ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 20
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Талдау- басқару әрекетінің құрамдас бір бөлімі. Жан-жақты терең талдау мектептің дамуын жүзеге асырады, ұжымның іс-әрекетінің тиімділігін көтереді. Талдау барысында оның тәсілдері мен этикаға-баса назар аудару.
Білім мекемесін басқару-жалпы оқу үрдісінің көзге көрінбейтін ішкі механизмі болып табылады. Бұл механизмнің мәнін тек терең жасалған педагогикалық талдаудың нәтижесінде ғана ашуға болады. Оқу жылының қорытындысына педагогикалық талдау жасау ісі кеткен кемшіліктердің себебін анықтау, алдағы оқу жылына міндеттер белгілеу болып табылады. Бұл мұғалім үшін мектептегі педагогикалық үрдіс туралы толық түсінік қалыптастырады.
Талдауға қойылатын жалпы талаптар:
-
Нақтылық; -
Баяндалғандардың қисындылығы; -
Бағалаудың объективтілігі; -
Қорытындының дәлелдігі; -
Себеп-салдары; -
Көрнекілігі: кестелер, диаграммалар.
Кез келген талдау әрекеті үш кезеңнен тұрады:
1-кезең- талдауда нақты мақсат қою, күтілетін нәтижені анықтау.
2-кезең-талдау көрсеткіштерін белгілеу.
3-кезең – талдау үдерісін ұйымдастыру.
Ақпарат көздері:
-
Оқу бөлімінің жылдық жұмысының талдауы -
Тәрбие бөлімінің жылдық жұмысының талдауы -
Ғылыми-әдістемелік қызметінің жылдық жұмысының талдауы -
Психологиялық қызметінің жылдық жұмысының талдауы -
Педагог-дефектологтың жылдық жұмысының талдауы -
Педагог-логопедтің жылдық жұмысының талдауы -
Әлеуметтік педагогтвң жылдық жұмысының талдауы
-
Оқу бөлімінің жылдық жұмысының талдауы
Осы оқу жылының басында мектепте 36 класс комплект, 544 бала мен бастадық. Оның ішінде: 1-4 сыныптар- 15 класс комплект, бала саны 275 оқушы, 5-9 сыныптар – 16 класс комплект, бала саны 277 оқушы, 10-11 сыныптарда – 5 класс комплект, бала саны – 38 оқушы құрады. Мектепалды даярлық сыныптары – 3. Барлық оқушылар саны-629.
Оқу жылының соңында 1597 бала мен аяқтап отырмыз.
№ | Барлығы | 1-4 сыныптар | 5-9 сыныптар | 10-11 сыныптар |
оқу жылының басы | 590 | 275 | 277 | 38 |
оқу жылының соңы | 597 | 278 | 280 | 39 |
Осы оқу жылында 41 оқушы келіп, 26 оқушы кетті.
Ал енды бала қозғалысы бойынша үш жылдыққа мониторинг жасасақ, төмендегі көрсеткіштерді көрсетіп отыр.
-
Бастауыш сыныптар оқу жылын 100% үлгеріммен, 54.3% білім сапасын көрсетті.
Оқу үздіктері –69
Оқу екпіндісі – 82
-
5-9 сыныптар бойынша 100 % үлгеріммен, білім сапсы 57.9 %
Оқу үздіктері –48
Оқу екпіндісі – 114
-
10-11 сыныптар бойынша 100 % үлгеріммен, 64,1 % білім сапасымен аяқтап отыр.
Оқу үздіктері –5
Оқу екпіндісі – 20
2020-2021 оқу жылында жоспар бойынша құрылған бағдарламалық материалдар толық өтілген. Жазба жұмыстары жоспар бойынша толығымен жүргізілген. Сыныптар бойынша оқу бағдарламасы мемлекеттік стандартқа сәйкестендірілген.
