Файл: Таырыбы Ионды байланыс 8 сынып Химия пні малімі Оу масаты Баалау критерийлері.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Иондық байланыс»

8 сынып

Химия пәні мұғалімі:

Оқу мақсаты

Бағалау критерийлері
  • иондық байланыс қандай элемент атомдары арасында түзілетінін біледі
  • иондық байланыстың түзілу механизмін түсінеді

8.1.4.2 -иондық байланыстың түзілумеханизмін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау

ф

Иондық байланыс

Сіздер білесіздер:
  • Коваленттік байланыс дегеніміздің не екенін
  • Коваленттік байланыстың түзілу механизмін
  • Коваленттік байланыстың қалай жіктелетінін
  • Сіздер үйренесіздер:
  • Иондық байланыстың не екенін
  • Иондық байланыстың түзілу механизмін

Химиялық байланыс

HYG

1. Атомдар электрондарды қосып алады немесе электрондарын береді. Зарядталған бөлшектер иондарға айналады

2. Атомдар өздерінің сыртқы электрондық қабатын ортақ электрон жұбын түзу арқылы аяқтай алады. Сондықтан, химиялық байланысты коваленттік, иондық, металдық, сутектік деп жіктейді.

Химиялық байланыс молекуладағы атомдарды бір-біріне байланыстырып ұстап тұратын күш. Атомдардың өзара байланысуы сыртқы электрон деңгейінің қатысуымен жүзеге асады

Коваленттік байланыс

HYG

Коваленттік байланыс атомдардың

сыртқы электрон қабатындағы жұптаспаған

электрондардың ортақ жұбы арқылы

түзілетін байланыс

Коваленттік байланыс бейметалдардың екі атомының арасында түзіледі. Байланысты түзуге атомның сыртқы электрон қабатындағы тек жұптаспаған электрон қатысады. Электрон бұлттары өзара бүркесіп, әр атомға ортақ электрон жұбы түзіледі.

Коваленттік байланыс

HYG

полюссіз

полюсті

Электртерістіліктері бірдей химиялық элемент атомдарының әрекеттесуі нәтижесінде түзілген байланыс

Электртерістіліктерінің мәнінде айырмашылық аз болатын атомдар арасында түзілетін байланыс

H2, CL2, N2, O2, F2

HCL, HBr, H2S

ф

Қайталау тапсырмалары

1. Коваленттік байланыс қандай элементтер арасында түзіледі?

А) металдар Б)бейметалдар С)Металл мен бейметалл Д)Иондар

2. Оттегі қай элементпен қосылыс түзгенде электронын береді?

А) Хлормен Б)броммен С)йодпен Д)фтормен

3. Азот қай элементпен қосылыс түзгенде электрон қосып алады?


А) Ca Б) N2 С) F2 Д) O2

4. Магний қай элементпен қосылыс түзгенде электрон береді?

А)Cs Б)Na С)K Д)C

5.Бірдей бейметалдар арасында қандай байланыс болады?

А)иондық Б)металдық С)сутектік Д) полюссіз ковалентті

6.Әртүрлі бейметалдар арасында қандай байланыс болады?

А)ковалентті полюсті Б)иондық С)металдық Д)полюссіз ковалентті

ф

Жауабымызды тексереміз

1. Коваленттік байланыс қандай элементтер арасында түзіледі?

А) металдар Б) бейметалдар С)Металл мен бейметалл Д)Иондар

2. Оттегі қай элементпен қосылыс түзгенде электронын береді?

А) Хлормен Б)броммен С)йодпен Д) фтормен

3. Азот қай элементпен қосылыс түзгенде электрон қосып алады?

А) Ca Б) N2 С) F2 Д) O2

4. Магний қай элементпен қосылыс түзгенде электрон береді?

А)Cs Б)Na С)K Д) C

5.Бірдей бейметалдар арасында болатын байланыс?

А)иондық Б)металдық С)сутектік Д) полюссіз ковалентті

6.Әртүрлі бейметалдар арасында болатын байланыс?

А) полюсті ковалентті Б)иондық С)металдық Д)полюссіз ковалентті

Иондық байланыс

HYG

Атомдардың электрон беруі немесе толық қосып алу нәтижесінде түзелетін зарядталған бөлшектер иондар деп аталады. Оң (+) зарядты иондар – катиондар, ал теріс (-) зарядты иондар аниондар деп аталады.

Иондық байланыс металдар мен бейметалдар арасында түзіледі. Иондық байланыс түзуге қатысатын химиялық элемент атомдары да өздерінің сыртқы электрон қабатын аяқтауға тырысады.

Иондар арқылы жүзеге асатын байланыc иондық байланыс деп аталады.

