Файл: Кктемгі демалыс кезеінделем дебиетін бірге оимыз ісшараларын 14 сынып арасында ткізу дістемесі рметті ріптестер!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Көктемгі демалыс кезеңінде«Әлем әдебиетін бірге оқимыз»

іс-шараларын 1-4 сынып арасында өткізу әдістемесі
Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы (бұдан әрі – ҚР ОАМ РҒПК) мектеп оқушыларының көктемгі демалыс кезінде Сіздің өңірдің мектептерінде «Әлем әдебиетін бірге оқимыз» тақырыбындағы түрлі іс-шараларды өткізудіұсынады.

Іс-шараларды тиімді және сапалы ұйымдастыру мақсатында ҚР ОАМ РҒПК мектеп демалыстары кезінде мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру бойынша әзірленген ұсынымдарды пайдалануға жолдайды.

ҚР ОАМ РҒПК 2023 жылдың 20 - 31 наурыз аралығында тұрақты түрде өзінің «Facebook», «Instagram», «Tik-tok» парақшаларында – көктемгі демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырудағы мектеп кітапханаларының тәжірибесінен бейнероликтер орналастырады.

«Әлем әдебиетін бірге оқимыз» іс-шараларының нәтижелері туралы ақпаратты 2023 жылдың 5 сәуіріне дейін rnpb_kz@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Қымбатты балалар!

Сендерге сыныптастарыңмен, достарыңмен, отбасыңмен кітапты бірге оқып, талдап, жаңа білім алып, үнемі ізденіп-үйренуге кеңес береміз! Бізбен бірге кітап қиялдары әлеміне ұмытылмас топсаяхат жасауды ұсынамыз. Сендер көктемгі демалыстар кезінде көптеген қызықты тартымды істермен табысып, олармен достасасыздар және барлық құрбы-достарыңа 2023 жылғы ерекше көктемгі демалыс туралы әңгімелейтін боласыңдар деп сенеміз.

Тапсырмалар:

  1. Ең алдымен қолға алған кітапқа ерекше мән беру керек. Осы ретте мұғалімдер мен ата-аналарға құлаққағыс: Балаға ең алдымен жасына, ойлау қабілетіне сай кітапты ұсыныңыз. Алғашында бірнеше туындыны оқып бергеніңіз жөн. Кейінірек балалар әдебиетіндегі қысқа шығармаларды оқытыңыз.Мәселен, Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзадасы», Ханс Кристиан Андерсонның «Жабайы аққулары», Ағайынды Гримдердің «Ертегілер жинағы», Редъярд Киплингтің «Маугли», Лев Толстойдың «Көктем келді» кітабы.

  2. Өзіңізді оқыған кітаптың кейіпкеріне айналдырыңыз!

Әлем әдебиетінде оқуға тұрарлық мыңдаған әдеби туынды бар.

Өзіңе ұнаған кейіпкердің суретін салып көр.

КІТАП ОҚУҒА ҚАЖЕТ ТЕХНИКАЛАР

1. Кішкентай кітап алып оны толық оқып бітіруге тырыс! Солай ақырындап қызығушылығың арта бастайды.


2. Күнделікті кітап оқуға 10-15 минут уақытыңды бөл.

3. Оқыған кітаптан жақсы көңіл-күй қуат алып, өз демалысыңның керемет өтуіне ықпал ет!

4. Оқу, жасау, сурет салу, оқылғандар туралы сюжеттер, әңгімелер ойлап табуың қажет!

5. Кітап оқыған кезде маңызды және керекті ақпараты бар жерлерін түртіп алғаның абзал.
БІЗДІҢ ҰРАНЫМЫЗ:ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІН БІРГЕ ОҚИМЫЗ!

1. Сендерге оқу үшін бірнеше кітап ұсынылды, оның екеуін өзің таңдайсың.

2. Сендер бұл кітаптарды 2023 жылдың 20 - 31 наурыз аралығында оқып шығасыңдар.

3. Оқып шықтың ба? Өте жақсы! Оқығаныңды сыныптастарыңмен немесе достарыңмен бөліс. Бұл үшінсыныппен бірге арнайы пост жасау қажет: «tiktok», кітаппен бірге фотосуреттер үшін –«instagram», «book trailer».

4. Кітапты демалыста оқып,естелікке фотосуретке түс! Онысыныптың тобына және әлеуметтік желінің сторисіне салу қажет:

- кітаптың авторы, атауы;

- не ұнады, қай кейіпкерлерді ұнатасың, ал қайсысын ұнатпайсың, өзіңе жағымсыз әсер туғызған кейіпкер;

-салған суреттерді қосуға болады;

- кітап оқуға қанша уақытың кетті (оқуды бастаған және аяқтаған күнің). Әлеуметтік желіде #Кітап ғажайыптары әлеміндегі көктемгі оқиғалар ортақ хэштегін іске қосамыз.
КІТАП ОҚУДАҒЫ ЕСКЕРЕТУЛЕР:
Үйіңді жинақы, ал оқуды ұнамдырақ ететін 5 пайдалы әрі ұнамды тапсырманы ата-анаңмен бірге орында! (айналаны жинау, ата-анаға қолғабыс беру, үнемі күліп жүру, ардагерлерге көмек т.б.)

1. Үйде оқуды жайлы әрі ұнамды ет! Кітаптарды ықыласпен оқуға қызықтыру үшін үйіңіздің тыныш,эстетикалық талғаммен сәнделген жеріне кішкентай ғана кітап сөресін орналастыру.

2. Демалыста кітап оқы және естелікке фотосуретке түс! Әріоны сыныптың чатына сал.

3. Егер сен ата-анаңмен бірге демалысқа кетсең, өзіңмен бірге жолға қызықты кітап алуды ұмытпа. Бізге өзіңнің "саяхатшы" кітабыңды көрсет.Көктем және кітап тақырыбындағы кез келген шығармашылық тәсіл жарайды!

4. Ұнаған кітап кейіпкерінің суретін сал.

Кітап қайырымдылығы – кітап сыйла, кітапты ауыстырып оқы! Алдыңғы тармақтың жалғасы ретінде–басыартық кітаптарды қажетті болатын қалалық кітапханаға немесе басқа мекемеге (қарттар үйі, балалар үйі, балабақша) апарып беріңіз. Оқыған кітабыңды достарыңа немесе жақындарыңа сыйла! Бұл да сүйсінерлік іс, әрі саған жақсы көңіл-күй сыйлайды!

5. Кітапқа арналған жаңа бетбелгі (закладка)өз қолыңмен жаса!
Сендерге тамаша қызықты демалыс тілейміз

!!!