Білім сапасы 64,74 %
2020-2021 оқу жылындағы пәндер бойынша білім сапасы:
Пән | білім сапасы |
Математика/Алгебра | 69.9 |
Геометрия | 69.4 |
Қазақ тілі | 72.1 |
Қазақ әдебиеті | 72.0 |
Орыс тілі | 7.5 |
Қазақстан тарихы | 77.2 |
Дүние жүзі тарихы | 68.4 |
Физика | 62.6 |
Билогия | 71 |
Жаратылыстану | 73.5 |
Химия | 67.9 |
География | 73.5 |
Ағылшы тілі | 74.6 |
Информатика | 78.4 |
Дүниетану | 75 |
2020-2021 оқу жылындағы сыныптар паралельіндегі сапа көрсеткіші:
сыныптар | барлық оқушы саны | "5" | "4" | "2" | білім сапасы % | үлгерімі % |
2-сынып (қаз) | 60 | 24 | 25 | | 81,7 | 100,0 |
2-сынып (орыс) | 12 | 3 | 2 | | 41,7 | 100,0 |
3-сынып (қаз) | 54 | 20 | 20 | | 74,1 | 100,0 |
3-сынып (орыс) | 19 | 5 | 9 | | 73,7 | 100,0 |
4-сынып (қаз) | 61 | 17 | 26 | | 70,5 | 100,0 |
4-сынып (орыс) | 0 | 0 | 0 | | 0,0 | 0,0 |
5-сынып (қаз) | 61 | 13 | 22 | | 57,4 | 100,0 |
5-сынып (орыс) | 11 | 3 | 4 | | 63,6 | 100,0 |
6-сынып (қаз) | 37 | 5 | 16 | | 56,8 | 100,0 |
6-сынып (орыс) | 12 | 2 | 4 | | 50,0 | 100,0 |
7-сынып (қаз) | 49 | 10 | 19 | | 59,2 | 100,0 |
7-сынып (орыс) | 16 | 2 | 10 | | 75,0 | 100,0 |
8-сынып (қаз) | 48 | 7 | 19 | | 54,2 | 100,0 |
8-сынып (орыс) | 0 | 0 | 0 | | 0,0 | 0,0 |
9-сынып (қаз) | 36 | 5 | 15 | | 55,6 | 100,0 |
9-сынып (орыс) | 10 | 1 | 5 | | 60,0 | 100,0 |
10-сынып (қаз) | 10 | 3 | 3 | | 00,0 | 100,0 |
10-сынып (орыс) | 8 | 0 | 4 | | 50,0 | 100,0 |
11-сынып (қаз) | 13 | 2 | 9 | | 84,6 | 100,0 |
11-сынып (орыс) | 8 | 0 | 4 | | 50,0 | 100,0 |
Барлығы | 597 | 122 | 216 | | 64,4 | 100,0 |
2020-2021 оқу жылында үш 11 сынып, оларда 21 түлек бітірді.
Бағдарламаның міндеттері:
-
әдістемелік, психо - педагогикалық технологиялық жағдай жасау арқылы қорытынды аттестаттау бағдарламаның іске асыру шараларын жүйелеу; -
әдістемелік бағдар беру және әзірлемелерді іске асыруда тәжірибе алмасуларды ұйымдастыру; -
мектептің обьективті даму бағытына іс жүзінде салыстыра бағалау жүргізу; -
қорытынды аттестаттаудың нәтижесін бағалай отырып, ұжымдық түрде міндеттер жүктеу; -
бағыт – бағдар берудің мазмұндылығын, білім сапасының жақсаруын, оқу жоспарының іске асуын, сабақ беру әдістерін, мұғалімнің дайындығын қадағалау; -
қорытынды аттестаттау нәтижелі болуына педагогикалық жұмыстың сапасын арттыру; -
түлектердің білім деңгейін жоғарылату; -
өздігінен білім алуға және алған білімдерін тиімді пайдалануға дағдыландыру.
2020-2021 оқу жылын аяқтау және оқушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудегі іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.
Консультация, емтихандардың кестесі құрылып, емтихан бұрыштары дайындалды. Мемлекеттік емтихан тапсыру кезінде мектепішілік кезекшілік құрылды.