Электрон қабатының аяқталуы электрондардың бір атомнан екінші атомға ауысуы нәтижесінде іске асады. Валенттілік электрондарын беретін атомдар оң зарядты иондарға, ал қосып алатын атомдар теріс зарядты иондарға айналады.

ф

Иондық байланыс

Иондық байланыс электртерістігі жөнінен үлкен айырмашылығы бар элемент атомдары арасында, яғни, металл атомдары мен бейметалл атомдары арасында түзіледі. Металл атомы электронын беріп, оң зарядты ионға айналады, бейметалл атомы электронды қосып алып, теріс зарядты ионға айналады. Қарама қарсы зарядты иондардың бір-біріне тартылуынан иондық байланыс түзіледі.

Оң зарядталған иондарды катиондар деп атаймыз,

ал теріс зарядталған иондарды аниондар деп атаймыз


ф

Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=nMpOHEvD1E8&t=38s

ф

Химиялық диктант
  • Атомдардың электрондарды беруі немесе қосып алуы нәтижесінде түзілетін зарядталған бөлшектер ...........

  • деп аталады.

    2. Оң зарядталған иондар ........, ал теріс зарядталған иондар .......... деп аталады

    3. Иондар арқылы түзілетін байланыс ..........................

    деп аталады

    4. Иондық байланыс ........ атомдары мен .............. атомдары арасында түзіледі

    5. Мысалы мына заттардың молекуласында иондық байланыс бар:

ф

Жауабымызды тексереміз
  • Атомдардың электрондарды беруі немесе қосып алуы нәтижесінде түзілетін зарядталған бөлшектер иондар деп аталады.

  • 2. Оң зарядталған иондар катиондар, ал теріс зарядталған иондар аниондар деп аталады

    3. Иондар арқылы түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады

    4. Иондық байланыс металл атомдары мен бейметалл атомдары арасында түзіледі

    5. Мысалы мына заттардың молекуласында иондық байланыс бар: NaCI, MgS, CuF2

ф

Жаңа ұғымды пысықтау

Оқулықтағы 132-беттегі №4-жаттығуды орындаймыз. №4-жаттығуда 10 зат берілген, бастапқы 2 заттағы химиялық байланысты сынып болып, барлығымыз бірге анықтаймыз, қалған 8 затты әр оқушы жеке анықтайды.

NaF-молекуласында иондық байланыс бар. Өйткені, молекула металл атомы мен бейметалл атомынан құралған

K2O – молекуласында иондық байланыс бар. Өйткені, молекула металл атомы мен бейметалл атомынан құралған.

Енді дәл осылай қалған 8 заттағы байланысты анықтаңыздар.

Сосын әр оқушы өз қалауларыңызбен жауапты оқисыздар. Сіздерге 2 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауаптарыңыз 1 ұпайға есептеледі.

ф

Жауабымызды тексереміз

PH3 молекуласында полюсті коваленттік байланыс бар. Өйткені, молекула әртүрлі бейметалл атомдарынан құралған.

F2 молекуласында полюссіз коваленттік байланыс бар. Өйткені, молекула бірдей бейметалл атомдарынан құралған.

N2 молекуласында полюссіз коваленттік байланыс бар. Өйткені, молекула бірдей бейметалл атомдарынан құралған.

K2S молекуласында иондық байланыс бар. Өйткені, молекула металл атомы мен бейметалл атомынан құралған.

H2S молекуласында полюсті коваленттік байланыс бар. Өйткені, молекула әртүрлі бейметалл атомдарынан құралған.

HBr молекуласында полюсті коваленттік байланыс бар. Өйткені, молекула әртүрлі бейметалл атомдарынан құралған.


CaCI2 молекуласында иондық байланыс бар. Өйткені, молекула металл атомы мен бейметалл атомынан құралған.

SO2 молекуласында полюсті коваленттік байланыс бар. Өйткені, молекула әртүрлі бейметалл атомдарынан құралған.

ф

Жаттығу жасау

Оқулықтағы 132-беттегі №5-жаттығуды орындаймыз. №5-жаттығуда жай заттардан келесі қосылыстар түзілгенде электрондардың ауысуы қалай жүзеге асады? Сызбанұсқамен көрсетіңдер. Әр дұрыс жауап 1 ұпай

Na2S MgO AICI3

ф

Жауабымызды тексереміз

Жай заттардан келесі қосылыстар түзілгенде электрондардың ауысуы былай жүзеге асады

Na S, Mg O, AI CI3

Өзімізді бағалаймыз

1.Ауызша жауап: 7 ұпай

2. Жаттығу жасау: 3 ұпай

Барлығы: 10 ұпай

Оқу тапсырмасы:

Оқулықтағы §37 Иондық байланыс