар; -
Бензин, дизель; -
Жеңіл автомобильдер; -
Атыс, газ қарулары; -
Шикі мұнай.
Акцизделген қызмет:
-
Ойын бизнесі; -
Лотореяны ұйымдастыру мен өткізу; -
Кейбір елдерде абоненттік қызметке, кинотеатрлар қызметі; әуе, поезд билеттерінің құнында да болады.
Жер салығы –жеке меншік, тұрақты жер пайдалану және бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер боллып табылады.
Салық түрлері | субъектісі | объектісі | ставкасы | Төлеу мерзімі |
Көлік құралдарына салынатын салық | Көлік құралдары бар жеке және заңды тұлғалар | Мемлекеттік тіркеуге жататын көлік құралдарының барлық түрі | Двигатель қуаты, көлеміне қарай а.е.к. | Салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін |
Мүлік салығы | Меншік иесі - жеке және заңды тұлғалар | Негізгі өндірістік және өндірістік емес құралдар, тұрғын үйлер т.б. | заңды тұлғалар - 1%; жеке тұлғалар 0,1% | Салық кезеңінің 1 тамызына дейін |
Әлеуметтік салық | заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар | Еңбек ақы қорынан төлейтін төлемдер | 21%; жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар 3%; Қызметкерлер 2% | Есепті айдың 15 дейін |
Жер салығы | Меншік иесі - жеке және заңды тұлғалар | жер | әртүрлі | 1 қазанға дейін |