Емтихан нәтижелерімен келіспеген білім алушылардың өтініштерін қарастыру үшін аппеляциялықкомиссиясы құрылды. Емтиханнан алған бағаларына келіспеуші оқушылар болған жоқ.
Қорытынды аттестаттау 9-сынып білім алышылардың қорытынды бітіру емтихандары 2021 жылғы 28 мамыр – 5 маусым аралығында өтті. Жалпы мектеп бойынша 9-сынынып оқушылар саны -46, қорытынды аттестатауға 46 оқушы жіберілді. 9-сыныптар бойынша келесі емтихандар алынды:
-
2021 жылы 28 мамырда қазақ/орыс тілі (оқыту тілі бойынша) эссе нысанында жазба емтихан. Емтихан 2 саған көлемінде жүргізілді. Оқушылар толығымен қатысты -
2021 жылы 2 маусымда алгебра пәнінен жазбаша емтихан, емтихан ұзақтығы 3 сағат болды. -
2021 жылы 5 маусымда орыс тілінде оқытылатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан өтті. Емтихан ұзақтығы 2 сағат.
9- сыныпта 46 оқушы қорытынды емтиханға қатысты. Емтихан кезінде оқыс оқиғалар орын алған жоқ.
Қорытынды аттестаттау 11-сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары – 2021 жылғы 01-10 маусым аралығында өтті.
Жалпы 11-сыныпта 21 оқушы білім алуда, 21 оқушы мемлекеттік емтиханға жіберілді.
11-сынып білім алушылары мемлекеттік емтихандар мынадай нысандарда және мерзімдерде тапсырады.
-
ана тілі мен әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан 2021 жылғы 1 маусым; -
алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан – 2021 жылғы 4 маусым -
Қазақстан тарихынан тестілеу – 2021 жылғы 7 маусым күндері өтті -
орыс тілінде оқытатын сыныпта қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын сыныпта орыс тілінен тестілеу – 2021 жылғы 10 маусым.
2020-2021 оқу жылын қорытындылай келе оқу-үлгерім нәтижесі «қанағаттанарлық», 9-сыныпты бітіруші 46 оқушының 5 оқушысының үлгерімі «үздік» аттестатты аяқтады. 11-сыныпты бітіруші 21 оқушының 2 оқушысы жалпы орта білім туралы «Алтын белгі»» аттестатқа аяқтады.
МІБ мақсаттары:
-
білім беру мекемесінің жұмысын жетілдіру ; -
мұғалімдердің шеберлігін ұштастыру, кәсіби дамудың жүйесін жасау; -
оқушылардың пәндерді меңгеруін бақылау жүйесін құру, ал оның негізінде білім сапасын жақсарту мақсатында арнайы іс – шаралардың жүйесін жүзеге асыру.
МІБ міндеттері:
-
білім беру саласында заңдарды жүзеге асыру ісін бақылау. -
педагогиқалық қызметінің нәтижесін зерттеу, оқу үрдісін ұйымдастыруда жағымды және жағымсыз тенденцияларды анықтау және оның негізінде педагогиқалық тәжірибе тарату, келеңсіз тенденцияларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу. -
мектеп бойынша бұйрықтар мен ұйғарымдардың іске асу нәтижелерін сарапаттау.
2020-2021 оқу жылында мектепішілік бақылау оқу-тәрбие жоспары негізінде жүргізілді. Мынандай басқарушылық функциялары:
-
Жалпы оқудың талаптарының орындалуы -
Педагогикалық кадрлар жұмысын бақылау -
Мектеп құжаттарының жүргізілуін бақылау -
Мектептің оқу-материалдық базасы және санитарлық гигиеналық жағдайы -
Тәрбие жұмысын және психологиялық жұмыс бойынша бақылау -
Оқу пәндерінің оқытылу жағдайын бақылау
Осы оқу жылында тексерістің мынандай түрлері жүргізілді.
Тақырыптық тексеріс мұғалімдердің тақырыптық жоспарлары, дәптерлер, бірынғай орфографиялық талаптың сақталуы, мектеп құжаттары /дәптер, күнделік, журнал, факультатив үйірме журнал/ оқу бағдарламасының орындалуы, жетім балалар, жекелей оқытылатын балалар жұмыстарын тексерді.
Қорытындысы директор жанындағы отырыста, пед. кеңесте қаралды. Электронды журнал ай сайын тексерілді.
Күнделік КZ күн сайын тексеріліп, апта сайын мониторг жүргізіліп отырды. Дегенімен де оқу жылының басында көп олқылықтар анықталып отырды.
Фронтальды тексеріс– Оқу жылдың соңында білім сапсын төмен көрсеткен сыныптар: 2б -53%, 5б-50%, 10б-44 % жаңа оқу жылында мектепішілік бақылауға алынсын. Сыныптарының білім сапасын жан-жақты тексеріліп қорытындысы директор жанындағы отырыста қаралсын.
Аралық бақылау – 4, 9 оқушыларының пән бойынша білім білік дағдылары, білім стандартының орындалуы, оқушыларының пән бойынша баға нормативтерінің орындалуы бақыланып, директор жанындағы отырыста қаралды.
Жекелей бақылау – 1 сынып оқушыларының білім сапасын тексеру, гимназиялық сыныптардың білім сапасын тексеру мақсатында гимназиялық сыныптарда пән бойынша директорлық бақылау жұмысы алынып, директор жанындағы кеңесте қаралды. Жас мұғалімдер мен жаңадан келген мұғалімдердің сабақ беру әдіс-тәсілдер тексеріліп, жас мұғалімдерге сабақтың түрлері мен типтері туралы оқу сабағы мен тәлімгерлердің жас мұғалім сабағына қатысуы, сабақтарды дұрыс талдау барысымен таныстырылды.
Сыныптың жалпы тексеріс – 1, 5, 10 сыныптарда жүргізілді. 5 сыныптарда бейімделу кезеңінің өтілу барысы тексерілді.
5 сыныптарда профилактикалық жұмыстар жүргізу, жекелей оқушылардың үрейін жоюда психологиялық - педагогикалық жұмыстар үлкен роль атқарды. Оларды мектеп психологтары Дурходжаева А.Е.,Асадуллаева Т.С. жүргізді.
Ұсыныстар:
-
2021-2022 оқу жылында білім сапасын көтеруді пән мұғалімдері басшылыққа алсын -
Оқушылар қозғалысын қадағалынсын. -
11 сынып оқушыларымен жүргізілетін қорытынды аттестаттауға дайындық сабақтары алдағы оқу жылында тақырып бойынша жоспарлы түрде ұйымдастырылып жеке және деңгейлік тапсырмалар беру арқылы жалғастырылсын. -
Қорытынды аттестаттау шеңберіне кіретін пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылып, оның өткізілуі қатаң бақылансын. -
2021-2022 жаңа оқу жылының қыркүйек айынан бастап байқау сынақтары алынсын және жаңа форматындағы электронды тестпен жұмыс жасау күшейтілсін. -
Қорытынды аттестаттауға оқушылардың психологиялық – педагогикалық даярлық жүйесін қамтамасыз етілсін. -
2021 жылдың 14 маусым күні 11 сынып оқушыларының аттестаттары берілсін.
Мектептің жаңа педагогикалық ұжымның 2019-2020 оқу жылындағы жұмысын қорытындылай келе, атқарылған жұмыстардың сараптамасын ескере отырып, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым төмендегідей ұсыныстар жасайды.
SWOT талдау
Мықты жағы
| Әлсіз жағы
|
Мүмкіндіктер
| Қауіп-қатерлер 1.Сабақ мақсатын оқу мақсатымен байланыстыра отырып дұрыс құру; 2.Сабақ барысында оқушы әрекетін бағалау формаларын қолдану; 3.Оқушы үніне назар аудару. |